Ашық сабақ: Есептер шығару
Успенов орта мектебі
2 – сыныпқа математикадан
ашық сабақ
Тақырыбы: Есептер шығару.
Өткізген: Жинхуу Айнур
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың алған білімдерін және есептеу дағдыларын дамыту
- Есепті дұрыс шығаруға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
- Ұжымда бір-біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.
Сабақтүрі: ойын сабақ.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, топта.
Көрнекілігі: оқулық, карточкалар.
Сабақтыңбарысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн
болсын. Сәрсенбінің сәтіндей
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын. – Балалар , қазір бізде қандай сабақ болады?
— Математика сабағының ұраны қандай еді?
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз-еңбектену.
Сынып оқушыларын 3топқа бөлу.
- II. Үй тапсырмасын сұрау.
«Бәйге» ойынын ойнату.
10 | 30 | 50 |
20 | 40 | 60 |
- Сол жақтағы 10 – 1 дм неше см бар? (10см)
- Ортадағы 30 – Қосудың компоненттерін ата (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
- Оң жақтағы 50-Азайтудың компоненттерін ата (азайғыш, азайтқыш, айырманыңмәні)
- Сол жақтағы 20-Санды өрнектер дегеніміз не?
- Ортадағы 40- Әріпті өрнек дегеніміз не?
- Оң жақтағы 60 –1сағатта неше минут бар?
Сергіту сәті:
Бала, бала,балақан,
Кәне,қайсы алақан? Саусақтары әйбат,
Былай-былай ойнат.
III. Тақтамен жұмыс. «Кім шапшаң» ойыны.
Теңдеулерді шеш:
I топ IIтоп III топ
3 + а = 10 а — 3 = 7 10 — а =3
2.Математикалық диктант алынады. «Балық аулау» ойыны. Балық аулау 79 бен 81- дің арасындағы сандарды өсу ретімен жазу. Оларды салыстыру.
3.Қалқанқұлақ мысалдар шығарды. Тексер.
(3+2)+60=63 70+(60-40)=90
80-(30+40)=90 60+(70-50)=70
(5+4)+30=35 90-(50+20)=20
- Мәселе есептер шығару (оқулықпен жұмыс).
I топ. Бір тобында 90 жылқы бар,ал екінші тобында одан 7 жылқы артық . Екінші тобында қанша жылқы бар?
II топ. Екінші тобында 97 жылқы бар, ал бірінші тобында одан 7 жылқы кем. Бірінші тобында қанша жылқы бар?
III топ. Біртобында 90жылқы бар, ал екінші тобында 97жылқы бар. Екінші тобында бірінщі тобынға қарағанда қанша жылқы артық?
- 5. Ұзындығы 13 см кесінді сыз. Енді осыдан 2см, 3см, 10 см қысқа кесінділер сыз.
- 6. Оқулықтағы № 6 есепті орындарында орындайды.
+ = 10 10- =
IV.Суретте бесбұрыш бар ма?
Кел, ойнайық! Сөзқұрастыр.
36-4 л 28-20п 34-4и 95-10а
18+1т 65+20а 61-40р
8 | 85 | 32 | 30 | 19 | 21 | 85 |
7.Қортындылау.VI .Бағалау: жұлдызшаларды санай отырып ,әр топтың , әр оқушының білімдерін бағалау. VII. Үйге тапсырма: №7есеп