Бала тәрбиесі- баршаның ісі

Ешенгазина Құралай Торебайқызы

Өз халқын, Отанын сүйетін нағыз азамат тәрбиелеуде ата-ананың ролі
ерекше.Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын ізгілік, адамгершілік,үлкенді
құрметтеу,ұяңдық,пәктік сияқты халқымыздың асыл қасиеттері ерте заманнан бері атаның қанымен, ананың сүтімен бойымызға сіңіп келеді.
Балаға айналасындағы өмір шындығы ауадай қажет. Ең алдымен өз
ұлтымыздыцң әдебиеті мен мәдениеті, салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен,
өнерімен тереңірек таныс болуы тиіс.Осындай талап тұрғысында әке мен шеше және баланың басқа да ересектерінің өзара жақсы қарым-қатынас, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек сүйгіштігі, ізденістері бәрі балаға өнеге.

Ата-ананың өзара тату-тәтті сыйластығы, мейірбандық пен ыстық ықыласы,
сөйлеген сөздері бәрі-бәрі балаға ерекше әсер етеді. Отбасындағы ұрыс-
керіс, орынсыз жанжал, балағат сөздер баланы жақсы әдетке тәрбиелейді.
Өйткені бала іштей тынып, не істерін білмейді. Ата-ананың оғаш мінезі
балалардың дөрекі, тілазар, қатыгез, өзімшіл болып өсуіне әсер етеді.
Баланың нағыз азамат болуына ықпалды ортаның бірі жолдас-жорасы, достық қарым-қатынастары, мінез-құлықтарын білгені жөн. Олардың өзара қарым-қатынасына құрметпен қарауы керек.

Ата-ананың себепсіз ренжіп, қабақ шытып, осы балаларды неге ертіп
келесің, басқа достар табылмады ма? … дегендей сөйлеуі дұрыс емес. Мұндай
көзқарас баланың намысына тиеді, қатты мазалайды.
Сондай-ақ үй ішіндегі заттардың өз орнында болуының да мәні зор.
Мысалы:ол бұйымдар шашылып жатса, ата-ана қарамаса баланың мінезі де алқын-жұлқын тартып, бойынан сабыр кетеді. Баланың сабаққа тыңғылықты әзірленуде тиісті жағдай жасау ата-ананың тікелей міндетті. Ықыласымен оқымайтын баладаннашар оқушы шығады.

Олардың көбі ата-ана бақылауынан тыс қалған балалар.Себебі ата-ана
жұмысты желеу етіп мектепепен еш байланыс жасамайды. Тіпті баласының сынып жетекшісінің кім екенін білмейтін ата-анада баршылық.Мұндай ата-аналардың балалары оқуға сүлесоқ қарайды, тәртібі нашар, жауапкершілікті сезінбейді.
Үй тапсырмасын дұрыс орындамайды, жиі-жиі сабақ қалдырады. Әрине осындай бақылаусыз қалған бала сапалы білім, сапалы азамат, өнегелі тәрбие
алмайтынбелгілі.
«Дұрыс тәрбие-балаға өмірлік азық»

Сынып жетекшісі, ол-қоғамның талабына сай белгілі бір сыныптағы оқу-
тәрбие процесін ұйыдастырушы басты тұлға. Ол оқушылардың таным әрекетінұйымдастырып,олардыәлеуметтенупроцесін қалыптастырады,болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделу, олардың демалысынақатысты мәселелері,

алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, сыныптағы жағымды көңіл-күй жағдайын жүзеге асыру.

Сынып жетекшісінің міндеті сан алуан. Соның ішінде негізі міндетті
қоғамның талабына сай азамат тәрбиелеу.Ол үшін, оның тұлғасын қалыптастыру:
сапалы, белсенді, ізгіленген,іскер,отаншыл. Біртұтас педагогикалық процесті
жүзеге үшін:
• Педагогикалық білім деңгейінің сапасы жоғары;
•Педагогтың  шеберлігі;
• Мектептің педагогттік ұжымы мен ата-аналар және жұртшылықты бала
тәрбиесіне тарта білу қабілетін игеруі;
• Идеялық сенімі айқындалған;
• Тәрбие саласында теориялық және практикалық таныстығы жоғары;
• Төзімділігі, шыншылдығы.
А.С Макаренко ұстаздарға қажетті мұндай қасиеттерді өнер деп бағалаған.
В.А Сухомлинскийдің тілшімен айтқанда: «Тек ата-аналармен бірге, жалпы
күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт
беруі мүмкін». Себебі жанұя мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай
негізгі ықпал ету факторларын бірігіп анықтайды және құрады. Сондықтан да
педагогикалық әрекетте сынып жетекшісінің бала тәрбиесіндегі
міндеттерінің көлемінің сан алуандығына байланысты ата-аналармен бірлескен
жұмыстың маңызы ерекше. Соған қарамастан бүгінде мектептің ата-аналармен
жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жасады: ата-аналар
жиналысы, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен
байланыс, баланың отбасында болу.т.б.
Сондықтан да ата-аналар баларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас
, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп қарауы тиіс. Оқу тәрбие
процесінің сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің
ынтымақтасып жұмыс істеулері тиіс.
Дұрыс тәрбие-балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын
басты тұлға-мектептегі сынып жетекшісі.
Білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда
болуы,гимназия,лицей.т.б. Соның барысында кейбір классикалық тұрғыдағы
педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауында. Соған сәйкес сынып жетекшісі
қызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде:
• Пән мұғалімі,бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы;
• сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;
• сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім;
Осындай жіктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің, тәрбиешісінің
қызметі,құқығы мен міндеттері өзгеріссіз қалуда.Себебі, мектептің
педагогикалық қызметі оның жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып
жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген.
Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлуметтік ортамен өзара тікелей
белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұндай жағдайда сынып
жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін-өздері тани
білуіне, сынып және мектеп ұжымында өз орындарын таба білуіне көмектесе
отыра, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу.
Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен
мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие болуы керек. Дегенмен,
сынып жетекшісі қызметінің маңыздылығы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай
өзара басты үш қызметті орындайды: Әр бағытта сыныптағы оқушылардың
әректетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлғаның дамуына қомқорлық жасау,
сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларға көмектеседі.
Сынып жетекшісі-тұлғаның жан-жақты қалыптасуына жан-жақты үлес қосатын
адам. Әрбір тұлғаның ішкі жан дүниесінжіті сезіне отырып, іс-әрекетін
бақылап түсіну арқылы қоғамда өз орныны таба білетін азаматты тәрбиелеу.
Негізінен сынып жетекшісі жан-жақты болу керек. Мәселен, мәдениетті,
еңбекқор, балаларды жақсы көретін, оқушының жан дүниесін түсінетін, керек
кезінде қасынан табылатын жан.
Ұрпақ тәрбиесі-көпке ортақ болғандықтан, «Үлкенге құрмет, кішіге ізет»
демекші, ата-аналар мен сынып жетекшісілері арасында бірін-бірі
түсінушілік, сыйластық және үнемі тығыз қарым-қатынас болу қажет.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *