Қазыбек би “Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?”

Бөлім: Атадан қалған асыл    сөз

 Күні:

Сынып: 9

Мектеп: №2 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Жарху А.Е.

 Қатыспағандар:              Қатысқандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазыбек би «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж 9.1.3.1 – көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;

А/И 9.2.4.1 – автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Көркем шығарманың мазмұнын түсініп, идеясын анықтайды, автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін анықтайды, шығармашылық жұмыс жазу барысында өзіндік көзқарастарын білдіре алады;

Кейбір оқушылар орындай алады:

Кейіпкерлер жүйесін мысалдармен дәлелдей отырып анықтай алады, шығармашылық жұмыс жазуда автор стиліне сүйенеді, өмірмен байланыстыра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

  • Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтай алады;
  • Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Шешендік сөздер, Қазыбек би, қымбат, жақын, қиын, сыбайлас, ағайын;

Талқылауға арналған сұрақтар:

          Қазыбек би есіміне қатысты не білесіңдер?

          Ол неліктен  Қаздауысты Қазыбек атанған деп ойлайсыңдар?

          Сендер үшін не қымбат?

          Сендерге ең жақын адам кім? Сендер кімнің ең жақын адамымын деп ойлайсыңдар?

Диалог құруға арналған тіркестер: ағайын жақын, Отан қымбат, анаң қымбат, кім жақын, не қымбат, не қиын.

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, бағалау

Бағалау критерийлері

          Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкер жүйесін анықтайды;

          Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазады.

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Пәнаралық байланыс

Тарих

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Әйтеке би «Қасқакөл дауы»

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы  

5-минут

Ширату жаттығуы

 «Бұл жауап болса, онда сұрақ қандай болады?» әдісі

Мұғалім интербелсенді тақтаға «бұл жауап болса, онда сұрақ қандай болады?» әдісі бойынша бірнеше жауаптар айтады, сол бойынша оқушылар сұрақтарын тауып, тақырыпты анықтайды:

          Тату болса, ағайын жақын – Кім жақын?

          Туып-өскен елің қымбат – Не қымбат?

          Іске аспаған сер қиын – Не қиын?

 

Топқа бөлу

Тақырып бойынша жазылған қағаздарды оқушылар алып, топқа бөлінеді:

1-топ: Кім жақын?

2-топ: Не қымбат?

3-топ: Не қиын?

 

 

Описание: https://go3.imgsmail.ru/imgpreview?key=45f572d4f295a86&mb=imgdb_preview_1304

4-күн, 5-үлестірме материал, 64-бет

 

Описание: http://asylsoz.kz/kk/wp-content/uploads/sites/2/2016/04/207-1-1200x675.jpg

Ортасы

 30-минут

 

1-тапсырма «Әдебиет лотосы» кестесі

Оқушыларға «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?» өлеңін оқытамын. Сол бойынша оқушылар топ болып «Әдебиет лотосы» кестесін толтырады.

 

ТЖ. «Әдебиет лотосы»

 

Шығарма

ның атауы

Кейіп кері

Қасиет тері қалай суреттелген

Кейіпкерге берілетін баға

Ой-тұжырым, мақал-мәтел, даналық сөз

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор

          шығармадағы кейіпкерлерді анықтайды;

          кейіпкерлерге баға береді;

          ой-тұжырым жасайды.

 

ҚБ. Ауызша бағалау (кейіпкерлерді бағалауың жақсы; кейіпкерлерді суреттеудегі дәлелдемелерің толықтыруды қажет етеді; ойыңды нақты жеткізуге тырыс; талпынысың жақсы; жауабың өте орынды)

 

 

2-тапсырма «РАФТ» әдісі

 

Роль

Аудитория

Форма

Тақырып

Оқушы

Сынып

Өлең

1-топ Кім жақын?

2-топ Неқымбат?

3-топ Не қиын?

 

Дескриптор:

          автор стиліне сүйенеді;

          шығармашылық жұмыс жазады

 

ҚБ.  Ауызша бағалау  (өте жақсы, өлең жазуда автор стиліне сүйенгенсің, талпынысың жақсы, әлі де толықтыру қажет, ойыңды әлі де нақтылай түс, тақырыпқа сай жазылған)

 

 

 

Описание: https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/0b35/0006ae6c-8ae95749/img15.jpg

Мәтінмен жұмыстың тиімді тәсілдері, Астана-2016ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер қоржынынан     (27 бет)

 

 

Описание: https://go4.imgsmail.ru/imgpreview?key=5b1a9d8b10b4d926&mb=imgdb_preview_444

 

Соңы

5-минут

 

Рефлексия

 «Миыңның суретін сал» әдісі бойынша сабақты қорытындылау

Оқушылар мидың суретін дәптерге салады да, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.

 

Үйге тапсырма:

«Сендерге ең жақын адам кім? Сендер кімнің ең жақын адамымын деп ойлайсыңдар?» эссе жазу

 

 

Описание: https://go3.imgsmail.ru/imgpreview?key=77e84920e914cfdd&mb=imgdb_preview_1420

 

14-күн, 1-сабақ, 3-үлестірме

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау

Пәнаралық байланыс

Сабақта алынған тапсырманы орындау барысында оқушыларға қолдау көрсету үшін саралау жұмыстарын жүргіземін.

   «РАФТ» стратегиясы арқылы берілген тапсырманы орындау барысында: 

v  Қолдауды қажет ететін оқушыларға тапсырманы орындау барысында өз пікірін жүйелі жазуына, жүйелі жеткізуіне, дұрыс ойлануына көмектесемін және қосымша уақыт беремін.

v  Орта деңгейлі оқушыларға тапсырманы орындау барысында терең ойлануына, ойын жүйелі жеткізуге, өзіндік көзқарасын білдіру үшін,  берілген тапсырманы орындауда дұрыс қорытындыға келу үшін қолдау көрсетемін.

v  Қабілетті оқушыларға тапсырманы орындауда мысалдарды пайдалануға және өмірмен байланыстыруға бағыт-бағдар беремін.

 

 

 

 

1-тапсырма бойынша қалыптастырушы бағалау (ауызша):

кейіпкерлерді бағалауың жақсы; кейіпкерлерді суреттеудегі дәлелдемелерің толықтыруды қажет етеді; ойыңды нақты жеткізуге тырыс; талпынысың жақсы; жауабың өте орынды)

 

2-тапсырма бойынша қалыптастырушы бағалау (ауызша):

(өте жақсы, өлең жазуда автор стиліне сүйенгенсің, талпынысың жақсы, әлі де толықтыру қажет, ойыңды әлі де нақтылай түс, тақырыпқа сай жазылған)

Сабақ барысында тарих пәнімен пәнаралық байланыс болды.

Компьютерді пайдалану барысында қауіпсізді шаралары сақталады. Сабақ материалдарын пайдалану мақсатында интербелсенді тақтаны пайдаландым. Білім алушы сабақ барысында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясындағы  тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы  – Қазыбек бидің айтқан дана сөздерінің мағынасын ұғындыру, тәрбиелеу негізінде алдым.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

 

Бүгін оқушылар нені үйренді?

 

 

Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды?

 

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

 

Уақытты қалай пайдаландым?

 

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

 

 

 

Оқушылардың тапсырмаларды жүйелі, әрі дұрыс орындаулары арқылы оқу мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылды.

 

Бүгінгі сабақта оқушылар көркем шығарманың идеясына  сай кейіпкерлер жүйесін анықтауды, автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазуды үйренді.

 

Оқушылар сабақ барысында әдеби шығарма идеясына сай кейіпкерлерге мінездеме берді, белсенділік танытты.

 

 

Тапсырмалар оқу мақсатына сай берілгендіктен, сабақ жоғары деңгейде өтті. Жоспарланған саралау  іске асты.

 

 

 

Сабақ барысында уақытты тиімді пайдаландым.

 

 

Жоспарыма ешқандай өзгеріс енгізбедім. Себебі уақытты тиімді пайдаланғандықтан тапсырмалар өз уақытында орындалды.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1: «Бұл жауап болса, онда жауап қандай болады?» әдісі арқылы берілген тапсырма оқушылардың белсенділігін оятты, оқушылардың жаңа тақырыпты тануға деген қызығушылыңы оянды.

2: «Әдебиет лотосы» әдісі бойынша берілген тапсырманы оқушылар тиянақты орындады, кейіпкерлерге дұрыс баға беріп, ой-тұжырымын  жасай білді.

 

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: «Крест-нөл» әдісі арқылы берілген тапсырмада оқушылар осы шығарманың идеясына кейіпкер бейнесін жүйелі анықтап бере алар еді деп ойлаймын.

 

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: Оқушылардың тапсырмаларды орындау деңгейі әркелкі, сондықтан келесі сабақтарда тапсырма түрлерін оқушы деңгейіне лайықтап, түрлендіре түсу керектігін, қабілетті оқушыларға қосымша тапсырмалар дайындау керектігін білдім.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *