Қызыл телпектің саяхаты
Шиналиева Джамиле Джаксылыковна
Жылулық шеңбері:
– Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
– Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
Кәне, бізде қайырлы таң бір-бірімізге тілек тілейік.
– Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!
– Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!
– Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!
– Қайырлы таң аяқтарым, сендер ояныңдар!!! ( аяқтарын сипау)
-Шуағын шашқан күнге, қайырлы таң,
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға шашайық.
Сәлеметсіздерме, балалар!
Сәлеметсіздерме, қонақтар!
Здраствуйте, гости!
– Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырып.
Сабақ барысы: -Балалар мен сұрақ қоямын сендер тез жауап бересіңдер
1.Жұмбақ ойын: «Уақытты бағдарлау»
Ұйқымызды ашамыз,
Беті-қолды жуамыз,
Анамызға ереміз,
Бақшамызға келеміз (Таңертең-утро)
- Серуеннен қайтамыз,
Тамақ ішіп аламыз,
Біз тәртіпті баламыз,
Тәтті ұйқыға батамыз, (Түс-обед)
- Серуенде жүреміз,
Ән айтамыз,күлеміз,
Анамызды күтеміз
«Апай,сау болыңыз» деп
Үйге қарай кетеміз (Кеш-вечер)
- Үйлерде шам жанады,
Маңай тастай қараңғы,
Ертегіні тыңдап алып,
Тәтті ұйқыға батамыз (Түн-ночь)
- Балалар шанамен сырғанап, аққала жасайтын қай мезгіл ? (қыс-зима)
-жапырақтар сарғайып, құстар жылы жаққа кететін мезгіл? (күз-осень)
– суға шомылып, демалып ойнайтын мезгіл ? (жаз-лето)
– қарлар еріп, аңдар ұйқыдан оянып, құстар жылы жаққа келетін қазір жылдың қай мезгілі? (көктем-весна).көктемде ауа райы жылына бастайды, құстар жылы жақтан ұшып келе бастайды. Ағаштар бүршік жарып, жапырақтар шыға бастайды.
– Көктем мезгілі неше айдан тұрады? (3 айдан) – Наурыз,сәуір,мамыр. Балалар сәуір айында үлкен мереке бар. Ол-ғарышкерлер мерекесі. Ғарышкерлер дегеніміз- ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар. Ал,біздер жер ғаламында өмір сүреміз.
-Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер? –Ұшақ, тікұшақ, зымыран.
Ең алғаш ғарышқа ұшқан Юрий Гагарин, Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшан. Қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, —- Бұл кісілер еліміздің мақтаныштары. Бір аптада неше күн бар? (7 күн)
Ал, балалар осы көктем туралы кім қандай тақпақ біледі?
Айбек: Дала гүлге бөленді,
Қуанышқа кеңелді,
Құстар сайрай жөнелді,
Өйткені бұл көктем ғой,
Шұғыласын төккен ғой.
Ерден: Көктем келді көңілді,
Бау-бақшада орманда,
Жаңбыр жауып басылды,
Құстар әнін төгеді.
Кәусар: Көктем,көктем, көктемде,
Күн шуағын төккенде,
Күлім,күлім қағады,
Ойнап асыр саламыз.
Асима: Балалар-ау,балалар
Шақырады далалар,
Көктем келді гүл алып,
Құстар келді жыр алып.
-Балалар көктем туралы көп біледі екенсіңдер. Енді мен сендердің математикалық білімдерінді тексеріп көрейін. Қалай дайынсаңдарма?
Мен біреумін, біз көппіз, алдында, артында, жанында,жоғарыда, оң жағында, сол жағында каточкалар бойынша білімдерін тексеру.
Серілту сәті: «Топ,топ балақан»
Ойын : «Кім шапшаң»
Ойын шарты: Балалар геометриялық пішіндерді салыстырып, түрін-түсін айтады, ұқсас пішінді айтады.
Ойын: «Не неден жасалған?»
Шарты: Балаларға сыйқырлы қаропшадан ойыншықтарды алып шығады, балалар заттар неден жасалғанын айтады. Қандай геометриялық пішінге ұқсастығын салыстыру.
Қызыл телпек: Сәлеметсіздер ме,балалар. Сәлеметсіздер ме, қонақтар. Ұзақ жол жүріп, әжеме тоқаш алып келе жатып адасып қалдым. Көмектесіңдерші, әжесіне асығып жолға шығып едім,енді адасып қалдым. (Не істерін білмей жылай бастайды)
Тәрбиеші: -Балалар Қызыл телпекке көмектесеміз ба?
Балалар: – Балалар Қызыл телпектің көңілін көтеріп көмектесеміз бе?
Орман алыс,ол жаққа бару үшін сенің білімінді тексерейік. (картинкалар болады) сол бойынша түстерге байланысты шарларды орналастыру, ретімен сандарды қою.
Осы кезде жолай Қызыл телпекке Қасқыр кездеседі
Қасқыр: – Қызыл телпек сен қайда асығып бара жатырсың?
Қызыл телпек: – Мен әжеме тоқаш апара жатырмын.
Қасқыр:- Әжең қай жақта тұрады?
Қызыл телпек: Орманның арғы жағында тұрады. Қасқыр: Орманда әр түрлі аңдар мекендейді, мен саған жұмбақ жасырамын, дұрыс жауап берсен мен сені жіберемін.
– Өзі бір қу
Жүрген жері айқай мен шу. (Түлкі)
2. Қыс бойына жатады
Тәтті ұйқыға батады. (Аю)
- Далада жүр шапқылап
Керемет бір саққұлақ. (қоян) - Айбат шеккен алыстан
Аң патшасы…… (арыстан)
Ойын «Не артық?»
Шарты: Тақтаға жануарлардың суреті ілінеде, балалар осы суреттердің ішінен жабайы жануарларды қою, бір сөзбен қалай аталатындығын айту.
Тәрбиеші: «Дыбыстық жаттығу» бірге қимыл жасап, қайталау.
-Ыр,ыр,ыр ырылдайды қасқыр,
-Кі,кі,кі бұландайды түлкі,
Ян,ян,ян жүгіріп жүр қоян,
Ю,ю,ю қорбандайды аю.
Сергілту сәті:
Тәрбиеші: -ал қасеке енді Қызыл телпекті әжесіне жіберерсін, сіз айтқан тапсырмаларды орындады.
Қасқыр:-Ия, жарайсын Қызыл телпек мен сені енді жемеймін,әжене бара ғой.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы қандай көңілсіз қояндар
– Сәлеметсіздер ме, қояндар? Неге көңіл күйлерін болмай тұр ғой. Сәлеметсіздер ме,балалар . Анамыз бізге жемістер мен көкөністер бөлек алып келсін деп еді,біз шатастырып алдық. Енді не істерімізді білмей тұрмыз.
Тәрбиеші: Балалар, қояндарға көмектесеміз бе? Олай болса, жемістерді бөлек, көкөністерді бөлек себеттерге салып беріп көмектесейік. Рахметтерін айтып қояндар кетеді.
Әже:- Балаларға тақпақ айтқызады басын бастап береді, балалар жалғастырады. Сабаққа қорытынды жасайды екі тілде балалардан сұрайды.Әже: -Жарайсыңдар балалар, сендер өте білімді, ұйымшыл, еңбекқор, бір-біріне өте адал екенсіңдер. Менің немереме көмектескендерне көптен көп рахмет. Менің сендерге дайындаған сыйлығым бар.
Тәрбиеші: Қоштасу шеңберін айту