Е дыбысы
Садырбай Сауле
Сабақ мақсаты: Е дыбысымен таныстыру. Бір сызықтың бойына Ее әріпін дұрыс жазуын, сөз және сөйлем құрастыруын қадағалау. Е әріпіне сөз ойлап айтуына көңіл бөлу.
Дамытушылық; Сөйлеу тілдерін жетілдіру, ойлау белсенділіктері мен қабілеттерін дамыта түсуге ықпал жасау, буынға бөлуін, ауызша және жазбаша жазу қабілеттерін арттыру. Дыбыстық талдауды меңгерту, тапсырмалар орындату арқылы танымдық қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік; Жерін сүюге, қазақ тілін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі; Сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру.
Сабақтың көрнекіліктері; Текшелер, интерактивный тақта.
Ұйымдастыру кезеңі; Ашық оқу іс- әрекетімізде шаттық шеңберімізді ойынмен бастасайық.
- Балалар сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма? Ойынымыздың аты «ойлан тап» ойыны.
- Мен мына допты бір балаға лақтыра отырып, сұрақ қоямын, жауап беріп кері лақтырады.
- Сауат ашуда нені үйренеміз?
- Сауат ашуда әріп пен дыбысты үйренеміз.
- Әріп дегеніміз не?
- Әріп дыбыстың таңбасы.
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
- 2-ге
- Қандай, қандай болып?
- Дауысты, дауыссыз.
- Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді?
- Қызылмен.
- Дауыссыз дыбыс ше?
- Көк.
7.Әріпті біз не істейміз?
– көреміз, естиміз, жазамыз.
- Дауысты дыбыс қалай айтылады?
-еш кедергісіз айтылады.
- Ал, дауыссыз дыбыс қалай айтылады?
– кедергімен айтылады.
– Рахмет балалар орындарымызға жайғасамыз.
- Өткен сабақты қайталау. “Сөз ойла, тез ойла “
- Текшемен жұмыс.
- Жаңа сабақ.
“ Ее” дыбысы дауысты дыбыс, ол созылып айтылады. Бәріміз бірге айтып көрейікші. Қандай дыбыстарды естіп тұрсыңдар? Қандай текшемен белгілейміз? Сөзді буынға бөлеміз. Емен, есік.
- Дәптермен жұмыс.
- Сергіту сәті. Ойын “Ее” әріпімен сөз ойла , емен, есік , етік, егемен , елік, Еркеназ.
- Қорыту.
- Бағалау.