“Шығармашылық” білім беру саласы “Сурет салу” “Марғау”
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Марғау.
Мақсаты: Мысықтың баласы марғаумен таныстыру. Марғаудың түр-түсі мен сырт келтебетін ажыратуды үйрету. Марғау жайлы әңгімелей білуге үйрету. Марғауға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Технологиясы: ойын
Көрнекі құралдар: Марғаулардың суреттері, түрлі түсті қарындаш,
Сөздік жұмыс: марғау
Көп тілді компонент: аяқ – нога – leg
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Шаттық шеңбер: Табиғатым тамаша, Көз тоймайды қараса. Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса. Сәлем саған жер ана, Сәлем сіздерге қонақтар! Аман-есен болайық, Бейбітшілікті қалайық.
-Қазір жылдың қай мезгілі? |
Шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.
-Күз мезгілі. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер шешімін тауып көріңдер. Өз құйрығын өзі қуып ойнайды, Допты көрсе домалатып қоймайды, Беті қолын қайт-қайта жуады, Тышқандарды үйімізден қуады. (Мысық). -Жарайсыңдар балалар, мына тордың ішінде не бар екен көрейікші (беті матамен жабылған тор ашылады). Тордың ішінде марғау отыр екен.
Мынау мысық және мысықтың баласы марғау. Марғаудың жүні тықыр әрі жұмсақ болады, құлақтары тікірейген, құйрығы ұзын, мұрты бар. Марғаудың ұзын мұртшасы бар ол иісті дәл сезіп табуға көмектеседі. Марғаудың екі көзі, екі құлағы, бір құйрығы, төрт аяғы бар. Марғау төрт тағандап жүреді. Аяқтарында тырнақтары бар. -Балалар, марғаудың дайын суретін қарындашпен бояп, мұртын түзу сызықтармен саламыз. Балаларға марғаудың дайын суреті алдын-ала таратылып беріледі. Қауіпсіздік ережесі: -Қарындашты жаныңдағы балаға бағыттауға болмайды. -Қарындашты оң қолға ұстау қажет. -Жаныңдағы балаға кедергі келтірме. Жұмыстың орындалу реті: -Марғаудың суретін өздеріне ұнаған түспен сызықтың сыртына шығармай бояйды. -Марғауды бояп болған соң, түзу сызықтармен мұртын салады.
Көп тілді компонент: аяқ – нога – leg
Сергіту сәті: Мынау тұрған марғау, Екі көзін қысып, Ұйықтап отыр маужырап, Сүт көжесін ішіп. Дидактикалық ойын: «Байқағыш». Мақсаты: балалардың байқампаздығын дамыту. Шарты: екі бірдей марғаудың суреттерінен айырмашылығын табу. |
Балалар жауабын айтады.
Балалар марғауды сипалап көреді.
Балалар марғау бейнесін қарындашпен бояп, мұртын салады.
Балалар қайталайды. Балалар өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды. Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік:
|
-Марғауда қанша құлақ бар?
-Марғауда қанша аяқ бар?
-Марғаудың құлағы ұзын ба, құйрығы ұзын ба?
-Жарайсыңдар, балалар. Оқу қызметіне барлығың өте жақсы қатысы, тәртіпті болғандарың үшін күндей жайнап жүрсін деп «күнді» таратып беремін. Балаларды мадақтау. |
-Марғаудың екі құлағы бар. -Марғаудың төрт аяғы бар. -Марғаудың құйрығы ұзын. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: марғаудың төрт аяғы және құйрығының ұзын екенін.
Игереді: марғаудың мұртын түзу сызықтармен салуды.
Меңгереді: марғаудың дене бітімін.
Алматы облысы
Жамбыл ауданы
Қазыбек бек бекеті
«Балауса бөбекжайы»
Тәрбиешісі
Абишева Жанар Айтбаевна