Болашағы жарқын оқу ордасы

Эльмира Нұрпейісова

Биыл жыл біз үшін ерекше жыл болып тарихқа енді. Себебі бұл жылы еліміздің тұңғыш астаналарының бірі болған Қызылорда қаласының  құрылғанына 200 жыл толуымен бірге  өлкемізде  ең алғашқы медициналық білім беретін іргелі оқу орны – Қызылорда медициналық жоғары колледжінің 90 жылдығы атап өтілді. Елба-сының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық ма-қаласы негізінде санамыздан бастап, қоғамымыздың барлық саласы жаңғыруға бет алды. Рухани жаңғыру жолымен келе жатқан өлкеміз үшін ғана емес, барша аймаққа орта арнаулы білімді медицина мамандарын даярлауға атсалысып келе жатқан Қызылорда медициналық жоғары колледжі өңіріміздегі кәсіби маман дайындайтын бірден-бір оқу орны. Бұл оқу орны бүгінде республикамыздағы сапалы білім беретін іргелі оқу орындарының бірінен саналады. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында ашылып, сол дәуірде үлкен әлеуметтік-саяси маңызды білім ордасы болды. Қызылорда қаласында медициналық білім беру, осы өңір үшін кадр дайындау ісінің барлығы да 1928 жылы ашылған «Аймақтық акушерлік техникумның» медицина мамандарын дайындайтын бес жылдық мектептен басталды. Сондықтан да бүгінгі күні тоқсан жылдық тарихи тойын мерекелегелі отырған Қызылорда медициналық жоғары колледжін тұтас Сыр өңірінің медициналық кадр дайындау мектебінің «іргетасы, негізі» деп атауға әбден болады. Қаншама  орта буын медицина мамандарын ең алғаш медициналық білім нәрімен сусындатқан оқу орнының өлкеміздің Денсаулық сақтау саласына қосып келе жатқан үлесі ұшан-теңіз. Себебі, колледжіміз бүгінгі күнге дейін өзінің абыройлы білім ошағы екенін үнемі дәлелдеп келеді. Сондықтан оқу орнымыз  әлемдік дең-гейдегі колледждермен бәсекелес бола алатыны айқын. Бірегей оқу ордасы талай қаракөздердің болашағына сенім ұялатты, үміт отын жақты, үлкен өмірге жолдама сыйлады. Қызылорда медициналық жоғары колледжі 30 мыңнан астам орта буын  білікті мамандарды түлетіп ұшырды. Ол түлектердің барлығы  қиян түкпір, шалғай ауылдардан бастап бүкіл облыс, тіпті республика халқының денсаулығын сақтауға үлестерін қосты, алдыңғы буынның ісін кейінгі толқын ізбасарлары жалғастырып, адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін аянбай күресіп, адал еңбек етіп келеді. Сапалы дәрігерлік-оқытушылық құрамымен білім ордасы бұл түлектердің барлығына алтын ұя болды. Сол 30 мыңнан астам түлектердің ішінде елімізге еңбегі сіңген, халқы үшін қызмет етіп келе жатқан қаншама медицина майталмандары мен еліміздің құрметті қайраткер азаматтары мен азаматшалары шықты. 1932 жылы ең алғашқы түлектер сол кезеңде өлкемізді жайлаған түрлі жұқпалы аурулардың жайлаған заманында оқуды бітіріп, онымен күресіп, қиын кезеңде ең алғашқы еңбек жолдарын бастады. Одан кейінгі жылдардағы түлектердің  қызметі Ұлы Отан соғысымен қат-қабат жүріп, кәсіби маман ретінде  майданда шыңдалды. Ұлы Отан соғысына барлық халық секілді ерікті түрде қатысып, жаралыларды соғысқа және өндіріске қайта қосуда түлектердің барлығы дерлік  тер төгіп, ерлік жасады. Солардың ішінде  оқу орнының 1939 жылғы түлегі, соғыстан кейінгі қызметін әскер қатарында жалғастырып, қазақтың алғашқы генералдарының бірі атанып, 18 жыл бойы Қазақ КСР Ішкі істер министрінің орынбасары болған Нұролла Әлмағанбетов – бүгінде біздің ғана емес, күллі облысымыздың мақтанышы, республикамыздың мәртебе тұтар ардагері. Кейін облыстық ішкі істер басқармасының бас ғимаратында Нұролла ағамызға ескерткіш тақта орнатылып, оның ашылу рәсіміне колледж оқытушылары мен оқушылары қатысқан болатын. Майданнан аман орлағаннан кейін институт бітіріп, көп жылдар бойы жүйке-психика аурулары диспансерінің бас дәрігері болған Тұрсынбай Әшімов, соғыстан кейін де, отставкаға шыққанша әскери дәрігер болып істеп, 20 жылдан аса облыстың медицина қызметкерлері кәсіподағын басқарған Кеңесбай Қалиев ағаларымыз өздерінің алғаш ұшқан ұясымен қарым-қатынасты үзбей, оқушылармен жиі кездесіп, ақыл-кеңесі мен естеліктері арқылы болашақ маман кадрлар тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып келді. Өткеніміз бен бүгінімізді саралап, кемел келешегімізді бағамдап, дұрыс жол таңдауда еңбекқор, батыл әрі батыр адамдардың  берері мол.Ұлы Отан соғысы жыл-дарында Қызылорда медициналық техникумын бітіріп, адал еңбек ерлігін жасаған түлектеріміз біздің оқу орнымыздың мұражайы мен тарихында  аңыз- түлектер ретінде мәңгі төрімізде. Осы уақытқа дейін оқу орнының тарихын жазып, колледждің жүріп өткен жолы мен түлектері жөнінде зерттеп, жиналған деректер бойынша ең алғаш оқу орнының мұражайын жасаған  колледждің ардагер ұстазы, тарихшы Ахмет Шарапатұлы Шарапатов еді.

Соғыстан кейін еліміз шұғыл түрде халық шаруашылығын қалпына келтіру шараларына жос-парлы түрде көшірілген болатын. Осы жылдары соғыстан қайтқан жауын-герлердің барлығы өз мамандықтары бойынша халық шаруашылығын қайта қалпына келтіруге атсалысқан болатын. Осы жылдары облыс меди-цинасын қалыптастырып, дамытқан буын өкілдері атап айтқанда, Ернияз Омаров, Шәріпбай Әлназаров, Варлен Исаевич, Базарбай Атабаев медицина майталмандарына айналды. Осы буын өкілдері, яғни оқу орнымыздың 50-ші жылдардағы түлектері, оқуын жалғастырып  дәрігер мамандығын иеленген соң Сыр медицинасының жандануының классикалық үлгісін көрсетті.Облыс медицина мекемелеріндегі білікті мамандар, мекеме басшылары – Д.М.Шек, Т.Жүнісқұлов, А.Әбдібаев, С.Майлыбаев, Б.Ә.Жүнісова, С.К.Сәрсенбаева, Е.Бейсетаев, К.Оразбахов, Қ.Меңбаев, Ә.Шамкенов өздерінің медицинамен алғаш танысуын кезінде осы училищеден бастаған еді.

Қазіргі уақытта «Рухани дамыту» орталығының меңгерушісі А.Ш.Шара-патовтың басшылығымен оқу орнымызды бітіріп, еліміздің Денсаулық сақтау саласына елеулі үлес қосқан  түлектерімізді Қызылорда медициналық жоғары колледжінің 90 жылдығына орай Елбасымыздың «100 Нақты есім» бағдарламасы бойынша «Мақтан тұтар түлектеріміз» атты жинаққа енгізу үшін ол түлектеріміздің ерен еңбегі, жасаған ерліктері, жетістіктері жөнінде  зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жинастырылуда.

Колледждің қазіргі тыныс-тіршілігіне келетін болсақ өзінің іскерлігі мен жаңашылдығын көрсетіп отырған Тасмағамбетова Салтанат Сейтқалиқы-зының басшылығымен оқу-тәрбие ісіне серпіліс беріліп, тың жаңалықтар енгізілуде. Білім мен тәжірибені арттыру – уақыт талабы. Бұл жолда білім ордасының мақсат-міндеттері айқын. Оқу орны халық алдындағы негізгі міндетін абыроймен атқарып, мемлекетке қажетті мықты кадр тәрбиелеуді басты миссиясы етіп, 90 жылдық тарихында осы бағыт-бағдарымен келеді. Қазіргі таңда  «Қызылорда медициналық колледжі»  атауы  «Қызылорда медициналық жоғары колледжі» болып  өзгертілді. Қабырғасынан талай орта буын медицина мамандарын түлетіп ұшырған оқу орны бұл мәртебеге лайық.

Себебі, оқу орнымыз бүгінгі күнге дейін өзінің абыройлы білім ошағы екенін үнемі дәлелдеп келеді. Сондықтан Қызылорда медициналық жоғары колледжінің әлемдік деңгейдегі колледждермен бәсекелес бола алатыны айқын. Технологияның дамыған заманында қоғамға қажетті мамандарды дайындап отырған оқу орнымыз медицина саласына келешек ұрпақтың жан-жақты, ізденімпаз, шығармашыл тұлға болып қалыптасуына ықпал жасап келеді. Қазіргі таңда оқу орнымыз сонымен қатар орта буын медицина бакалаврларын дайындауда. Енді мұнда жастар колледжді бітіргесін білімдерін жалғастыра алады. Бұрынғы медучилище енді ізбасарларын өздері дайындап, зерек шәкірттерін қайта тәрбиелеп, медицина саласының дамуына үлестерін қосатын болады.

Қазіргі таңда осы оқу орнын бітіріп, медицинаның әр саласының қыр-сырын меңгеріп, осы колледжде еңбек атқарып келе жатқан да түлек ұстаздар мен қызметкерлер бар. Атап айтсақ оқушылардың практикалық іс-машықтығын қалыптастыруда елеулі еңбек сіңірген, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары  Әбдіғаниева Бақыт Егізбайқызы, Байғабылова Ляззат Тлектесқызы, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, «Денсаулық сақтау саласының үздігі»  Қарабалаев Кенжебек Рысбайұлы,  гигиена пәні оқытушысы Жаханова Айгүл Тлепалдықызы, хирургия пәні оқытушылары  Найманбаева Айғанша Патшабековна, Ибраев Бекнұр Бектемірұлы, акушерия пәні оқытушысы Алмағанбетова Елизавета Батырханқызы, практикалық іс-машықтығы бөлім әдіскері Көлдеева Феруза Нұрмағанбет-қызы   колледж оқушыларының білім нәрімен молынан сусындауына, прак-тикалық тәжірибеге көбірек қанығуына барынша үлес қосып, еңбек етіп ке-леді. Сонымен қатар оқу орны ғимаратының материалдық-техникалық базасының жақсаруына  өз үлесін қосып келе жатқан  түлегіміз Пржанова  Ұмсынай  отыз  жылға таман осы оқу орнында еңбек етіп келе жатыр. Бұл түлектеріміз өз жолдарының ізімен, қазіргі талапқа сай мамандандырылған, қоғамға қажетті  білікті, еңбекқор, шығармашыл, заманауи  құзіреттіліктерін меңгерген  маман тұлғаларын дайындауға өз үлестерін қосуда.

Өзінің даму тарихында Қызылорда медициналық жоғары колледжі  әкімшілігі әр белесте белгілі бір міндеттерді алға қойып, оларды абыроймен атқарып келеді. Болашақта бұл оқу орнын әлі талай үлкен белестер мен оң қадамдар күтіп тұр деп нық сеніммен айта аламыз.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *