Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Жамбыл облысы.Жуалы ауданы
Б.Момышұлы ауылы
№27 Диқан орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Қаржаубаева Динара Қаламанқызы
Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже : өз тілдеріне деген құрмет, патриоттық сана сезім қалыптасады , өз ана тілін қастерлеуге дағдыланады.
Әдіс- тәсілдері: Мозайка әдісі, Конверт әдісі, Кім жылдам.
Деректер: тақта, стикерлер, конвертпен сұрақтар, суретті пазлдар,даналық ағашы, бағалау парақтары;
Сабақ кезеңдері | Уақыт
|
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | |
Білім
Қызығушылық тарын ояту |
2мин | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Бүгінгі сабағымызға тілек білдіреді. «Мозайка» әдісін қолдану. |
Оқушыларды қаз-қатар тұрғызып әнұранды оқушыларға орындатады.
Балаларды шеңберге тұрғызып тілектерін айтқызады.
«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу. |
Мемлекеттік Әнұранмен бірге қосылып орындайды.
Шеңберде тұрып бір-бірінің алақандарына жақсы тілектерін білдіреді.
«Мозайка» әдісі арқылы суретті пазлды ала отырып, екі топқа бөлінеді. |
АКТ |
Түсіну | 7мин |
Миға шабуыл
Ой толғау. |
Балалар , құрастырған пазлдардан ненің суреттерін шығардық?
– Әрине, балалар тіл мен жүректің. – Олай болса сабағымыздың тақырыбы қандай? Тіл туралы қысқаша түсінік: Ана тілі- адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанының барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына. |
– Тіл мен жүректің.
– І топ- «Тіл – тірегіміз» – ІІ топ – «Соғып тұрған жүрегіміз»
Тіл туралы қара сөздер оқыды. Әр топ басшылары тіл туралы көптеген дана сөздер айтты.
Екі топтан бірнеше оқушы шығып тіл туралы өлең шумақтарын оқыды.
|
ЖТ
ЖЕ |
Қолдану | 10 мин | «Конверт» әдісі | – «Конверт» әдісін қолдана отырып, екі топ басшысына алдыртамыз. Конверт ішінде барлық топ мүшелеріне арналған сұрақтар бар.
– Тіл заңы қашан қабылданды? – Еліміздің астанасы қай қала? – Еліміздің жаңа Конституциясы қай жылы қай айда қабылдынды? деген сұрақтар қойылды. |
Екі топ басшылары конвертті түстеріне қарай таңдап алады. Топта талқылай отырып, сұрақтарға жауап береді.
Арнайы уақыт беріледі. Уақыт біткен соң дайын топ жауап береді. |
СТО |
Сергіту сәті | 1 мин | «Мен қазақпын» | Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау
|
Интербелсеңді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды. | АКТ |
Талдау | 15мин | «Кім жылдам?» ойыны | «Кім жылдам?» ойынын ойнату. Мақал- мәтелдер жарысы. | Екі топ мақал- мәтелдер айта отырып, қай топ жылдам екенін анықтайды. Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады.Өзгелерді тыңдай отырып , өз білімін толықтырады. Ізденеді. |
|
Жинақтау | 5мин | Тіл туралы не білеміз?
|
Әр топ мүшелеріне кері байланыс парақшаларын таратып береміз. | Топ мүшелері берілген кері байланыс парақшаларын жеке-жеке толтырады.
|
|
Бағалау | 2 мин | Смайликтер
Басбармақ арқылы бағалау |
Топ жетекшісі өз топ мүшелерінің жұмысын бағалайды.Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады. | Өзін –өзі бағалау, топтық , жұптық бағалау | |
Рефлексия | 2 мин | Стикерлерді толтыру | Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну | Оқушылар стикерлерге тілектерін жазып даналық ағашына жапсырады. |