Жабайы аңдар

Тәрбиеші: Омархалыкова Гульнара Асылбековна

Білім беру саласы:Коммуникация;Шығармашылық.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту; Жапсыру

Мақсаты:Балаларға толық сұраққа сөйлем құрап, жауап беруге үйрету.
Жабайы жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру:
мекені,қоректенуі туралы түсінік беру.Жабайы аңдарға байланысты
тақпақ,Жұмбақты пайдалана отырып ,әңгіме құрауға үйрету .

Дайын  форманы ақ қағаз  бетіне  дұрыс  орналастыруға уйрету.

Көрнекілігі:Жабайы аңдар  суреті.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Билингвальды компанет:Қоян-заяц ,қасқыр –волк.

Сөздік жұмыс :Қонжық ,көжек

Кіріспе  бөлім:

Тәрбиеші:

Біздің ұл-қыздарымыз,

Тату-тәтті ойнайды.

Әлемдегі бар адамға,

Тек жаксылық сыйлайды,-деп.

-Балалар, бір-бірімізге,келген қонақтарға арнап жылы сөздермен жақсы тілектерден бастайық.

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем  мезгілі.

-Өте дұрыс, көктем айларын атап беріңдерші?

Айару:

-Наурыз, сәуір , мамыр .

-Көктем ерекшіліктерін атап беріңдерш?

Әмина:

Күн жылынады ,ағаштар гүлдейді.

-Адамдар жылы киімдерін тастап, жеңіл, киімдерін киеді,

Құстар ұшып келеді.

-Ия, өте дұрыс айтасындар.

Негізгі  бөлім:
-Енді балалар, сендер қандай аңдарды білесіңдер? Ол аңдарды қайдан көрдіңдер?

-Дұрыс айтасындар бүгін біз «жабайы аңдар» жайлы әңгімелейміз.

Жабайы аңдарға қоян, қасқыр, түлкі, арыстан, жолбарыс, жатады.

Балалар, жабайы аңдар орманда, таулы жерлерде, далада өмір сүреді. Өз азықтарын өздері тауып  жейді.

Олар күннің суығында, ыстығында да далада жүріп өмір сүреді. Аңдар жыртқыш және пайдалы болыпбөлінеді. Жолбарыс, арыстан, аю, қасқыр- жыртқыш аңдар қатарына жатады. Солардын ішінде арыстанды – аң патшасы деп атайды.Балалар, аңдардың да пайдасы бар. Олардың терісінен тон,  ішік, жаға, киім-кешектер жасалады.

Дидактикалық ойындар: «Немен қоректенеді?»

1.Қасқыр , жолбарыс –өзінен кіші аңдарға шабады .

2.Түлкі-ұсақ кеміргіштер , көбінесе  тышқандармен қоректенеді.

3.Қоян –шөптермен қоректенеді .Ең сүйікті тағамы  -сәбіз.

4.Аю –жазда жеміс –жидектермен ,бал жейді ,ал қыста ұйқыға кетеді .

Аюдың баласын – қонжық,

Қасқырдың баласын –бөлтірік ,

Қоянның баласы-көжек,

Жолбарыстың баласы-көнжік ,

Түлкінің баласын –мышан .

Балалар енді осы аңдарға байланысты жұмбақ айтамын

1.Ит сияқты пішіні ,

Ұнатпайды кісіні .

-бұл жұмбақтың жауабы (қасқыр )

2.Жазда қырады,

Қыста тынығады .

-Бұл жұмбақтың жауабы(аю

3.Орғыған қорқақ көз еді,

Қыспен жазда тон киеді.

-Бұл сұрақтың жауабы:-қоян.

4.Қу екен аңдардың бір сәтте алдадым.

-Бұл Жұмбақтың жауабы:(түлкі)

– Өте дұрыс ,сендер , жұмбақты  да шеше білесіңдер.

Сергіту сәті:

Қасқыр ағаш жарады ,

Түлкі кілем қағады.

Елік тамақ пісіріп ,

Қоян тамды жабады .

Кірпі көилек тоқиды ,

Тиын сабақ оқыды .

Жарайсыңдар балалар орындарыңа отыра қойыңдар .

Ал енді балалар кім маған аңдарға байланысты  өлең оқып береді?

Толғанаи:

-Өзім айлакер ,өзім қу,

Жүрген жерім айқай шу.

Қайсар :

Қасқыр жорта түнімен,

Күндес болып күнімен .

Қасқыр жорта түнімен ,

Аңыз болып  айменен .

Айару:

Ақ қоян-ау  ақ қоян ,

Үркек қоян сақ қоян .

Дыбыс  шықса қашасың,

Белден бірақ асасың.

Әмина :

Аю отыр тартада  ,

Екі қолы қалтада .

Апай сабақ сұраса ,

Ұйықтап қапты масқара.

Жарайсыңдар балалар .

-Ал енді , балалар ,аңдардың кейіпкерлері бар қандай ертегілер білесіңдер ?

Бәріміз бірге айтайықшы .

« Қызыл телпек»,  «үйшік»  ,  «Бауырсақ»

-Өте жақсы , балалар ,сендер  көп ертегі біледі екенсіңдер.

Қызықтыру  сәті:

Қонаққа қоян  келеді.

Қоян:

Балалар менің сәбіз жегім келіп тұр .

Балалар шығармашылық  орталыққа барып  ақ қағаз бетіне  қиылған  сәбіздерді  жапсырады .

Балалар жапсырған сәбіздерін   қоянға сыилайды .
Қорытынды  бөлім:

Қоян балаларға  ризашылығын  білдіреді.

Қоян қоштасып кетеді .

Балаларды  мақтау ,мадақтау.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *