Менің елім Қазақстан
Манасбаева Бақыт Болатқызы
Мақсаттары:
Білімділігі:Ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды әрі қарай жалғастыру.
Дамытушылығы:Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуларын тексеру, сын тұрғысынан ойлау, еске түсіру, байқампаздық қасиеттерін дамытуды әрі қарай жалғастыру.
Тәрбиелігі:Отанды құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.
Қостілділік компонент:Отан – Родина, рәміздер – символика, елбасы –президент
Меңгерілетін сөздер:көгілдір аспан, алтын күн, қыран құсбүркіт,қанатты пырақ, бес бұрышты жұлдыз.
Құралдар:интерактивті тақта,проектор, «Сыйқырлы қалам» әдістемелік құралы, доп, шығыршық, дорба, торсық, қамшы, асық, домбыра.
Сәлемдесу.
Шаттық шеңбері
Аспан ашық болсын!
Күн қайырлы болсын!
Күн шуақты болсын!
Шаттыққа толы болсын!
Балалар ,біздің балабақшамыздың білім кристаллын ұрылар ұрлап бара жатқанда, құлатып алыпты. Білім кристаллы бикітен құлап, бірнеше кішкене кристалдарға бөлініп кетіпті.
Біздің мақсатымыз сол білім кристаллын балабақша ішінен іздеп табу. Іздеуді бірінші этаждан,мына экран арқылы іздейміз.
- Хатшы кабинеті.
Хатшы:
– Иә, менде кристал бар. Бірақ сендер кімсіңдер? Мен сендерді танымаймын. Өздеріңді таныстырып өтіңдер.
– Сенің атың кім?
– Сен неше жастасың?
– Сен қайда барасың?
– Сен қай қалада тұрасың?
(Мұғалім кристалдың 1 бөлігін алып, тақтаға жапсырады)
Сәлеметсіз, бе! Сізде кристалл бар ма?
4-5 бала кезекпен жауап береді.
Менің атым ….
Мен 6 (7) жастамын.
Мен балабақшаға барамын.
Мен Сәтбаев қаласында тұрамын.
Келесі кабинет – есепші кабинеті. (теледидар қосылады)
Есепші:
– Иә, менде кристалл бар. Егер сендер менің сұрағыма жауап берсеңдер,кристаллды беремін.
Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар біз есепші апайға еліміздің әнұранын айтып берейік.
Балалар сендер Отан жайлы мақал –мәтелдер де білесіңдер. Қане есепші апайға айтып берейік.
(Мұғалім кристалдың тағы 1 бөлігін алып, тақтаға жапсырады)
Әрі қарай – ас үй. Аспаз апайдан сұрайық. (теледидар қосылады)
Аспаз:
– Менде кристалл бар. Егер сендер менің бір сұрағыма жауап берсеңдер,кристаллды қайтарамын.
Қазақстан мемлекетінің елбасысы кім?
Талшын өзінің елбасы жайлы тақпағын айтып береді.
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Халқымның бар –Президенті.
Ол да аямай жанды салды,
Жету үшін мұндай сыйға.
Нұрсұлтан Назарбаев – елбасшы
Көңідегі тудай сыйла.
Рахмет.
(Мұғалім кристалдың тағы 1 бөлігін алып, алдыңғы бөліктерге қосады)
Ойын «Сыйқырлы дорба»
Торсық, қамшы, асық, домбыра.
Балалар сыйқырлы дорбамыздың бетінде не бейнеленген?
Би «Киіз басу»
Қазақстан мемлекетінің елордасы қай қала?
Астана жайлы Айдар тақпағын айтып береді.
Рахмет.
(Мұғалім кристалдың тағы 1 бөлігін алып, алдыңғы бөліктерге қосады).
Қимылды ойын «Бәйтерек»
Балалар біз бірінші қабаттан кристаллды іздеп болдық,енді екінші қабаттан іздестірейік.
Психолог кабинеті.
Гүлден Абулкасымқызы сізде кристалл бар ма?
– Менде кристалл бар. Менің сұрағыма жауап берсеңіздер,сіздерге кристаллды беремін.
Қазақстан мемелекетінің рәміздерін атаңыздар?
Мнемокесте арқылы Аслан, Медина Гүлім тақпақтарын айтып шығады.
Айнымайды аспанан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй,
Қалықтаған жас тұлпар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі.
Әнұраны елімнің,
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның,
Болашағы бірлікте.
Сергіту сәті.
Жоғары қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға ,солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
Ал мына жерде логопед апайымыз бар. Ол кристалл ұшқындарын көрмеп пе екен, сұрайық.
– Сізде кристалл бар ма?
Балалар,жарайсыңдар! Сендер өте маңызды,жауапты іс атқарып жатсыңдар. Менің де сұрағыма жауап берсеңдер,криссталды беремін.
Қазақстан мемелекетінің рәміз- дерінің авторларын білесіңдер ме?
-Жарайсыңдар!
(Мұғалім кристалдың тағы 1 бөлігін алып, алдыңғы бөліктерге қосады)
Балалар сендерді рәміздерді ,олардың авторларын жақсы біледі екенсіңдер.
Ал енді назарларыңды мына сыйқырлы теледидарға бұрыңдар.
Рәміздерде не бейнеленгені жайлы білетін боламыз.
Қараңдар, балалар, кристаллды жинап болуға таядық . Енді бір бөлігі ғана қалды. Бірінші,екінші қабаттарда барлық жерді қарадық. Үшінші қабатқа көтеріліп көрейік.
Аға тәрбиешілер:
-Айналайын, балалар! Менде кристалл бар. Бірақ сендер менің тапсырмамды орындасаңдар ғана оны беремін.
Қазақстан мемлекетінің мемелекеттік тілі қай тіл?
Рахмет! Жарайсыңдар!
Ойын «Туған жерді гүлдендір!»
Балалар біз Отанымыз жайлы білетіндерімізді көрсете білдік. Елімізде тыныштық болсын,отанымыз гүлдене берсін деген тілекпен мына картаға гүлдерді жабыстырайық.
Үш тілде «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындау.
Міне, кристаллды толық жинадық. Енді біздің балабақшаның білім кристаллы орнында.
Мына кристалл ұшқындарын топтарыңа сыйлаймын. Сендердің білімдеріңді ұштайтын тұмарларың болсын.