Эссе “Тәрбиеші болу-менің арманым!”

Мен бойымдағы жастық жігерімді, күш-қуатымды, жаңашылдығымды талапты әрі талантты шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. «Ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле» деген  халық даналығын ести сала тәрбиеші болуды армандадым. Болашақ ұрпаққа тәлімді тәрбие сіңіру, келешекке кемел боларлық ақыл-парасат меңгерту аса жауапты іс екенін түсіне отырып, жауапкершілік жүгі ауыр екнін біле тұра бас тартпадым,өз мамандығымның арасында үлкен құрметке ие болатындай дәрежеге иек артуға тиістімін. Мен үшін де осынау өмірімдегі ең қастерлі әрі қасиетті мамандық ол -тәрбиешілік. Абай атамыз айтқандай «жас  бала анасынан туғанда екі мінезбен туады, біріншісі- «ішсем, жесем, ұйықтасам, ойнасам» болса, ал екіншісі, «білсем, көрсем, қарасам, ұстасам , ол немене? Ол кім екен?» деген қызығушылығы тұрады. Мұның бәрін білгісі келген балаға тәрбиеші бағыт-бағдар беріп, көмек  көрсетіп, тексеру, нұсқау тәрбиешінің тікелей міндеті. Оқу- инемен құдық қазғандай десе, тәрбие де инемен құдық қазғандай деп айтуға болады.  Себебі  жоғары да айтып өткендей  әр баланың көңілінен жол табу ол бір үлкен ғылым дейтін болсақ, онда тәрбиеші  ол-ғалым болып саналмайды ма? Сол үшін тәрбиші әр баланың жас ерекшелігіне, мінез-құлқына  қарай бейімделіп, онымен бірге бала болып сөйлесіп, бала болып ойнап, бала болып күлу ол  оңай емес, ол үлкен шеберлікті қажет ететін жұмыс. Қисық біткен талды жастайынан түземес, буыны қатқан соң оның көлеңкесі де қисық болып тұрады. Ал, ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім азаматтың қас жауы, ол келешекте оның өміріне зиян әкеледі» деген екен.

Тәрбиешілік жолдағы басты мақсатым –  мектеп жасына дейінгі балалардың комуникативтік, танымдық, шығармашылық, іскерлік  қабілеттерін дамыту. Мемлекеттік стандарт талаптарын орындау барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің саяхат, ойын, пысықтау, кіріктірілген түрлерін жиі қолданып, жақсы нәтижелерге жету.

Шын жүрекпен қалаған кәсіп пен  таза тер төгілген  еңбек арқылы өмірлік абырой-беделді, қоғам алдыңдағы құрмет сыйға ие болуға болады. Ал, тәрбиеші болу – айтуға ғана оңай шаруа болғанымен, бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп, тер төгіп  жүрген жандар ғана түсінеді. Бір мезетте  алдындағы жиырма –жиырма бес балаға қарау, көңіл бөлу,  олармен тілдесу  тек сырт көзге ғана оңай жұмыс. «Жол таңдауда жалтаңдауға болмайды» дегендей, әу баста ұлтымыздың, тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолын таңдағаныма еш өкінбеймін. Керісінше, ауыртпалығы мен жауаптылығы қырық атанға жүк боларлық осы кәсіпті таңдау арқылы қоғамдық дамуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанымды мақтан етемін. Адам баласының өмірінде болуға тиіс бақыттың бірі не десек, ол – өз қалауыңмен таңдаған кәсіп-мамандығыңа деген салиқалы ынтызарлық әрі ыстық ықылас дер едім. Қалаған ісіңе ғашықтық пейілмен қарай білсең, өмірден өз орныңды тапқандығың!

«Кәсібің – нәсібің» дейді қазақ даналығы. Шын жүрекпен қалаған кәсіп арқылы ғана және жемісті еңбек арқылы өмірлік несібеңді, абырой-беделіңді, қоғам алдыңдағы құрметіңді еселей аласың.  Болашақта өз тәрбиеленушілерімді биік белестерден көріп жатсам, сол үшін өзімнің аз да болса үлесім тиіп жатса, мен өзімді бақытты тәрбиеші-ұстаз, бақытты жанмын деп білемін.

Тусупова Венера Канатовна

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *