Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Қамар сұлу» романы
Назбиева Бакыт Кайролдиновна
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар беру,романның негізгі оқиға желісін меңгерте отырып, ондағы көтерілген әлеуметтік, адамгершілік мәселелері жөнінде азаматтық пайымын тереңдету,ой түйінін кейіпкерлер арқылы дәлелдеу;
Дамытушылық: Оқушының өзіндік қиялына еліктей отырып, өзінше ой түюге баулу,сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, шығарманы талдап, кейіпкер іс-әрекетіне баға бере білуін,ойын жүйелі баяндай білуге дағдыландыру. Қоғамдық –әлеуметтік жағдайларды саралай отырып,өзіндік өмірге деген көзқарасының қалыптасуына ықпал ету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды адами қасиеттерге баулу,автор көтерген әлеуметтік маңызды мәселелер төңірегінде ой-өрісін кеңейту,әйел адамды құрметтеу сезімін жетілдіруге тәрбиелеу. Сол сияқты әдет-ғұрыптарды сақтауға,өз бас бостандықтары үшін күресе білуге,ұлттық салт-дәстүрімізді биік ұстауға құлшындыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,проблемалық түсіндіру, талдау, сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекілігі: Автор портреті, оқулықтар, интерактивті тақта.
Басқа пәндермен байланысы: қазақ тілі, тарих.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Оқушыларды белгілеу.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Ой ашар.Бір ақын бар есімі оңың екі түбір төрт буыннан, төртеуі де бітеу буыннан тұрады.
Бұл кім?
Ұлы Абайдың
«Жиырма жеті жасында,
Әбдірахман көз жұмды.
Сәулең болса басыңда,
Кімді көрдің бұл сынды» деп жоқтау жазғаны белгілі.Көріпкер кемеңгер осы жолдарын енді бір 20-30 жылдардан кейін өмір сүріп,өзінен үйреніп,өзін жалғастырып жарқ ете қалатын жарық жұлдыз Сұлтанмахмұтқа да арнап кеткен сияқты.
Балалар, С.Торайғыров туралы не білесіңдер? Өздерің білетін мағлұматтарды ортаға сала отырайық.
ІІІ. Жаңа сабақ
Түсіну
«Ой қозғау» әдісі
«Бейнетаспа»
Тақтаға: сұлу, әдемі, көрікті, көркем, айдай сөздері жазылады. бұл сөздер кімге арналған?
Жауабы: қызға
С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы жайлы бейнетаспа, слайд көрсетіледі.
Оқушылар жазушы туралы бейнетаспадан мәлімет алады және хронологиялық кесте толтырады.
Оқушыларды екі топқа бөлемін.
Әр топқа роман бөлімдерін бөліп беремін. Балалар енді романдағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарап, жан-жақты ой саралап көрейікші.
ІV «Мағынаны тану».
1-топ.Шығарманың композициялық құрылысына талдау.
2-топ.Романдағы салт-дәстүрлер көрінісін бүгінгі өмірмен байланыстыру.
VІ.Романдағы кейіпкерлерді сомдау.
- Шығарма кейіпкерлері кімдер?
2.Тартыс кімдердің арасында өрбиді?
1-топ. Жағымды кейіпкерлер
2-топ. Жағымсыз кейіпкерлер оларға мінездеме беру.
VІІ. Романның тіл ерекшелігіне талдау. 1-топтың тапсырмасы.
Жазушының тағы бір ерекшелігі : мақал-мәтелдерді ұтымды қолдана білгендігін білдіру үшін оқушыларға мақал-мәтелдерді өздеріне тапқызып , қандай оқиға кезінде қолданғанын қысқаша жазғызуға болады .
VІІІ. Мақал –мәтелдердің романда қолданылған тұстары. 2-топтың тапсырмасы.
ІХ.Шығармадағы монологты тапқызу.
Монолог қандай жағдайда айтылған .
1-топ Қамардың монологы
2-топ Ахметтің монологы
Х. Шығармадағы басқа тілден енген сөздерді табу,мағыналарын түсіндіру.
1.Орыс тілінен-Указной молда,школа,август, доктор,чаходка
2.Араб тілінен-Хашарат, күпу,сүре Ясин
3.Парсы тілінен-Шаһыбыз
ХІ.Қорытынды :
-Балалар , «Қамар сұлу» романын оқи отырып, біздің бойымызда бір сезім туды. Ол-психологиялық сезімдер.
Атап айтсақ: елестету,сүйсіну,жек көру,жаны ашу,өкініш,таңдану.Олай болса шығарма арқылы дәлелдейік.
Елестету-Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін,тұрмысын,Қамар мен Ахмет сынды елді аузына қаратқан жастардың жағымды қасиеттерін елестетеміз.
Сүйсіну-Қамар мен Ахмет арасындағы адал сезімге ,таза сүйіспеншілікке , кіршіксіз достыққа сүйсінеміз.
Жек көру-Екі жасты айырмақ болған үстемдікке ,дүлей қара күш иелеріне деген ашу –ыза,кектену,жек көру сезімін бастан кешіреміз.
Жаны ашу-Қамардың ауыр тағдырына ,Ахметтің жазықсыз жалаға ұшырауына жанымыз ашиды.
Өкініш – Қамардың қайғылы өліміне,қазақ қыздарының аянышты халіне , бірін-бірі сүйген екі жастың бақытсыздығына өкінеміз.
Таңдану – Ақынның көркем, айшықты сөз образдарын,халық нақылдарын шебер де орынды қолдана білу шеберлігіне таңданамыз.
Міне, романдағы оқиға желісі арқылы қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы тыныс-тіршілігінен мағлұмат ала отырып,адам тағдыры кез келген уақытта басты мәселенің бірі екенін түсіндік .Олай болса шығарманың тақырыбын не дейміз-Әлеуметтік теңсіздік әйел теңсіздігі. Ал, негізгі идеясы-Қазақ жастарының бас бостандығы ,қыздарды қалың малға сатуды әшкерелеу.Сонымен Сұлтанмахмұт –адам құқын қорғаушы,азат өмірді аңсаушы екеніне көзіміз жеткен сияқты .
ХІІ. Шығармашылық жұмыс – «Ой шабуылы»:
а)Бақыт дегеніміз не? Қалай күресуге болады?
ә) «Қамар сұлу »романындағы салт-дәстүрлер қазіргі таңда сақталған ба?
б)Романда кездесетін қарама-қайшылықтар осы өмірде кездесе ме?
в) Қамардың орнында сендер болсаңдар ,қиындықты қалай жеңер едіңдер? Қазақ қызы туралы.
«Шөптің шүйгінін жеп, судың тұнығын ішкен,аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ерткен, құстың қыранын баптап, мылтықтың түзуін асынған,ақ шаққан үй тігіп, саф таза ауада жаз жайлау,қыс қыстауға көшкендала тұрғындары осы салтанатқа сай болашақ жарының да тұрмыс-тіршілігінің ажар-көркі болғанын ұнатқан.
Сұлулыққа жаны үйір халқымыз ғасырлар бой ерге адал жар, сенімді серік болар қыз баланың сымбаты мен келбеті,мінезі мен ақылы,тәрбиесі мен өнегесі,дәстүрлі талғамы мен өлшемін қалыптастырған . Біздің әдемі де сұлу бойжеткендеріміз: сұңғақ бойлы,сыңғырлаған дауысты, оймақ ауыз, күлімкөзді, жайдары мінезді, алма мойын,ақша бетті, аршын төсті, тал шыбықтай бұралған бұраң белді, сүмбіл шашты, керілген кең ақ маңдайлы, сүйріктей ақ саусақты, ұзын кірпікті, ақ білекті, маржан тісті, қыр мұрынды деп, біздің ақындарымыз сөз суреттерімен сомдаған ».
ХІІІ.Сабақты бекіту: Сұлтанмахмұт –қазақтың жыр –дариясын құрайтын үлкен асау арналы өзенінің бірі.
«Ел үшін еңбек етсең –халқың сүймек,
«Біз үшін отқа ,суға түсіп жүр» деп.
«Ер өлсе де еңбегін ел өшірмес,
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек»,- деп ақынның өзі жырлағандай,
С. Торайғыров елі үшін еткен еңбегі ел есінде мәңгі сақталары сөзсіз.
Бағалау .
Үйге тапсырма : «Адамдық негізі – әйел »тақырыбына шығарма жазу