Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі

Мақсаты: Құм терапиясының элементтерін және М.Монтессори әдісін қолдана отырып, ойлау қабілетін, тілін, қол, саусақ моторикасын дамыту. Өз жұмысын басқаруға және негізгі түстерді ажырата білуге үйрету. Геометриялық пішіндерді ажыратып, салыстыра білуді нақтылау. 1 – 3-ке дейінгі сандарды қайталатып, білімдерін бекіту. Берілген тапсырманы шыдамдылықпен, тыңғылықты орындауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап.

Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндер, құм, асықтар, қылқалам, кір қыстырғыш.

Билингвальді компонент: Пішін – фигура, құм – песок.

 

Іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың

іс – әрекеті

 

 

Ынталандырушы – оятушы

Жылулық шеңбері:

Қайырлы күн, Алтын күн!

Қайырлы күн, Жер – Ана!

Қайырлы күн, көк Аспан!

Қайырлы күн, достарым!

 

Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы – ізденуші

-Балалар, бүгін біз геометриялық пішіндер еліне саяхаттаймыз.

-Ерте, ерте, ертеде, математика атты патшалықта, Есепбике деген ханшайым өмір сүріпті. Жалғыз тұрып, іші пысқан ханшайым былай деп армандапты:

-«О, шіркін! Менің мынандай сарайымда көп достарым болса ғой, мен олармен бірге ойын ойнап, көңіл көтерер едім»

-Есепбике ханшайым, мұңаймаңыз, міне достарыңыз отыр. Олар сізбен ойын ойнағысы келеді. Солай ма, балалар?

Есепбике ханшайым: Менің сендерге тапсырмаларым бар.

-Мынау қандай пішін?

-Неге ұқсайды?

 

 

Менің көк түсті қалташамдағы тамсырмамды орындаңдар. Көк түсті қалташадағы тапсырманы көрейін. Мұнда ойын беріліпті.

Дидактикалық ойын: «Бір түсті пішіндерді топтастыр»

Мақсаты: Балаларды пішіндерді, түстерді ажыратуға, топтай білуге үйрету.

 

 

 

Есепбике ханшайым: Ал, мына пішінді атап беріңдерші?

Енді, менің қызыл қалташамдағы тапсырмамды орындаңдар.

 

Дидактикалық ойын: «Бірдей пішіндерді сана»

Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру.

Есепбике ханшайым: Мына пішін қалай аталады?

Олай болса, қызыл түсті қалташадағы тапсырманы да көрейік.

 

 

Дидактикалық ойын: «Кірпіге көмек»

Мақсаты: Балаларды зеректікке, санауға үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Сергіту сәті:

«Көңілді күн» әні

 

Балалар, осы пішіндерді құм бетінде салып көрейік.

Балаларға пішіндер алғызу арқылы үш топқа бөлу.

1 – ші топ: Есепбике ханшайымға сыйлық ретінде, құмның ішінен асықтар тауып, моншақ құрастырады.

2 – ші топ: Құмның ішінен пішіндер алып,  түстеріне қарай пішіндермен сәйкестендіреді.

3 – ші топ: Құмның ішінде асықтармен сандар құрау және санау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешіні тыңдайды.

 

 

-Ия.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойын шартына сай, бір түсті пішіндерді топтастырады.

 

 

Балалар бірдей пішіндерді санайды.

 

 

 

 

Балалар үлгідегідей кірпінің үстіне кір қыстырғыш тағады.

 

Балалар шеңберге тұрып, сергіту жаттығуын орындайды.

 

 

 

 

 

Балалар үш топқа бөлініп, құмды пайдаланып, тапсырмалар орындайды.

 

Рефлексивті

 – түзетуші

Балаларға сұрақ қою арқылы оқу қызметін қорыту.

Балаларды мадақтау.

Есепбике ханшайыммен қоштасу.

Балалардың жауабы.

 

 

Сау болыңыз!

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Балалар геометриялық пішіндерді, түстерді ажырата және атай білуі керек.

Түсінуі: Тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындауды үйренді, геометриялық пішіндерді атай біледі.

Қолданылуы: Геометриялық пішіндерді толықтырып, орналастыра біледі. М.Монтессори әдісі және «Құм терапиясы» бойынша жұмыс жасай алады.

Алматы облысы, Талдықорған қаласы, № 10 балабақша тәрбиешісі: Мусабекова Жадыра Мароатовна

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *