Оң жақ сол жақ

Исмагулова Гулнар Зайнеденовна

Мақсаты: Қағаз  парағының  оң  жағын  және  сол  жағын  ажырата  білу

және кеңістікті  бағдарлай  білуін (оң  жақта-сол  жақта), жетіл-

діру, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

 Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,  әңгімелету,  сергіту  сәті, ойын.

 Көрнекілігі: үлестірмелі  құралдар,  суреттер, ойыншықтар,  қоржын.

 Сөздік жұмыс: Сол  жақта-оң  жақта.

 Билингвалды компонент: Оң  жақта-справа, сол  жақта-слева,

 

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық  Шаттық шеңбер

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым арқылы

Барлық істі атқарған

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.

Балалар қуана,  жарыса шаттық шеңберді орындайды
Ұйымдастыру-ізденістер

 

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Олар қалай аталады?

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Балалар бір аптада неші күн бар?

-Балалар, бүгін аптаның қай күні?

Өте жақсы, жарайсыңдар!

Бүгінгі оқу қызметіміз

қарапайым  математикалық ұғымдарды  қалыптастыру.

Өткен тақырыпты бір қайталап жіберейік.

 

Биік-высокий,  аласа-низкий.

Бүгінгі тақырыбымыз

«Оң жақта- сол жақта»

Балалар оң жағымыз бен сол жағымызды көрсетейікші.

-Оң жағымызда не  тұр?

-Есік.

-Ал  сол жағымызда ше?

-Терезе

-Балалар бізге біреу есік қағып тұрған сияқты.

-Сәлем балалар!

Есіктен Тапқышбек кіреді,

қолында конверт.

-Сәлеметсіз бе, сіз кім боласыз?

-Мен Тапқышбекпін!

-Сәлеметсіздер ме!

-Мен математика патшалығынан келдім. Мына конвертте тапсырмалар бар. Соған жауап бересіңдер, мен сендерге сыйлық беремін. Келістік пе?

Тапқышбек сіз біздің балалардың сабағын тыңдаңыз.

(Тапқышбек, орындыққа отырады)

-Олай болса балалар,

Тапқышбектің тапсырмаларын шешейік

Тәрбиеші тапсырманы орындатады.

 

1тапсырма: 

 «Кілемшедегі пішіндер» 
Ойын шарты: геометриялық пішіндерді балалар қандай пішін екенін айырып, орындарына орналастыру арқылы кілемше құрастыру.

Жарайсыңдар Балалар!

 

2-тапсырма:  «Оң және сол»

Ойынның мақсаты: үлкен және кіші заттарды ажыратуға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.

Балалар тұрып бойымызды сергітейік.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Мойнымызды бұрайық.

Қолымызды көтеріп,

Алақанды созайық.

 

3-тапсырма:

 «Сәйкестіндіру» әдісі

Ойын шарты:

«Пішіндерді ұяшықтарға орналастыру» 

Балаларға үлестірмелі карточкалар беріледі. Балалар осы карточканы ұяшықтарға  орналастыру.

-Көктем мезгілі.

– Көктем

– Үш ай бар

– Наурыз, сәуір, мамыр

-Күн жылынып, қар еріп, адамдар қалың киімін шешіп, жұқа киіне бастайды.

-Жеті күн бар

-Сәрсенбі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар мұқият тыңдап тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимыл-қозғалыс арқылы

сергіту сәтін орындайды.

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті-түзетуші

 

Тапқышбектің балаларға тапсырмаларды дұрыс орындаған үшін рахмет айтады.

Балалар бүгінгі сабақта,

Тапқышбектің тапсырмасын дұрыс орындадыңдар.

Сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Жарайсыңдар!

 

 

 

Балалар мен қоштасады сыйлығын береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Оң жақ-сол жақ туралы ұғымдарды,

мезгіл туралы ұғымдарды;

Нені игереді: үлкен және кіші заттарды ажыратуды;

Нені білді: Дайын пішіндерді дұрыс ұяшықтарға орналастыруды.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *