Ата заңым – елдігімнің еңсесі
Мақсаты: балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, мемлекеттік рәміздер, слайд.
Әнұран
Жүргізуші сұрақтар қояды, балалар жауап береді.
– Арайлаған танды сүйетін кім?
– Алтын сәулені сүйетін кім?
– Жарқын даланы сүйетін кім?
– Туған жерді сүйетін кім?
– Ата-ананы сүйетін кім?
– Достарын сүйетін кім?
– Еліміздің болашағы кімдер?
Жүргізуші: Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30 – тамызда 1995жылы өз Ата Занымыз қабылданды. 30 тамыз – мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды. Елдігімнің – реңі, Тендігімнің – тірегі, Мүддесінен халықтың Ажырамас бір елі. Балаларға конституция кітабының суретін көрсетеді.
Жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар. Мемлекеттің барлық азаматтары-үлкендерде, балалар да-мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс. Өз еліңнің Туын, Елтанбасын және Әнұранның құрметтеу ол өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.
Балалар қане ата заң туралы кім тақпақтар біледі?
Абылай Бастайтын болашаққа бақ кемені, Осы жол халықтың да нақ сенері! «Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға Елбасы қолын қойып Ант береді.
Мерей Әр бабы, әр тармағы жойылмайды, Шектеу де және тегін қойылмайды! Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел. Қазақтың Ата Заңын мойындайды!
Кәусар Қазақстан- егеменді байрақты ел,
Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел.
Ата заңым – елдігімнің еңсесі,
Заңы барда қазақ елі айбатты ел.
Әмина
Шалдықпадым талмадым
Арманды алға жалғадым
Конституция қорғаным
Атасы ол бар заңның
Бағдәулет Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті, Ел үшін кім тындырар қайран істі?! Еліңнің дамуы мен дағдарысы Ол-дағы Ата Заңға байланысты!
Жазира
Өмірден әділдік пен бақ табатын, Құқығым қорғалды деп шаттанатын, Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп «Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!
Іңкәр
Көк байрағы бүгінгі ұрпақ жалауы, Бұл белгіміз – бар халықтың қалауы. Жер жүзіне желбіресін қашан да, Шарықтасын Қазақстан жалауы.
– Балалар, біз қай елде, қай Республикада тұрамыз? – Қазақстанның елордасы қай қала? – Елбасымыз кім? Жүргізуші:Қатар шапқан қос тұлпар, Ай үстінде қазақ үй Қалықтаған жас сұнқар. Шарықтаған таза күн Бұл танбасы елімнің, Елдігімнің белгісі. Балаларға елтаңбаны көрсетіп түсіндіреді. Жүргізуші: Отан туы желбіреп, Көз тартады құбыла. Біз қараймыз елжіреп, Туған жердің туына. Балаларға туды көрсетіп түсіндіреді.
Ән: «Атамекен» Жүргізуші: Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып Конституция күніне арналған іс- шарамызды аяқтаймыз