Аудио, видео ақпараттарды өңдеуде анимация ерекшеліктерін қолдана білу жолдары
Қызылорда қаласы, Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебінің информатика пән мұғалімі Шамсиева Насиба Садиллаевна
Қазігі заман талабына сай аудио, видео ақпараттырды өңдеуде Pinnacle Studio бағдарламасы кеңінен пайдаланылады. Титрлерді өндеу және алдын алакөру терезесі бұл тетрезенің негізгі аумағы. Мұнда титрлерді қою, айналдыру, өлшемін өзгерту сияқты амалдарды орындауға болады. Pinnacle Studio бағдарламасының титрлерді өңдеу бөлімі анимациялық титрлер мен графика жасаудың ең тиiмдi құралы болып табылады. Оның көлемдi мәтiндiк және графиктік эффектілер жиынтығымен түрлі құралдары сіздің фильміңіздің визуалды дизайні үшін сан түрлі мүмкіндіктер қамтамасыз етеді.
1-сурет. Pinnacle Studio бағдарламасыдағы титрді өңдеу терезесі.
Pinnacle Studio бағдарламасыдағы титрді өңдеу терезесі мыналардан тұрады:
- Титрді өңдеу аумағы;
- Шаблон селекторы;
- Кітапхана;
- Өңдеу терезесі;
- Баптау панелі;
- Құралдар панелі;
- Қабат тізімі.
Титрлермен орындалатын әрекетттерідің түрлері мынадай:
1.Фон қабаты. Үндеу бойынша фон толығымен мөлдiр келеді. Ерекше жағдайларда немесе толық экранды титрлердiң жағдайында фон ретiнде түс, градиент, сурет не бейнежазба таңдауға болады.
2.Бейнежазба және кескін қабаты. Бұл қабатты құрайтын ресурстар сурет, бейнежазба(видео) және де фильм жобасының кітапханасында жасалынады.
- Текст және форма қабаты. Бұл қабат векторлық графикаға негізделеді. Бұл дегеніміз, олар фотосурет немесе бейнежазба секілді растрлік кескін ретінде сақталмайды. Өзіндік «қайта қалпына келтіру»рецептісі ретінде сақталады, яғни кескінге тікелей немесе жанама сызық сигменттері арқылы қасиеттер (мысалы, түс) және спецэффектілер (мысалы, бұлдырлату) қолдануға болады. Векторлық негіздегі бұл қабаттарды, видеожазба немесе кескін қабаты секілді жылжытуға (перетаскивать), созуға (растягивать), айналдыруға(вращать) және топтауға (группировать) болады. Сонымен қатар оларға қозғалыс қолдануға болады. Басқа қабаттарға қарағанда оныда стильдер бөлімінен баптауға болады.
4.Қозғалыс. Қозғалыс – бұл анимациялық ішкі программа. Оны фоннан басқа кез келген қабатта титрмен қосып қолдануға болады. Қозғалыс шаблондар селекторының қозғалыс қыстырмасы (вкладка) таңдалып, қолданылады. Қабатқа қозғалыс қолданылғаннан кейін, оның ұзақтығын қабат тізіміндегі уақыт шкаласынан өзгертуге болады.
5.Фонды баптау. Алдыңғы қатардағы қабаттарға қарағанда титр фонының арнайы қабаты тізімде көрсетілмеген және оны редакторлеу терезесінен өзгерту мүмкін емес. Оның орнына фонды басқару «Настройка фона» панелінде орындалады.
«Настройка фона» панелі титр фонын құруға мүмкіндік береді. Кішігірім алдын ала көрсету аумағы түс селекторы батырмалары ретінде, және де кітапханадан кескін мен видеожазбаларды әкелу нысаны ретінде жұмыс жасайды. Бұл жердегі «Соотношение сторон» менюі жоғары тұрған батырманы шерту арқылы ашылады.
Титрдың фоны үндеу бойынша толығымен мөлдiр. Егер титр уақыт шкаласының жоғарғы жолында пайда болса, кез келган төмен жолдағы кескіндер мен видеожазбалар титрдің алдыңғы жағында көрінетін болады.
Түгел немесе градиентті түс жасау үшін фонның алдын ала көру аумағын шертіңіз. Титр редакторлеу терезесінің кез келген түсті таңдау және «пипетка» құралы орналасқан диалогты терезе ашылады. Түс палитрасының жоғарғы жағында орналасқан Градиенті қосымшасынан градиентті фонды таңдауға болады. Градиенттің қосымша маркерлерін тышқанмен градиент панельін бір рет шерту арқылы орнатуға болады. Градиент маркерлерін өшіру үшін оларды тікелей панель аумағынан жылжыту керек.
Видеоны немесе қозғалмайтын кескінді (суретті) фон ретінде қолдану үшін кітапхана бөліміндегі «Видео» немесе «Фотографии» элементін алдын ала көру аумағына жылжытыңыз.
Қорыта айтқанда титрлерді өңдеп оны аудио, видео ақпараттармен жұмыс жасау барысында тиімді пайдалану сіздің фильімінізді шынайы түрін келтуде көмектеседі.