Тіл дамыту нысандарын ұйымдастырудың әдістемелік жүйелері
Сембекова Қызгалдак Жанабаевна
Пәні: Тіл дамыту және оқыту әдістемесі
Пән оқытушысы: Сембекова Қ.Ж.
Тобы: ДШ-1-15
Курсы: 4
Уақыты: 15.05
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту нысандарын ұйымдастырудың әдістемелік
жүйелері
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Студенттерге мектепке дейінгі баланың сөйлеуін дамытуға негізделген нысандарды ұйымдастырудың әдістемелік жүйесімен таныстыру
2) Дамытушылық: Үлгілік оқу бағдарламасын пайдалана білу дағдысын дамыту
3) Тәрбиелік: Коммуникация білім беру саласы бойынша сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, драма, сауат ашу ҰОҚ-де қалыптастыратын дағдыларды жүзеге асыруға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақ типі: Жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс, кері байланыс, топпен жұмыс; түсіндіру, әңгімелеу; сұрақ-жауап, ойын әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: АКТ, үлестірме материалдар, кестелер
Пәнаралық байланыс: педагогика, қазақ тілі, көркем әдебиет, өзін-өзі тану
Өзін-өзі танудың құндылықтары: дұрыс әрекет
Қасиеттер: ақиқат негізінде сүйіспеншілікпен әрекет ету, қарым-қатынасты бұзбау
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру кезеңі
- «Қызығушылықты ояту» кезеңі. Студенттер арасында психологиялық ахуал туғызу.
«Сипаттау» тренингі. Студенттер өз есімін айтады және соған сәйкес сын есім сөзбен өзін сипаттайды.
- Топқа бөліну. Түрлі түсті қағаз қиындыларын таңдау арқылы топқа бөлінеді, қиындыны құрастырғанда тіл туралы қанатты сөз шығады. Сол сөз төңірегінде өз ойларын тұжырымдап айтады.
- «Қар лақтыру» ойыны.
- Үй тапсырмасын тексеру.(Студентке қарды лақтырып сұрақ қоямын, ол керісінше жауап айтып болған соң кері лақтырады)
- Тіл дамыту нысандарын ата
- Ұйымдастырылған оқу қызметінде тіл дамыту жұмыстары қалай жүргізіледі?
- Серуеннің бақылау бөлімінде тіл дамыту жұмысы қалай жүргізіледі?
- Сурет бойынша әңгімелеуде тәрбиешіге қандай талаптар қойылады?
- Драмалық қойылымдардың бала тілін дамытудағы маңызы
- Ойыншықтарды сипаттау арқылы баланың тілін дамыту жұмысы қалай жүзеге асырылады?
Негізгі бөлім
Жаңа сабақтың мазмұнын ашу үшін
Тапсырма №1. Мектеп жасына дейінгі оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыруда сөйлеуді дамытудың ерекшелігін жас ерекшелігіне сәйкес талдау, постер қорғау (жеке, жұптық, топтық талдау)
- топ – Ерте жастағы топ
- топ – Бірінші кіші топ
- топ- Екінші кіші топ
- топ – Ортаңғы топ
- топ – Ересектер тобы
Анықтау: – Сөйлеуді дамытудың мақсат міндеттерін;
- Қалыптастырылатын дағдыларды;
- Күтілетін нәтижелерді.
Тапсырма №2. Берілген оқу қызметтерінің жоспарына сәйкес қай жас ерекшелігіне сәйкес келетінін анықтау, талдау
1 топ – Ұйымдастырылған оқу қызметі
2 топ – Ойындар
3 топ – Серуен, бақылау
4 топ – Театрландырылған қойылым
5 топ – Ойыншықтар арқылы әңгіме құру
Тапсырма № 3
Жас ерекшелігіне сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметін құру
Тақырыбы:
Мақсаты:
Қалыптастыратын дағдылар:
Көрнекіліктер:
Әдіс-тәсіл:
Сабақтың барысы:
Күтілетін нәтиже:
- топ – Ерте жастағы топ
- топ – Бірінші кіші топ
- топ- Екінші кіші топ
- топ – Ортаңғы топ
- топ – Ересектер тобы
Қорытынды: Білімгерлер әр топқа бір сұрақтан қояды.
Бағалау:
Үйге тапсырма: «Коммуникация» саласы бойынша көркем әдебиет, драма, сауат ашу бөлімдеріне ұйымдастырылған оқу қызметін дайындау
Кері байланыс: «Insert» әдісі арқылы
– Не білемін?
– Не білдім?
– Білгім келеді?
Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718