Ойыншықтар әлемі

Оракбаева Нурайлым  Болаткалиевна

Мақсаты: Сызба нұсқасы бойынша бейнелі әңгіме құрастыра білуге,
жасалуы бірдей заттарды топтастыруға, сөйлеу барысында:
ағаштан, резеңкеден, пластмассадан, матадан деген сөздерді қолдана
алуға үйретуді жалғастыру. Ойыншықтардың атын, түсін және
қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын білуге үйрету.
Балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік
қорларын дамыту.

Көрнекіліктер: ойыншықтар, сиқырлы қорапша.

Әдістер: ғажайып сәт, жұмбақ жасыру, сұрақ-жауап, әңгімелету, өлең
оқу, ойын ойнату.

Сөздік жұмыс: резеңкеден, пластмассадан, ағаштан, матадан.

Кіріспе бөлім:

Шаттық шеңбері

Сәлем саған алтын күн!

Сәлемсағанкөкаспан!

СәлемсағанжерАна!

Сәлеметсіңбе, достарым?!

Негізгі бөлім:

Тосын сәт:

Есік қағылып хат тасушы топқа сиқырлы қорапшаны алып келеді.

− Ой, балалар қараңдаршы бұл қандай қорап болды екен?

-Қорапты ашып қарайықшы.

-Балалар, мұнда әсем, әдемі ойыншықтар бар екен.

− Балалар мына жұмбақтың жауабын шешіп көріңдерші:

Тепсең-ақ секіріп, ұстатпай қашады,

Бір жерге бекініп, тұра алмай сасады.

Олне?. (доп)

−  Балалар доптыңпішініқандай?

− Доптыңтүсіқандай?

− Допнеденжасалған?

− Кімдоптуралытақпақбіледі?

 

Машинаныңсуретінкөрсетіп,

Балалар бұл не ?

− Ал, машина неденжасалған?

− Кіммашинанысипаттапайтыпбереді?

− Кім машина туралытақпақбіледі?

− Ал енді, мынажұмбақтыңшешуінтабыңдар:

Салпаңқұлақ ,масақмұрт,

Қыликөзді, жырықұрт,

Көлеңкесіненқорыққан,

Үрейдейді оны жұрт. (қоян)

− Бұл не балалар?

− Қояннеденжасалған?

− Қояндыкімсипаттапайтыпбереді?

– Кімқоянтуралытақпақайтады?

− Балалар, ендімынажұмбақтыңжауабынтауыпкөріңдер:

Асты, ұйқыныбілмейтін,

Мұндай бала көрсемше.

Жүгірмейтін, жүрмейтін,

Жыламайтын, күлмейтін.

− Бұлне?.  (қуыршақ)

− Балалар, дұрыс айтасыңдар бұл қуыршақ, аты -Әйгерім.

− Қуыршақтың киімін кім сипаттап айтып береді?

− Қуыршақ неден жасалған?

− Кім қуыршақ туралы ән  біледі?

 Ән: «Біздерде бар қуыршақ»

− Балалар, міне сендермен бірге ойыншықтардың неден жасалатынын білдік.

Яғни ойыншықтар: резеңкеден, пластмассадан, ағаштан, матадан жасалады екен.

Сергіту жаттығуы.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жөнелді.

− Балалар, егер бір ойыншық болса, біз ойыншық дейміз. Ал, бірнеше ойыншық болса, ойыншықтар дейміз. Сол сияқты бірнеше ойыншық атауларын жекеше және көпше түрде айтқызу.

Тіл жаттығу:

До-до –доп,

Ян-ян-ян-жүгіріп жүр қоян.

Ойын: «Ғажайып қалта»

Шарты: Баланың көзі байланып, қалтадан бір ойыншық алады да, сипап сезу арқылы неден жасалғанын айтады. Содан кейін көзін шешіп ойыншықты сипаттап айтып береді, алдын ала жасалған үйдің біріне апарып кіргізеді. Ойыншықтың неден жасалатынына қарай «жасыл түсті үйге – матадан», «қоңыр түсті үйге – ағаштан», «қызыл түсті үйге – пластмассадан», «көк түсті үйге – резеңкеден» жасалған заттарды кіргізу керектігін балаларға түсіндіру.
Қорытынды  бөлім:

 -Ойыншықтар туралы не білдік?

 -Ойыншықтарды күтіп ұстап , сындырмау керектігін  білдік?

 -Балаларсендергекөп –көпрахмет!

Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау

Балаларды мақтап мадақтап смайлик тарату.

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *