Мектебіміз осындай болсын…
Мектебіміз осындай болсын…
Тәрбие хәкімі М.Жұмабаев:«Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебімен салмақ. Бір елдің тағдыры – мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе»-деген екен.Бұл қағиданы осы заманғы әлем мемлекеттері толық мойындаған.Кәзір ең сапалы білім мен тәрбие беретін мектептер қандай болу керектігін анықтап,бағыт-бағдарлық (концепсия) нұсқауларды дайындауға бәйге жариялап бәсеке тігіп,сынақтан өткізіп құлшынып жатыр.Кейбірі озық деп танылған ел мектептерінің үлгісін өз еліне әкеліп,тәжірибе жасап,өзіне оңтайлы нұсқасын тауып алу үшін әрекет жасауда.Бірері айтулы,танымал,озат мектептерге жасұрпағын арнайы апарып оқытып,білім алып,өнер ұғып,тәлімге баулуға мүмкіндік жасау үшін дән-дәулетін,ақша-қаражатын аямай жұмсау-да. Жеке меншікке қарасты болса да көптеген мемлекетте,шет тілінде оқытатын мектептер саны тым аз болуына қарамастан мемлекеттік қолдауға ие болып жұмыс жасауда.Осы төрт өрлеу бағытының алғашқысына ауыз толтырып айтарымыз жоқ болғанымен қалған үшеу-іне берер жауабымыз бар сияқты.Алайда олардың жағдайы тым мақтананрлық емес. Мысалы орыс тілінде оқытатын Қазақстан Республикасының мектептерінің саны әжептәуір екен.(1500?) Пән оқулықтарына таныссаңыз Қазақстан Республикасының қазақ тілнде оқытатын мектептерінің пәндерін орыс тіліне аударылған нұсқасы тәрізді.Тек осыны ескерсеңіз ол мектептер шет тілінде оқытын мектеп емес. Шет тілінде оқытатын мектептің басты міндетін мына мысалмен түсіндірейін. Мысалы, орыс тілінде оқытатан қазақстан мектебі Ресейдің ең озық,ең күшті,ең жаңа техника және технологиямен жабдықталған, дарынды да шебер кадрлармен жасақталған,мектебінің бағдарламасын, оқулығын пайдала-нып,болатын болса ұстаздарын келтіріп, оқыту керек.Ал,ағылшын тілінде оқытатын казақстан мектебі ағылшын тілінде оқытып тәрбиелеп жатқан әлемдегі ең озық,ең атақты, мектеп бағдарламасымен,техникалық құрал-жабдығымен, оқулығымен, оқытушысымен жұмыстайтын дәрежеде болу керек.Анығын айтқанда,шет тілінле оқытатын мектеп сол елдің озық оқыту технологиясын,методикасын,педогогикасы мен психологиясын көшіріп келу деген сөз.Бұл шет ел оқу-білім беру тәжірибесін оқып үйрену ғана емес,оның жетістігін өз елімізде сынап анықтау болады.Мұндай мектептерді құру,орнату,жұмыстату оңай шаруа емес.Алайда,қолдан келмес,іске аспайтын,қияли арман да емес.Әлемде осындай мектептер баршылық.Ең қуанышты жері,кәзіргі кезде ондай мектептері бар елдің қайсысында да оның жан-жақты пайдалы,нәттижелі екендігі анықталуда.Біздің елде шет ел методикасын,оқулығын пайдаланып оқыту балалардың патриоттық сезімін жояды деген «педагогикасыз-ұлтшыл» көзқарас бар екен.Бұл әрине ғылыми негізсіз ұғым.Жалпы қазақ ақылмандары мен ұстаздары мектеп деп нені түсінген еді?
Киізтуырдықтылардың баулу жүйесінде, отбасы-адамзат ұрпағы үшін еш нәрсемен салыстыруға жатпайтын алтын діңгек, қасиетті өмірлік мектеп.Ұлық ұстаздар ойынша:
« Мектеп деп баланың (ересектердің) ақыл-парасаты мен ой-өрісін жетілдіретін тәлім-тәрбие алатын орданы, ошақты, ұжымды атаған.» Мәселен өмірлік мектепке отбасы, ошақ қасы, той мереке,ойын сауық алаңы,медіресе-мектеп,еңбек мейрамы, ақындар айтысы жарыс дода алаңдары бәр-бәрі жатады.Қазақта мұндай мектептер көп болған,кәзір де жұмыстап жатқандары баршылық: Ақсақалдар мектебі, Қарашаңырақ мектебі, әжелер мектебі,ана мектебі,жеңге жезде мектебі,т.б. Барлығына қойылатын талап мынау: балалардың, жастардың,ересектердің ақыл-парасаты мен ой-өрісін жетілдіруге, оларға дене және патриоттық, сондай-ақ, жалпы тәлім-тәрбие беруге асқын мүмкіндік жасалған, қайырымдылық пен мейірімділікке малшынған,жағдайлы жәй-күйдің толық болуы.Ол-мәжбүрлеп білім беріп, тәрбиелейтін орын емес. Жәй-күйі, мүмкіндігі- шәкірттің өзбетімен ізденіп білім алып, тәрбиеленуіне жағдайы толық болуы тиіс. Ондай «мектеп-терде» кейде ұстаз да болмайды. (Шәкірттер бір-біріне ұстаз) Ыбырай атамыз: «бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тағлым болса, оның сана-сезімінің дамып, жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, тұлға болып өседі» деп, сонау заманда айтып көрсетіп,ескертіп түйіндеген екен.Атамыздың айтқаны осы заманға дәл келіп тұр.Ал,Нәзипа Құлжанова апамыз үш пен жеті жастың арасындағы балдырғандар бойында кездесетін физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді сөз етеді.Ол ересектер мен сәби, бөбектер арасындағы қарым-қатынас мәселесіне де ерекше көңіл бөледі: “Балаға сусындай керегінің бірі – сөйлеу. Түрлі білімнің түбірі, негізі – бала-ның сөйлеуі, білуге құмарлығы. Сұрағына жауап бермей “мазамды алма” деп, үнемі баланың бетін қайтару арқылы білуге құмарлығының негізін жоғалтып жіберуге болады”, – дей келе, бала ойынының айналаны тани-білу құмарлығымен ұштасып жататындығын ескертеді. Н.Құлжанова баланы жас кезінде көбінде табиғат аясында бағып-қағудың тиімділігін айтады. Ол осы пікірін әрмен қарай жалғастыра келіп: “Әрбір құлықты, жақсы адам мінезінің түпкі негізінде болатын еңбек ету, көңіл және дене тазалығының машықтары бала әдетіне кіріп, сіңіп қалады, төңіректегінің бәріне еліктегіш, талшыбықтай икемді, нәзік келеді”,-деп ойын баласының мектеп жасына дейінгі бүкіл тыныс-тіршілігі оның мектепте алар тәлімінің әзірлік сатысы болып табылатындықтан осы кезеңдегі тәлім-тәрбиеге ерекше мұқият қараудың маңыздылығына тоқталады.Үлық ұстаз,әжеміз:“Ойын – оның шын тіршілігі… Төңіректегі нәрседен өзіне қызықтысы ғана көзіне түсіп, ықылас тартады. Және бір мінезі-сөйлеуге жалықпайды. Тынымсыз қимылының бәрі сөзімен жалғасып жүреді. Көрген нәрсесіне ықыласы жеңіл, тұрақсыз… Көрген нәрсесін айтқанда ұмытқан жерлерін ойдан толықтырады”… дейді.Аталарымыз бен әжелеріміз айтып көрсеткен мектеп әзірге бізде жоқ.Ал,батыс пен шығыста олардың ой-санасымен астарласып жатқан мына қағидаларға негізделген мектептер құрылып,жұмыстап,даму сатысының белгілі белесіне көтеріліп барады.Айталық; «- Сыныптар жабық емес, ашық кеңістікте болуға тиіс;- Шуылға толы кластарда емес, жобалық топ аясында, құрама немесе квест түрінде, немесе тыныш бөлмелерде оқыту; -Жалықтыратын дәрістер мен тест орнына жобалардың және кейстердің негізінде оқыту, яғни, мұғалімнің қалауынша бағдарлама бойынша емес, баланың қалаған дүниесіне оқыту; -Мұғалімдер-оқытушы емес, кеңесші. Олар балаларды бағамен қорқытып-үркітудің орнына, оларды тыңдап үйренуге, пікіріне құлақ асуға тиіс;-барлық мектептерде тең әрі бірдей сапалы білім беріліп,саналы тәрбие игерілуі тиіс әрі міндетті; т.б.»Мұндай қағидалар мектептегі педагогикалық іс-әрекет, үрдістердің түріне сай,өте аумақты құрылған,кең көлемді қамтыған,нақтылы есептеуге сүйенген.Біздің жағдайымыз баршаға түсінікті.Мектептердің тәрбие беріп өнеге үйрету, білім игертіп,көкірек көзін ашу ісі ала-құлалығы сондай бір-бірінде сабақтастық,теңдік мүлдем жойылып барады.Қала мектебі,ауыл мектебі,үш ауысымды мектеп,қауыпты жағдайлы мектеп,зиятккерлік мектеп,қосымша білім беретін мектеп,шағын жинақталған мектеп т.т. оқушы шағынан жастарды жіктеп-жіктеп,сұрыптап-топтап,алалап-баптап келе-міз. Дәл осылай ететін мектептерді жүйелеу әрине белгілі сыныпта,белгілі жаста болуы ықтимал,әрі кей елде кезігеді.Ал,біздегі бастауыш мектеп,негізгі мектеп құралыптас шет ел мектептерінде берілетін оқу білім сапасы,үйрелілетін машық дағды,біліктілік денгейі тең дәрежелі, деңгейлес болады.Жасалатын жағдай,көрсетілетін көмек,жәй күйін жақсартуға қайрымдылық барлығына ортақ болуға тиіс.Жалпы Қазақстан Республикасының заманауи даму денгейіне сай келетін ортақ білім беру жүйесі әзірге қалыптаса қоймаған.Келешегінде
салтанат құрып,шамшырақ болар мектеп моделі айқындалмаған.Мұны дайындайтын ғылми орта ұйымдастырылмаған.Солай бола тұра педагогикалық-психологиялық маман дайын-дайтын университеттер мен институттар қаншама көп болғанымен олардың күш-қуатын, ақыл-парасатын,зерде-зейінін ғылыми іске жұмылдыра алмай отыр.Болмағанда педагоги-калық парламент құру керек еді ғой!Енді тәлім-тәрбие туралы ата-бабалар ойынан бір үзік сыр шертелік. Баулу ілімінде тәрбиелеу дегенді біздің осы күнгі түсінігімізден бөлекше сипаттайды.Ол бойынша:ізгілікті іс-әрекет,ниет,көмек –тікелей жүргізілген татымды тәрбие.Оның орны тым бөлек. Қазақтың тәрбиелеу ілімінде алтын әріппен жазлған қағида мынау: «Тәрбиенің пәрменділігі мектептің, жанұяның, әлеуметтік ортаның балаға, жалпы жасқа мінез-құлықтың пайдалы дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру туралы қаншалықты қамқорлық жасалуына байланысты.»Қамқорлық шанақты, пәс болса, тәрбие нәтижесіз, жұтаң не көлгір келеді. Фараби бабамыз: «…тәрбиелеу дегеніміз қамқорлық жасау»- десе ата бабамыз тәрбиелеуді –баулау –деген.Баулау-баптау,жәй-күйін келтіру.Жасөспірімдер биязы әдеп, жібек мінез игеретіндей,көкірек көзі ашыла-тындай олардың жәй-күйін келтіріп, қамқорлық жасап аяласаң еңбегің далаға кетпейді. Ізгілік педагогикасының ұлттық мәні осында жатыр.Адам деген пенде, сыйлаған-ның, құрметтегеннің,қадірлегеннің құлы.Оған жасалған иненің жасуындай ізеттіліктің, қайыр-ымдылықтың,мейірімнің қайыры тау-төбе.Сәби өмірге келген сәтінен бастап, айнала-сын,қоршаған ортасын тани бастайды, үнемі «ғылыми жаңалық» ашады.Осы ғылыми жаңалық ашудың сәбиге тән әдіс-тәсілі болады.Сәбидің жасы қосылған сайын осы әдіс-тәсілдерлің саны,шанағы,дәрежесі үнемі артып отырады.Кейбір әдіс-тәсілдер бекіп,машық дағдыға айналады.Олай болса балаға білім беру,оны тәрбиелеу,дамыту дегеніміз олардың «ғылыми жаңалық» ашып,зерттеу машық дағдысын жетілдіруге көмек көрсету,қолайлы жағдай туғызу.Ұлық ұстаздар қазақтың келешек мектебі осындай болады деп еді…Ол мектептер өзімізде жоқ болып,басқада жұмыстап жатқанын білгенде ішің ашиды,әрине!
Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы) 12.09.2019
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718