«Алғыр алтау» сайысы.
а) 1 сынып оқушыларының пәндер бойынша білімдерін саралау,ой ұшқырлықтарын байқау, ең білімді оқушыны анықтау.
ә) Ой-өрістерін кеңейтіп,шығармашылық әрекеттерді орындау арқылы өз мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылдыру.
б) Оқушыларды тапқырлыққа,жылдамдыққа,ізденімпаздыққа білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Өткізілу формасы: жарыс түрінде
Өткізілу формасы: жарыс түрінде
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, болжау, талдау.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе сөз:
Армысыздар, оқушылар!
Армысыздар, ұстаздар!
Тамсандырып өнерін,
Осы жарыс барысы
Жадыратсын жаныңды,
«Алғыр алтау» сайысы.
Құрметті ұстаздар, оқушылар «Білімді мыңды жығар, білікті бірді жығар» дегендей 1 сынып оқушылары арасындағы «Алғыр алтау» сайысымызға қош келдіңіздер!