Жаңартылған білім -болашақтың кепілі

Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.

«Білу аз, білгеніңді қолдана білу керек,

                                               істегің келу аз, істеу керек».

                                                                                            И.В. Гете.

    Тәуелсіз елдің негізгі тірегі білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімді баланың алға түсіп, бәйгеден  озып келетін заманы.  Мемлекет болашағының кепілі – жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел, талантты ұлы ұстазы А. Байтұрсынов: «Елді  түзетуді бала  оқыту ісін түзетуден бастау керек,» – деген.

     Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес  оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті,  әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру.  Мұндай  талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.  Мұғалім мектептегі басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып жетекші болады.  Білім терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді.

    Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып,  топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін.  Оқушы бірлесіп үйретуде, кішігірім топтарда, жұппен жұмыс жасағанда, ортақ мәселені  талқылағанда, практикалық жұмыстарды орындау барысында шығармашылықпен,  үлкен қызығушылықпен жұмыс істейді.  Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, талқылап, шамалары жеткенше қорғап шығуға тырысады.

  Бірлесіп жұмыс жасау барысында төмендегідей жағдайлар ескеріледі:

1)        жауапкершілігі артады;

2)      топта  барлық мүшелердің бірін- бірі тыңдау, өзгенің ойын құрметтеу, кезектесіп сөйлеу дағдылары қалыптасады;

3)      оқушының есте сақтау қабілеті жоғарылайды;

4)        бәсекелестік артады;

5)      жиі- жиі  талқыласып, терең түсінік пен ойлаудың дамуы арқылы баланың  сөйлеу мәдениеті,  дағдылары  дамиды, сөздік қоры молаяды;

6)      оқуға ,  жазуға, тыңдауға  кең мүмкіндіктерін беретін ортада оқушы өз  пікірлерін, білімдерін еркін жеткізеді.

Сонда мұғалім сабақта тек  қана ұйымдастырушы, жетекші, нұсқаушы, сараптаушы ретінде көрініп, ал барлық жауапкершілік оқушылардың өзіне беріледі. Бірақ жүргізу  барысында сыныптағы оқушылардың деңгейі, ерекшеліктері  міндетті түрде ескерілуі керек. Сондықтан да нәтижеге жету үшін модульдік оқыту технологиясының тиімділігін өз тәжірибемнен көріп келемін.  Себебі бұл технологияның негізі – баланың тұлғасын алға қояды.  Басты ерекшелігі – ол тек қана білімді меңгеру емес,  тұлғаның танымдық, шығармашылық,  ізденімпаздық қабілеттерін дамыту, өзін – өзі басқару, дұрыс қарым – қатынас құру,  өз ойын еркін жеткізу, сөздік қорын молайту деп білемін.

                                                                               А. Дуйсенбекова

                                                          Қызылқайың орта мектебінің          информатика пәні мұғалімі

 

                                                                                   Алматы облысы,Алакөл ауданы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *