Түстер әлемі

Мақсаты: Балаларға негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, көк, жасыл. Сары түспен таныстыру.Балалардың коммуникативтік- ақпараттық құзіреттілігін молайтып, ой- түйсігін, қиялын дамыту. Сенсорлық ойлау қабілетін дамыту.

Сөздік жұмыс: Қызыл, жасыл, көк, сары.

Дидактикалық құралдар: Түрлі- түсті қақпақтар,әр түрлі дөңгелектер.

Блингвистикалық компонеті: Қызыл – красный, көк – синий,сары – желтый, жасыл– зеленый.

Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Көңіл күйлерің қалай?

Шаттық шеңбері

Табиғат –біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Сұрақ-жауап.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінің айлары қандай?

-Табиғатта қандай ерекшеліктер болады?

Жарайсыңдар балалар. Көктем туралы тақпақ білемізбе?

Баланың оқу-қызметіне  кірісуіне түрткі болу:

Түстерді қайталау.(мултимедиа арқылы) Сары түспен таныстыру.

-Балалар бұл ненің суреті?

Дұрыс айтасыңдар күн. Күннің түсі қандай?                                                                           Топқа әсем әуеннің ырғағымен түстер әлемінің еркесі Еркетай кіреді.

-Сәлеметсіздер ме, балақайлар!

 Мен түстер әлемінен келдім! Мен түстер әлемінің еркесімін. Менің атым-Еркетай.

Мен сендерге көптеген тапсырмалар алып келдім.

Олай болса Еркетайдың тапсырмаларын орындайық.

1 тапсырма: «Көліктерің дөңгелегін орналастыру»

Шарты: Қақпақтар арқылы дайын көліктің дөңгелегін орналастыру. Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту.

Сергіту сәті:

Бала бала балақан

Қане қайсы алақан

Саусақтары әйбат

Былай – былай ойнат.

-Балалар Еркетай бізге тағы бір дидактикалық ойын ала келіпті.

Шарты: Әр түсті дөңгелектерді түстеріне сәйкес ұйашықтарға орналастыру.

Еркетай: Балалар сендер сондай ақылды екенсіңдер. Тапсырмалар мен ойындарды жақсы орындадыңдар. Ал енді мен түстер әлеміне кететін уақытым болды. Сау болыңдар.

Қорытынды.Жеке жұмыс.

Хасанова Жангүл Атшыбайқызы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *