Эссе «Бар жақсылық балаларға»

Асжанова М.А.

Балам деген жұрт боламаса –

жұртым дейтін бала қайдан шықсын!

Ахмет Байтұрсынов

 

Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім.Ал бүгінгі таңда колледждің, оқытушының ең қасиетті міндеті-рухани бай,жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру.Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі.Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз қажет.Колледждегі өскелең ұрпақтар – болашақ Қазақстан азаматы. Олар ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып XXI  ғасыр есігінен еркін еніп жүре алатын дүниежүзілік  мәдениетті танитын, өзін сыйлата алатын рухани дүниесі бай,  интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті әрі саналы, парасатты, жан-жақты мәдениетті, еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін патриот азаматтарымыздың көп болуы әбден керек.

Ұстаздың жүрек жылуын алып колледж қабырғасында жақсы тәрбиеленген,саналы білім алған әрбір бала өмірде өз орнын таба алады. Сондықтан өз балаларымызды бала кезінен бастап ақ ұлттық тәлім тәрбиеге, адамгершілік қасиетке, рухани мәдениетке жүрегіміздегі жылылық сезімімізді бере отырып баулуымыз керек. Сонда ғана біз тәрбиелеген ұрпақ өз елі үшін елең қағар азамат,имандылық, жылы жүзділік, мейірімділік шапағатын төге алатын жақсы азамат болып қалыптасады. Алайда бала жүрегіне бірінші болып жүрек жылуын себетін бұл ата-ана. Әрбір ата – ана өздерінің өміріндегі қуаныштарымен қиыншылықтарын, табыстарын өз балаларымен сырласып,сыр бөліссе жанұя мүшелері арасында сүйіспеншілік, жылылық сезімі нығая түседі. Осындай тәрбие алған әрбір бала өз ұстазынан да мейірімділікті,адалдықты іздеп тұрады. Сол уақытта ұстаз баланың жүрегіне жол таба білуі керек. «Жақсы сөз жан семіртеді» дегендей әрбір ұстаз өзінің жақсы жылы сөздерін айтып отырса өз шәкіртін нағыз шәкірт етіп тәрбиелей алады.Менің ойымша әрбір ұстаз өз жүрегінің жылуын өз шәкіртіне дұрыс бере алса онда әрбір бала қай жағынан алып қарасақта,тамаша жан-жақты,еңбекқор,адал,білімді,көп оқыған ақылды,тәрбиелі,ибалы азамат болып қалыптаса алады.

Осындай балаларға жылуын, көмегін және қамқорлық жасап жүрген балаларға жастарға жан жылуын беріп жүрген қол ұшын беріп отырған қызмет жасап жүрген колледждің бас директоры  медицина ғылымының докторы, профессор Саурбек Рузуддинов мырза.Саурбек мырзаның басқарып отырған оқу орны медициналық-стоматология колледжі. 1992 жылдан бері жастарға білім беріп мамандық иесі атанып мыңдаған шәкірттер медицина саласында қызмет жасап жүр.Оқу да мүмкіндігі шектеулі, жетім, көп балалы, жартылай жетім, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көп көмек беріп келеді. Әр баланың әлеуметтік жағдайына қарай оқу ақысынан жеңілдіктер жасап, қол ұшын беріп келеді. Әр бір отбасының әлеуметтік жағдайын, тұрмыс тіршілігін бақылап қадағалап барынша, қолдан келгенше көмек беріп келеді. Колледжде жетім балалар үшін – 100%  жеңілдікпен оқиды.Ата – анасы мүгедек балалар үшін -20%. Көп балалы отбасына – 20%. Жартылай жетім балалар үшін – 10%. Әлеуметтік отбасы төмен балаларға – 20% Осындай жеңілдіктер жыл сайын беріп келеді. Жыл сайын берілген жеңілдіктер саныды көбейіп келеді. Бұл тек студенттерге оқу ақысына берілген жеңілдіктер. Жылда жеңілдіктер 7 – 8 млн тенгені құрайды. Осындай үлкен оқу орны болмасада балалар берілген көмек өте үлкен.Сондықтанда осындай қол ұшын беріп, балалар көмек беріп отыратын осындай мекемелер көп болса біздің елімізде де әлеуметтік отбасы нашар жанұялар саны да қазіргідей көп болмас еді деп ойлаймын. Биылғы оқу жылдың өзінде колледжімізде оқу ақысын 100% жеңілдікпен – 2, 50% жеңілдікпен – 10 бала, 20% жеңілдікпен – 63 бала,10% жеңілдікпен – 48 бала білім алып отыр. Олардың ішінде ата – ананың қамқорлығынсыз қалған, көпбалы отбасы, жетім, ата – анасы мүгедек, 18 жасқа толмаған 4 немесе одан көп балалы отбасынан шыққан, осы оқу орнында бір отбасынан 2 бала оқыса, міне осындай балаларға берілді. Колледжде жатаханасы да бар. Жатаханада әлеуметтік жағдайларына қарай беріледі. Балаларға берілген жан- жылуы осы емеспе?

«Бала адамның бауыр еті» дейді. Шынында, өмірден алғанымыздың ең жақсысын ішкі жан дүниемізбен осы балаларға бергіміз келеді. Адам өмірде өз мақсаттарына жету үшін, күш жігерімен білім алып, өмірге көз жүгіртіп, өмірден сабақ алады. «Адам өмірде барлығын жүре үйренеді» дегенді жие айтамыз балалар өздеріне аз да болса ұғып түсініп алар деген ойлаймыз.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *