Туған жерін сүйе алмаған,сүйе алар ма туған елін…

Талғар ауданы Еркін ауылы
«№26 жалпы білім беретін орта мектебі»МКМ
11 «Ә» сынып оқушысы
Бекенова Аружан Жандосқызы

Туған жерін сүйе алмаған,сүйе алар ма туған елін…
Менің туған жерім – бірлігі мен бейбітшілігі жарасқан, ынтымақ пенен достықтың мекені. Оның сарқыраған өзені мен көлдері, жайқалған жасыл шөп пен ормандары, асқар таулары, сайраған құстары,– осының бәрі, көз тоймас табиғаты, менің жаныма жақын, әрі ерекше ыстық.
Адам шыр етіп дүниеге келегеннен-ақ, оқ атылмаған таудың саф ауасын жұтып, бейбіт заманда өскен әр адам туған елім, кіндік тамған жерім деп, еркін өседі. Осылайша, Отанына, еліне, жеріне деген ризашылығы, махаббаты мен сүйіспеншілігі оянады.
Туған жер, осы сөзді естігенде жаны елжіремейтін бірде-бір адам жоқ шығар деп ойлаймын. Неткен киелі жер едің! Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан! Мен бұл сөзді аса бір мақтанышпен және асқақ сезіммен айта аламын. Қазақстан – ол біздің ортақ және кең байтақ, ата-бабамыздан қалған мекен иелігіміз. Қазір біз ата-бабаларымыздың ерлігі мен табандылығының арқасында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Осыншалықты қиыншылықпен келген тәуелсіздігімізге бүгін де 27 жыл толып отыр. Еліміздің дамуы қарқынды түрде жүруде. Қазір мен әлі бала болсам да, менің еліме, жеріме, Қазақстаныма деген жоспарларым өте көп және мен оны жүзеге асыруға бар күшімді саламын.
Мен Қазақстанда өмір сүрген әр жанды бақытты деп айта аламын. Себебі, оның жері қазынаға бай және 130-дан астам ұлт өкілі бейбітшілікте өмір сүруде. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы біздің еліміздің басты байлығы деп ойлаймын. Ол әрине, әу заманнан қазағымның өз жері секілді кеңдігінің, жомарттығының арқасы.
Туған жер. Туған ел. Осы екі ғана “туған” және “жер” сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, ата-бабам дүниеге келген жер. Туған жердің тағдыры өз азаматтарының патриоттық сезімінің тереңдігі мен күшіне байланысты, сондықтан туған жерімде теріс пиғылды шетелдік азаматтардың талтаңдап жүргенін де қаламаймын.
Мен өз Отанымды, туған жеріміді, құдіретті елімді сүйемін.
Атам қазақ «Елдің даңқын ері шығарады, ердің даңқын елі шығарады» деп айтқан. Қыз да болсам, ер азаматтай жерімді алакөздерден қорғап өтемін. Ал патриоттығымды білдіру үшін өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да өз үлесімді қоссам деп ойлаймын.(302 сөз)

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *