Халықтын саны және ұдайы өсуі

Кульчикова Алима Амандыковна

Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Дүние жүзі халқының саны және ұдайы өсуі туралы білім беру:жер шарында адамзаттың пайда болған орны мен мерзімі жөніндегі мәселе,адамның шығу тегі, даму ерекшеліктері, әр түрлі елдердегі халықтың табиғи өсімінің,әлемдегі қазіргі күнгі демографиялық дамудың барысы және соған байланысты туындайтын проблемалар «халықтың ұдайы өсуі» «демографиялық жарылыс», «демографиялық саяасат» ұғымдарын ашып көрсету.
Дамытушылық: Демографиялық жарылыстың салдары және оның географиясы туралы білік дағдыны қалыптастыру;статистикалық мәліметтерді өңдеу, оны практикада пайдалану және сандық көрсеткіштерді сызбанұсқа арқылы талдай білуге дағдыландыру,оның құрылу әдісімен таныстыру,сандық көрсеткіштерді оқи және талдай білуге үйрету;халықтың ұдайы өсу типтерімен жеке елдер мысалында танысу,ерекшеліктерін сипаттау.
Тәрбиелік: Халық санағы туралы айтқанда халық санақтары нәтижесінде талдау жасау арқылы халық санының өзгерістері жайлы мәліметтермен танысып, оның себеп-салдарын ашу.
Сабақтын типі: Жаңа білім беретін сабақ
Сабақтын түрі: Аралас сабақ

Сабақтын көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы,  интер тақта, 10 сынып оқулығы, 10-сынып атлас , контур карталары, бейнебаяндар.

Пән аралық байланыс: Тарих, экономика

Сабақтың әдісі:түсіндірмелі, баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақты түсіндіру

Қорытындылау

Үйге тапсырма беру

Бағалау

 

 

 

 

Үй тапсырмасын қайталау:
1. Дүние жүзі елдерінің мемлекетінің басқарудың неше түрі бар?
2. Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылысы?
3. Дүние жүзінде неше монархия бар?
4. Моңғолияның астанасы?
5. Монархиялық басқару дегеніміз?
6. Егеменді мемлекет дегеніміз не?
7. Ұлыбритания Достастығының саяси экономикалық бірлестігіне қандай мемлекеттер кіреді.
8. Доминион дегеніміз не?
9. Мемлекеттік құрылыстың құқықтық формалары

Жаңа сабақ:

Адамзаттың демографиялық тарихында шартты түрде 2 кезеңді саралауға болады.Бұның біріншісі аграрлық өркениет деп аталды да шамамен 17 ғасырдың екінші жартысына дейін жалғасты. Бұл кезеңде халықтың өсімі біршама төмен болды. Феодализм тұсында ғана халықтың өсімі біраз жеделді.

Алайда жер шары тұрғындары санының неғұрлым едәуір өзгеруі, сөйтіп демографиялық дамудың 2 кезеңіне өту соңғы 3 жарым ғасырдың ішінде болды. Халықтың өсіп көбеюінің дүние жүзілік тарихтағы ең жоғарғы қарқыны үстіміздегі ғасырдың 60-шы жылдары болды. Демографиялық күрт өрлеу ұғымы да сол кезде шықты. 80 жылдардың ортасында жер шары халқының жылдық өсімі 17%-ға түсті. Яғни демографиялық  күрт өзгерудің шыңы артта қалды, бұл сұраққа демографиялық өтпелілік теориясы жауап береді. Оған сәйкес адамдардың тууы мен өлімінің деңгейі биологиялық заңдылықтарға емес, әлеуметтік жағдайға байланысты.

 

 

Демографиялық саясат

Демографиялық саясат  дегеніміз халықтың табиғи өсіміне, халық санына қатысты белгілі бір елдің өзіне тән проблемасының шешілуіне  ықпал жасау мақсатымен мемлекет қолданатын әртүрлі шаралар жүйесі (әр түрлі жеңілдіктерді айтуға болады). Халықтың өсуі жоғары елдерде саясат оны азайтуға бағытталған (Қытай,Үндістан, Бангладеш,Индонезия,Шри-Ланка,Пакистан). Кейбір дамыған елдерде (Франция, Дания, Белгия, Венгрия және т.б.) демографиялык саясат халык санын көбейтуді көздейді.

Жер шары халқының ұлттық құрамы ұзақ тарихи процестің нәтижесі. Қазіргі уақытта дүние жүзінде ұлттық қауымдастықтың әр-алуан түрлері: жекелеген тайпалар, рулас тайпалар, ұлыстар, ұлттар бар. Қазіргі дүние жүзінде 3-4 мыңдай әр түрлі халықтар бар.Ұлттық өлшемдер адамзаттың мемлекеттерге бөлінуінің негізі болады. Кейде бір немесе бірнеше ұлт бір мемлекет құруы  мүмкін. Жер шарындағы мемлекеттердің жартысына жуығы бірұлтты. Қалған елдер – көпұлтты, көпұлттылық әсіресе дамушы елдерге тән.

Халықтар әлемде тілдік жақындығы бойынша топтастырылады.Дүние жүзінде ең көп таралған тілдер: қытай тілі, ағылшын тілі, хинди тілі, араб және орыс тілі. Тілдік екі ұя – үнді еуропа және қытай – тибет ұялары – жер шарындағы ең ірі ұялар.

  Ұлт мәселесі. Жер бетіндегі түрлі мемлекеттердегі этностық қауымдар арасындағы саяси, экономикалық, аумақтық, құқықтықмәселелерден ұлт мәселесі шығады. Мысалы, Араб-Израиль арасындағы шиеленіс, Солтүстік Ирландиядағы католиктер мен протестанттар арасындағы шиеленіс, Болгариядағы түріктер мәселесі және т.б.

 Нәсілдік құрам. Адамзат басты үш нәсілге бөлінеді: еуропеидтік,                                                  монголоидтық,  негроидтық. Бұларға қоса кейбір ғалымдар 4ші нәсіл – австралоидтық нәсіл бар деп есептейді. Оның онша көп емес өкілдері Азияның солтүстік Шығысында, мұхит аралдары мен Австралияда қоныстанған. Бірақ дүние жүзінің барлық халқы осы 4 нәсілге жатады деп айту дұрыс емес. Олардың өкілдері дүние жүзі халқының 70%-ын құрайды. Қалған 30%-ы аралас және аралық нәсілдік топтар: эфиоптар, малагасийліктер, полинезиялық, меланезиялықтар және т.б.

 

Діни құрам.Бүгінді әлемде дүние жүзілік діндер деп аталатын 3 дін бар.

1.Христиандықтың негізгі бұтақтары –католицизм, православие мен протестанттық.

2.Ислам діні. Мұсылмандар негізінен Азия мен Африкада тараған. Дүние жүзінде мұсылмандардың саны 2 млрд. жуық Ислам 2 бағытқа бөлінеді: суннидтер және шеиттер.

  1. Буддизмнің тараған ауданы географиялық жағынан шектеулі. Оны ұстанатындар непалдықтар, Үнді- Қытай, Үндістан, Шри-ланка, Қытай, моңғолиялықтар.

 

 

 

 

Қосымша тапсырмалар:

Демографиялық саясат дегіміз не?

Дүние жүзіндегі діни құрамын атаңыз?

«Демография» сөзіне сөзжұмбақ  құрау (топпен жұмыс)

 

Үйге тапсырма:

Оқулық мәтініндегі сандық көрсеткіштерді пайдаланып, Қазақстан, Нигер және Канада халқының  табиғи өсу коэффициентін есептеп шығару және оған   түсінік беру.

Бағалау.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.«География10, 11 сынып », Ә.Бейсенова, К.Каймулдинова,С.Әбілмәжінова, Қ.Баймырзаев, Ж.Достай. Алматы «Мектеп» 2010ж.

2.Страны мира     Энцикл.справоч.

3.Экономическое и соц.география мира  В.П.Алисов

4.Дүние жүзінің экон. әлеу.географиясы Ю.Н.Гладкин

5.География в школе    журнал

6.Атлас мира       карта

7.География және экология   журнал

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *