Жұмбақ айта білеміз. Ж дыбысы мен әрпі
Карагулова Жайнагүл Жайлыбайқызы
ҰОҚ нің мақсаттары | 0.1.1.1.Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу және сөзсіз жеке айту.
0.1.1.2.Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар)ажыратып, дұрыс дыбыстау. 0.1.2.2.Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару. |
|
Күтілетін нәтиже | Барлық тәрбиеленушілер:
Сұрақтарға толық жауап береді. Ж дыбысы-дауыссыз дыбыс, ж дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ж дыбысының орнын ажыратады. |
|
Көпшілік тәрбиеленушілер:
Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратып, дыбыстық талдау жасай алады. Ж дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ж дыбысының орнын ажыратады. Жазу жолына ж әрпінің элементтерін жазады. |
||
Кейбір тәрбиеленушілер:
Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Ж дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. |
||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жұмыс | Ресурстар
|
ҰОҚ нің басы
0-2мин. |
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз Жайнай түсті гүліміз Қайырлы күн, қайырлы күн! Қайырлы күн достарым! Қайырлы күн қонақтар!
-Балалар көңіл күйлерің қалай? -Ендеше жақсы көңіл күймен оқу қызметімізді бастайық. |
|
ҰОҚның ортасы
3-27мин. |
-Бүгін біздер жаңа дыбыспен танысамыз. Ол үшін мен сіздерге жұмбақ жасырамын.
1. Санымыз қанша білмейміз, Түнімен көз ілмейміз. (Жұлдыз) 2. Дамыл таппай бір мезет, Жортумен жүр сұр …. . (Көжек) 3. Жасыл боп жыпырлап өнеді, Сары боп үзіліп түседі. (Жапырақ) -Балалар осы жұмбақтардың шешуінің бастапқы дыбысы қандай дыбыстан басталған? Дұрыс Ж дыбысы. Олай болса, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Ж дыбысы мен әрпі» -Қане барлығымыз айтып көрейікші ж- ж –ж. Ж дыбысы қалай айтылып тұр? (қысқа, кедергімен) -Ж дыбысы ұяң дауыссыз дыбыс, оны қандай үйге кіргіземіз? (көк)
-Балалар бізде сиқырлы әліппе бар. Кәне, Сиқырлы әліппені тыңдайықшы – Осы бейнетаспадан қандай сөздер естеріңде қалды? Тағы қандай сөздер қосасыңдар? «Ашық микрофон» әдісі
Топтық жұмыс І топ: Атауында Ж дыбысы бар суреттерді Ж әріпіне сәйкестендіру. ІІ топ: Сөздерді суретпен сәйкестендіру ІІІ топ: Буыннан сөз құрау ІҮ топ: Бес жолды өлең құрастыру.
«От шашу» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. Сергіту сәті. Ж дыбысының таңбасы неге ұқсайды? (Көбелекке ) Көбелекке кәдімгі Қарасаңыз анықтап, Жаны бар Ж ұшып жүр, Жапырақша қалықтап. Әліппе дәптермен жұмыс, Ж әріпін баспа түрін жазады. Алдымен ауада жазып көрсетіледі. Бір,екі, үш Қолға қалам аламыз, Әдемі етіп жазамыз. «Балық қаңқасы» әдісі арқылы балалар 1 буынды, 2 буынды сөздерді ажыратады. «Жұлдызшамен» бағалау |
Бейнетаспа
Бейнетаспа
микрофон
Суреттер
Әліппе дәптер
Плакат
|
ҰОҚның қорытындысы.
Рефлексия 28-30мин. |
Бекіту сұрақтары:
-Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық? – Ж дыбысы қандай дыбыс? – Оны кандай түсті текшемен белгілейміз? – Бүгінгі сабағымыз ұнадыма сендерге? Егер сабақ ұнаса саусағыңды сыртылдат, Егер сабақ ұнаса аяғыңды тарсылдат. Егер сабақ ұнаса шапалақта балақай, Егер сабақ ұнаса айтайықшы тамаша!
Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды. Жасыл түс -бәрін түсіндім, достарыма түсіндіре аламын Сары түс – түсіндім, бірақ айтып бере алмаймын Қызыл түс – ештеңе түсінбедім
|