Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үрдісін дамыту жолдары
Ондаева Анаргуль Елтаевна
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. танымдық үрдісін дамыту; өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту; өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.
Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі, 4-5 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады
Баланың ойында не бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені үйреніп келеді дегенді анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру балалар психологиясының маңызды міндеті. Сол себепті балалардың физиологиялық-психологиялық дамуына ерекше көңіл бөлініп, жағдай жасалынуы қажет.
Балабақша оқыту-тәрбиелеу бағдарламасының мазмұны мен талаптарын орындау мақсатында төмендегі қағидаларды негізге алады:
- Бала өмірін сақтау, денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін
дамыту, ұлттық дәстүр негізінде салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру;
- Баланың танымдық дамуы, интеллектуалдық іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастыру, танып білуге қызығушылығын арттыру;
- Баланың бойында эстетикалық сезімді дамыту, бейнелеу, көркемдік-тілдік, музыкалық іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту;
- Баланың сөйлеуін және ана тілін, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;
- Халықтық салт-дәстүр негізінде ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Балабақша табалдырығын аттап келген әр баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау, оған заман талабына сай тәрбие мен білім беру – кез-келген педагогтың басты міндеті.
Ал, бұл міндет кез-келген балабақшада жетекші бағдарлама, сонымен қатар жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт көмегімен жүзеге асады.
Қазіргі таңдағы кез-келген педагогтың алдына қойылатын негізгі міндет – баланың танымдық әрекетін ұйымдастыру және оны басқаруды үйрену, балаға белгілі нәтижелерге қол жеткізу үшін оның өздігінше еңбектенуін ұйымдастыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында– баланың танымдық үрдістері: тілі (сөйлеу), қабылдауы, ойлауы, зейіні, есте сақтауы, қиялы дамиды.
Балаларға экологиялық тәрбие беруде педагогтың ұйымдастырған жылулық шеңбері арқылы баланың сөздік қоры молаяды. Достарының қойған сұрағына ойланып жауап беруге талпынады, серіктерінің ой-пікіріне зейін аударады.
Ал қоршаған ортамен таныстыруда кеңінен қолданылатын тәжірибе жұмысын жүргізу баланың логикалық ойлауын дамытып, ой өрісін кеңейтеді. Одан алған әсерін үйдегі ересектерге хабарлап айту арқылы баланың есте сақтау қаблетінің көлемі ұлғаяды, әңгіме, ертегілерді оқып, әңгімелеп беру арқылы бала тілі жаттығады, ойдан ертегі немесе өлең, әңгіме құрау барысында қиялы дамиды.
Балаларды әңгімелесуге тарту арқылы педагог шығарманың мазмұнын толық және терең қабылдауына көмектеседі. Қандай да бір ойыншықты немесе көрнекі құралдарды қолдану арқылы бала зейінін шоғырландыра алады.
Апта бойы қабылдаған ақпаратты ой елігінен өткізіп, есінде қалған тұстарын айту арқылы құрбыларымен пікір-таласқа түсіп, шығарма кейіпкерін елестетіп, оған өз қиялын қосып кейіптендіруге жаңаша рең береді. Бала өзінің барлық ойлағанын, қоршаған ортадан алған әсерлерін тірі бейнеге немесе әрекетке енгізуге тырысады.
Балалардың кейіпкерлер сөздерін жаттанды түрде айтуы, шығарма мазмұнын нақты әңгімелеу – басты мақсат болмағандықтан, балаға өз сөзімен, білгенімен, сөздік қорының мөлшеріне қарай әңгімелеуге мүмкіндік туады. Бала өзіне түсінікті сөздерді қолдана отырып серіктерінің ортасында өзін жақсы сезінеді.
Педагогтың шебер басқаруымен балалар есте сақтаған материалдарын дамытуға, әңгімелеуге, тілін ертегі желісін басқаша аяқтап дамытуға, шығарма кейіпкерінің жақсы мен жаман мінез-құлқын ой елегінен өткізіп қорытынды жасай білуге үйренеді.
Балалардың психикалық үрдісін дамыту, оны тиімді арнаға бұруда ұсынылатын ұсыныстар:
- жылулық шеңберінде дайын өлең тақпақтарды жатқа айтып қана қоймай, баланы ойландыруға, сөйлеуге жетелейтін көрнекі құралдар қолдану;
- шығарманы талдағанда мүмкіндігінше баланың жауаптарын толық тыңдау;
- қойылған сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру;
- кейіпкер сөзін өз сөзімен әңгімелеуге итермелеу;
- бала жауабын толық тыңдау, өзі айтып беріп оны қайталатпау;
- баланың кез-келген жұмысын бағаламастан бұрын оның өз ойын білу;
Қазіргі уақытта танымдық үрдістерін дамытатын ойын жаттығуларды, әнгімелерді көптеп кездестіруге болады.
«Таным» балалардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттырып, экологиялық білімді меңгеруге, экология – тірі организмдердің тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін, биологиялық ғылым екенін түсіндірумен қатар, адам табиғатты, оның байлығын сақтай білуге, жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарларды қорғап, адамдардың рахымсыз іс-әрекеттерге бармауына, табиғат тазалығын сақтауға үйретеді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718