«Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беру»

Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, намысын қаһарман, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.Ендеше,егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің,ұстаздың мақсаты-дені сау,ұлттық сана-сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік,мәдениетті , парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор,іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.

Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын, айналадағы құбылыстарды ,өзінің және өзгенің мәдениетін тану арқылы жетілетіні ақиқат. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі мекеменің басты міндеті- білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде ұлттық азаматтық игіліктерді ,мәдени мұраларды насихаттай отырып, балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың адами-патриотттық міндеттері:

1.Баланың өзінің отбасына, үйіне, балабақшасына, көшесіне, қаласына деген сүйіспеншілік пен бауыр басып кетуін тәрбиелеу;

2.Табиғат пен бүкіл тірі жанға ұқыпты қатынасты қалыптастыру;

3.Еңбекке деген сыйластықты тәрбиелеу;

4.Халық салтына және кәсіптікке қызығушылығын тудыру;

5.Адам құқығы жайлы қарапайым білімдерді қалыптастыру;

6.Қазақстан қалалары жайлы хабарын кеңейту;

7.Балаларды мемлекет рәміздерімен таныстыру (елтаңба, ту, әнұран);

8.Мемлекет жетістіктері үшін жауапкершілік пен абырой сезімдерін дамыту;

9.Өзара сыйлау, басқа ұлттарға олардың салттарына деген сыйластықты қалыптастыру.

Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы болса, бүлдіршіндеріміздің бойында рухани-патриоттық сана-сезімді қалыптастыру бағыты бойынша тәрбие беріп, ел болашағына өз үлесін қосуда. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың ойын еркін жеткізуде , рухани патриоттық тұрғыдан білім алуына тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған.

Халқымызда «баланы жастан» деген дана сөз бар.Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек – бұл еңбегіміздің жанғаны,тәуелсіз ел болашағына қосқан үлкен үлесіміз деп білеміз. Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуі-нің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті

«Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік даму жағдайында мектеп және мектепке дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беру»тұжырымдамасында патриоттық тәрбие беру міндеттері төмендегіше айқындалады:

Қазақстан Республикасының Конститутциясына, мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстанда мекендейтін барлық халықтардың тарихына, дәстүрлеріне, мәдениетіне және ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қарау;

Мемлекеттік тілге, әлемдік тілдерге және ұлтаралық тіл болып есептелетін орыс тіліне, Қазақстанда мекендейтін басқа халықтардың тілдеріне құрметпен қарау;

Жалпы адамзаттық құндылықтар мен өркениеттілікті бағалау, құрметтеу;

Патриоттық құндылықтары қалыптасқан тұлға мына төмендегідей қасиеттерге ие болуы тиіс:

-Жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтарды меңгерген;

-Халықтар арасындағы достықты нығайтуға күш салатын;

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, тарихына, тіліне, дәстүріне, дініне құрметпен қарайтын;

-Жас ұрпаққа өз ауданымыздың тарихымен тереңірек таныстыру;

-Өлкемізде әртүрлі замандарда өмір сүрген тарихи тұлғалармен қайраткерлердің өмірі мен қызметін зерттеп білу;

-Туып өскен жерлеріндегі өлкетану мұражайларына саяхаттар ұйымдастыру;

-Балаларға елін, жерін сүйетін патриоттық сезімдерін аша түсіп, жетілдіру;

Балаларға отансүйгіштік, азаматтық тәрбие беруде, ертеңгіліктер, ұлттық ойындар, патриоттық әндер, және тағы басқа іс – шаралардың маңызы зор. Ендеше жас ұрпаққа ұлттық, патриоттық тәрбие беру басты мақсатымыз екенін ұмытпайық..

Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып қанат жайып келе жатыр. Мемлекеттің болашағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты болса, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай білуіміз де ерекше рөл атқарады. Егемен ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға баулу, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда. Қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін зерттеуге, адамгершілікке баулиды.

Мектепке дейінгі жастан бастап біздің елдің болашақ азаматы,тұлғасының іргетасын қалау қажет.Балаларда Отаншылдық қасиеттерді тәрбиелеу-баланың өнегелік даму міндеттерінің бірі,ол өзіне жақын адамдарға,мектепке дейінгі білім беру ұйымына,туған еліне деген сүйіспеншілікті дарытуды қамтиды.Мектеп жасына дейінгілермен жұмыс жүргізгенде баланы патриоттық әңгімелерге араластырып отыру керек. Отан адамның түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып,өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан да қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбаты,ең қасиеттісі,ең аяулысы-анасына балайды.

Соңғы жылдарда патриоттық тәрбиенің мәніне көзқарас өзгеріп келе жатыр.Патриотизм және азаматтықты тәрбиелеу идеялары мемлекеттік маңызы бар мақсатқа айналып, қоғамдық мәні болып тұр.Отанға туған жерге,табиғатқа,мәдениетке деген сүйіспеншілікке назар аударылады. Сонымен қатар ,өз Отанының символымен таныстырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары –рәміздері бар. Олардың түрі және ресми қолдану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленген.

Қ.Р-ның азаматтары Мемлекеттік туды, елтаңба ,әнұранды біліп , құрметтеуге тиіс.

Көптеген қазіргі кездегі вариативтік бағдарламалар мемлекеттік рәміздермен таныстыру мақсаттарын қамтыған.Балабақша табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршін Қазақстан-ның елтаңбасын, туын танып,әнұран әуенін тану керек.

Балалармен жұмыста елтаңба,ту,суреттер бар бояу кітапшаларын қолданбаған дұрыс, бұл жастағы балалар мемлекеттік рәміздердің түстерін , реңдерін анық бере алмайды. Сонымен қатар , рәміздер бейнеленген суреттері қиып алу дұрыс емес . Бейненің тұтас-тығын бұзу заңды бұзумен бірдей болып келеді.

-ізгілік бастамасымен тәрбиелеу. Өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына, көшесіне сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау.

–Табиғатқа қамқорлықпен қарау.

–Еңбекте еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу.

–Қазақ халқының салт-дәстүріне қызғушылықпен қарау.

–Мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу –әрбір азаматтың міндеті. Жеке тұлғаны тәрбиелеу,бала бойына өз елінің ажырамас бір бөлігі ретінде саналылықты қалыптастыру,адамгершілікті, руханилықты,патриотизмді және ұлттық мәдинетті құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу .

Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеудің педагогикалық негізгі –тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру; патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру; мінез-құлқына патриоттық сипат беру; балабақшадағы оқу-тәрбие ісінің өзегі.

 

Normal
0

false
false
false

RU
X-NONE
X-NONE

/* Style Definitions */
table.MsoNormalTable
{mso-style-name:”Обычная таблица”;
mso-tstyle-rowband-size:0;
mso-tstyle-colband-size:0;
mso-style-noshow:yes;
mso-style-priority:99;
mso-style-parent:””;
mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt;
mso-para-margin-top:0cm;
mso-para-margin-right:0cm;
mso-para-margin-bottom:10.0pt;
mso-para-margin-left:0cm;
line-height:115%;
mso-pagination:widow-orphan;
font-size:11.0pt;
font-family:”Calibri”,”sans-serif”;
mso-ascii-font-family:Calibri;
mso-ascii-theme-font:minor-latin;
mso-hansi-font-family:Calibri;
mso-hansi-theme-font:minor-latin;
mso-bidi-font-family:”Times New Roman”;
mso-bidi-theme-font:minor-bidi;
mso-fareast-language:EN-US;}

ОБЛЫС     Батыс Қазақстан

АУДАН/ҚАЛА         Жаңақала ауданы

АУЫЛ                 Жаңақала ауылы

Балабақша             «Балбөбек» бөбекжайы»МКҚК

ПӘНІҢІЗ                     «Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беру» баяндама

ФИО                        Төлешова Бибінұр Нұрбергенқызы

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *