Жәндіктер
Муратова Айбарша Утепқызы
Мақсаты: Пропорцияларды сақтап, саусақ пен алақан қозғалыстарын пайдалана отырып екі бөліктен тұратын заттарды мүсіндеу. Балалардың қол қимыл әрекетін жетілдіру, Шығармашылық пен жұмыс істеуге дағдыландыру
Дамытушылық: есте сақтау қабілеттерін, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Жәндіктерге дегенқам қорлық сезімдерін ояту, балаларды ұқыптылыққа, еңбекке тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар: -слайд. Қажеттіқұрал-жабдықтар: табиғи материалдар, ермексаз, тақтайша, сулы орамал.
Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, айту,
Тәрбиешініңіс-әрекеті. Балалардыңіс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы.
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз, қандаймыз Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Жабырқауды білмейміз. Қайырлы күн апайлар!
Балалар шаттық шеңберін жасайды.
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Қазір қай мезгіл? Көктем мезгілінде неше ай бар?
Тақтаға назар аударайық. Балалар біздер көктем мезгілінде өсетін қандай гүлдерді білеміз? Балалар гүлдердің түстері қандай? Жарайсыңдар балалар!
Құстар туралы сұрау. Жануарлар туралы сұрау -Балалар біз жәндіктер туралы білемізбе? Олай болса тақтаға назар аударайық. Қандай жәндіктерді білесіңдер? Олардың тыныс тіршілігі туралы кім айтады? Жәндіктерге, көбелектер, қоңыздар, шегірткелер, құмырсқалар, аралар, қанқыздар жатады. Соның ішінде біздер бүгін қанқыздың бейнсін мүсіндейміз. Қанқыздың бізге тигізетін зияны жоқ, оны қолға ұстасақ өрмелеп жүреді, қанаттарын жайып ұшады. Оны өлтіруге болмайды. Ол үш бөліктен тұрады. Басы, денесі, аяғы. Оның көзі үлкен болып келеді.Қанқызды құстар жемейді.Қанқыз екі ай немесе бір-екі жыл өмір сүреді.
-Ал құстар осы жәндіктермен қоректенеді
-Балалар, біз бүгінгі сабағымызда қанқызбен таныстық.
-Енді өзіміз қызыға танысқан қанқызды мүсіндеп көрейік
-Қанқыздың түсі қандай еді?
-Ия түсі қызыл, аяғы, басы, мұртшасықара, үстін деұсақ-ұсақ қара нүктелері бар.
Қанқыз мүшесінің жасалу жолы:
1-жолы. Қызыл ермексазды жағу, сылау әдісі бойынша
2-жолы. Аяқтары мен мұртшасын жасау үшін ермексазды бірдей қалыпта шығыршықтаймыз.
3-жолы. Қара ермексаздан бірнеше ұсақ дөңгелектер жасаймыз.
4-жолы. Қызыл ермексаз тегістеліп жағылған үстіне ұсақ қара дөңгелектерді орналастырып, аяқтарын иіп, қосып біріктіреміз.
Сергіту сәті:
Күн болын жайнайық, Мөлдір су болып ағайық. Гул болып жайнайық, Терең терең демалып. Жүгіріп жүгіріп алайық.
Балалар тәрбиешінің айтқанына орай қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар қызығушылықпен қанқызды мүсіндеуге кіріседі.
-Балалар, бүгін біз сендермен қандай оқу-қызыметін өттік?
-Нені мүсіндеп үйрендік?
-Қандай табиғи заттарды пайдаландық?
-Жарайсыңдар, балалар, жасаған жұмыстарымыз өте әдемі болып шықты.
-Балалар, тәрбиешіліріңмен серуенге шыққанда қанқызын бақылауға болады.
-Мүсіндеу.
Күтілетін нәтиже: Біледі: қанқыздың жәндікке жататындығын; Игереді: қанқызды табиғи материалды пайдалана отырып мүсіндеуді; Меңгереді: қанқыздың шөпте мекендейтінін;
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718