«Тарих пен тағылым білгірлері» (Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара)
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Тарих пен тағылым білгірлері» тақырыбындағы викториналық ойын
(9-10- сынып оқушыларына арналған)
Мақсаты: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, Отанына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ел тарихының өткеніне көз жүгірту, Қазақстан тарихы мен танымал тұлғалар туралы білімдерін жинақтау, тілдік қорларын кеңейту.
Көрнекілігі: слайдтар, плакаттар
Іс-шара барысы:
Мұғалім: Армысыздар, құрметті әріптестер мен бәйгеге түсуші жас өрендер.
Жаңа дәуірдегі Қазақстанның шежіресі 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастау алады. Бұл күні Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялап, егемендігін алды. Қазақстан шежірелі тарихының жаңа беттерін парақтап, қысқа мерзім ішінде айтулы жетістіктерге қол жеткізді.
Бүгінгі біздің «Тарих пен тағылым білгірлері» викториналық ойынымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады.
Летопись современного Казахстана начинается 16 декабря 1991 года. В этот день Казахстан объявил себя Независимым суверенным государством. 25 лет тому назад, обретя свою независимость, Казахстан открыл новую веху в своей истории: окреп, достиг больших результатов в своем развитии.
Сегодняшний наш открытый классный час, посвященный 25-летию Независимости Республики Казахстан, называется «Игра –викторина Знатоки истории»
Ведущий:
Смотрю на небо голубое
Там высоко парит орел
Восходит солнце золотое
Над птицей, будто ореол
До боли мне знакомо это
Виденье сквозь пики гор,
Осталось лишь добавить с боку
Национальный наш узор
Герб и флаг наш гордый
Народу государством дан
Пусть всегда хранит свободу
Наш суверенный Казахстан!
Жүргізуші:
Викториналық ойын алты бөлімнен тұрады.:
1. Командалардың сәлемдесуі
2. Білгірлер сайысы
3. Үй тапсырмасы «В поисках неизведанного»
4. Өнер алды қызыл тіл
5. Тарихи тұлғалар туралы не білесің?
Ойынға 2 топ қатысады.
«Барыс» тобы
«Қыран» тобы
Топ сайысын әділқазылар алқасы бағалайды.
Сайыстың бірінші кезеңі – сәлемдесу сайысы. Әр топ өздерін көрермендер мен қарсыластарына таныстырады. Сәлемдесуге берілетін жоғарғы ұпай 10 ұпай. Ең алдымен теңге тастап, сайысты бірінші болып бастайтын топты анықтаймыз. Топ басшылары таңдау жасаңдар.
Сонымен ______________________ тобы бірінші болып сайысты бастайды.
Екінші топ ________________________.
Топтардың сәлемдесуі, өздерін таныстыруы.
Жүргізуші:
Қазақстанның ұлан – ғайыр шеті Алтай тауы мен Атырау мен Маңғыстау өлкесіне дейін, қарт Ертіс пен Каспий теңізіне дейінгі жерді алып жатқан байтақ жер. Бес Франция емін –еркін сыйып кететін байтақ еліміз -көпұлтты мемлекет. Олардың барлығы – Қазақстан Республикасының азаматы.
Екінші сайыс – «Тарих пен тағылым білгірлері».
Сұрақтар :
Тақырыбы |
5 |
10 |
15 |
20 |
Мемлекеттік рәміздер |
Елтаңбадағы шаңырақ нені бейнелейді? достықты) |
ҚР әнұраны соңғы рет қашан қабылданды? (6 қаңтар 2006 ж) |
ҚР мемлекеттік рәміздері туралы заң қашан қабылданды? (4 маусым1992ж) |
ҚР әнұраны мен елтаңбасының авторлары? (Сөзі-Н.Назарбаев, Ж.Нажимединов, Әні-Ш.Калдаяков, елтаңба-Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков) |
Мемлекеттік мерекелер |
ҚР тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсан) |
30 тамыз күні қай мерекені атап өтеміз? (Конституция күні) |
7 мамыр күні қандай мереке тойланады? (Батыра күні немесе Отан қорғаушылар күні) |
Наурыз мейрамы қандай астрономсиялық құбылыспен сәйкес келеді. (22 наурыз күн мен түннің теңелуі) |
Трихтағы атаулы күндер |
ҚР Конституциясы қай жылы, қай күні қабылданды? (30 тамыз 1995 ж) |
1991 жылдың 16 желтоқсаны қандай күн? «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР конституциялық заңына қол қойылды. |
Ұлттық валюта – теңге қай жылдан бастап шығарыла бастады? (1993ж 15 қараша) |
ҚР Тұңғыш Президенті қай жылы сайланды? (желтоқсан 1991 ж.) |
Тәуелсіз Қазақстан |
Тәуелсіз Қазақстанның туған күні. (16 желтлқсан 1991ж) |
Мемлекетіміздің негізгі заңы (Конституция) |
ҚР жоғарғы қолбасшысы кім? (Президент Н.Назарбаев) |
ҚР ОБСЕ саммиті қай жылы, қайда өткізілді? (1-2желтоқсан 2010ж.) |
Үшінші сайысымыз – үй тапсырмасы. Алдын ала топ мүшелеріне үй тапсырмасын дайындап келу тапсырылған. Барыс тобы «Қожа Ахмет Йассауи кесенесі» тақырыбына сұрақтар әзірлеп келді.
Қыран тобы «Арыстанбаб кесенесі» тақырыбына сұрақтар әзірлеп келді.
Топ мүшелері қарсыластарына әзірлеп келген сұрақтарын қойып, ұпай жинайды.
Жүргізуші:
Келесі сайыс «Өнер алды – қызыл тіл» сайысы.
Екі топ «Отан және ел» тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер айтып сайысады.
Бесінші сайыс – «Тарихи тұлғалар туралы не білесің?» сайысы.
Сайысқа екі топ қатысады. Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі. Сұраққа жауап беру үшін 10 секунд уақыт беріледі. Оқушыларға ұлы тұлғалар туралы әзірленген слайдтар көрсетіліп, балалар сұрақтың кім туралы айтылғанын табуы тиіс.
1. Шығыстанушы ғалым.
Ғалым, саяхатшы 1835 жылы туған. Абылай ханның шөбересі. Мұсылманша аты – Мұхамед Ханафия. Омскі кадет корпусын тәмамдаған. Бұл кім?
(Шоқан Уәлиханов)
2)Қазақтың көрнекті ақыны
Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, көрнекті ақын, қоғам қайраткері 10 тамыз 1845 жылы Шыңғыстау бөктерінде дүниге келген. Лирикалық тақырыптарда қалам тербеген. Орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкиннің шығармасын тәржімалаған. 45 қара сөз жазып қалдырған. Бұл кім? (Абай Құнанбаев)
Әуезді ән әлемі
26 жасында «Менің Қазақстаным» әнін жазған. Ол көптеген лирикалық әндердің авторы. «Қайықта», «Ақ маңдайлым», «Ақ бантик» әнінің авторы. Мәдениет қайраткері, сазгер, халық әндерін орындаушы, қазақ эстрадасының негізін қалаушы. Бұл кім?
(Шәмші Қалдаяқов)
4) Ұлт көшбасшысы
Ол 6 шілде күні 1940 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол бала жасынан өзінің ата тек шежіресін біліп өскен: Әбіш, Назарбай, Салақбай, Еділ, Кенбаба, Мырзатай, Айдар, Көшек, Қарасай, Алтынай, Тохтар, Есқожа. Оның зайыбы инженер-экономист. Қазіргі уақытта Халықаралық «Бөбек» қорын басқарады. «Ұлт көшбасшысы» атағының иегері.
(Н.Назарбаев)
5 Сабалақ
Ол Орта жүздің ханы болған. Есім ханның ұрпағы. Оның шын есімі Әбілмансұр. 25 жасында хан тағына отырған. Бұл кім
(Абылай хан)
Жүргізуші:
Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Құрметті әділқазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып, жеңімпаз топты марапаттайтын сәт те келіп жетті.