Физиканың аспаз өміріндегі атқаратын рөлі
Бұхаева Жадыра Қанатовна
Физика дегеніміз – әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым екенін бәріміз білеміз. Негізінен, бұл пән заңдылықтар мен күшті, масса мен энергияны зерттейтіні баршаға мәлім. Бірақ, бұл мақаланың тақырыбын оқи отырып, физика пәнінің аспаздарға не қатысы бар екен деген сұрақ туындайды. Оған жауап мынадай. Мен, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің 2 курс студентімін. Мамандығым – аспаз. Физика пәнінің аспаз мамандығына тығыз байланысты екеніне толығымен көзім жетті. Біз тіпті, бұл жайында ашық сабақ та өткіздік. Сабақтың тақырыбы “ Қатты денелердің механикалық қасиеттері” деп аталады. Бұнда кристалдар, аморфты денелер, дефформация, сублимация және деффузия құбылыстарын танып білдік. Группаластарым 3 топқа бөлініп, әр түрлі, физикаға байланысы бар тағам түрлерін дайындадық. Сергіту сәтінде, слайм ойыншығынан әр түрлі фигуралар жасап, әсем әуенге қимыл жасап, қол шынықтырдық.
Әрбір тағам түрі ұсынуға дейін көптеген өңдеу түрінен өтетіні баршаға белгілі. Аспаздықтың физикаға байланысы мынадай, мысалға: сублимация – заттың қатты күйден газ тәріздес күйге ауысуы. Бұл процесс аспаздар тілімен мұздатылған өнімді еріту болып табылады. Тағы да, деффузия – бұл заттың бір күйден басқа күйге өзгеруі. Ал бізде, осы жолмен безе, құрт, тәтті тоқаштар дайындалады. Сондай-ақ, қатыру, мұздату,салқындату түрлері де жатады. Өздеріңіз күнде көріп жүрген желе, балмұздақ, холодец, тіпті толық өңдеуден өтпеген шалафабрикаттар да осы жолдармен жасалады.
Сонымен қатар, ғарышкерлердің аптап немесе айлап тамақтанатын қоректері де осы физикалық жолмен, аспаздық өңдеуден өтеді. Міне, физика пәнінің аспаз өмірінде атқаратын рөлі зор екендігіне көздеріңіз жеткен болар. Тек осы қатарда жазылған тағамдар ғана емес, күнделікті өмірде, сіздер қолданып жүрген шала фабрикаттар, тәтті тоқаштар мен салаттар физикалық өмірде де, аспаздар ас үйінде де, дайындалу жолына қарай, сіздер мүлде ойламаған екі мамандықты өзара байланыстырып тұр. Сол себептен, болашақта аспаз болам деушілерге айтарым, әр пәнді сүйіп әрі түсініп оқу қажет, себебі ол болашағыңа керек болары сөзсіз!
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Кронгарт Б., Кем В., Қойшыбаев Н. 2006 ж. «Физика» 10-сынып баспасы;
- Тұяқбаев С., Насохова Ш., Кронгарт Б., Кем В., Загайнова В. 2007 ж. «Физика» 11-сынып баспасы;
- “Homefizika.narod.ru” мақалалар сайты;
- “Pictame.com” мақалалар сайты.