Баяндама : Жаңа форматты оқыту әдістері
Орнашбаева Ақмарал Әбуханқызы
Қазақ елінің жаңа форматтағы мұғалімі қандай болуы керек? Жаңа форматтағы мұғалімдер оқушылардың бойына өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманға табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз етуі қажет.
Бағдарламаның негізін құрайтын жеті модулді, оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсіну-мұғалім қызметіндегі маңызды дүние. Оқушының түсіну деңгейін анықтап, оның түсінігін толықтыруға немесе қайта құруға көмектесу, уақытпен санаспай, күнделікті өмірмен, мектеппен байланысты түсіндірме немесе бейнероликтермен көрсеткен көріністер, пікірталас-дебаттар, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту немесе талантты және дарынды оқушылардың білім алуын арттыру мақсатында жаңа технологияны пайдалану арқылы керек материалдарды меңгерту мұғалімнің міндеті.
Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беріледі. Бұл жөнінде Қaзaқстaн Рeспубликaсының Пpeзидeнті Н.Нaзapбaeв “…Адaмзaт үшін ХХІ ғaсыp жaңa тeхнологиялapдың ғaсыpы болмaқ, aл осы жaңa тeхнологиялapды жүзeгe aсыpып, өміpгe eнгізу игepу жәнe жeтілдіpу – бүгінгі мeктeп мұғaлімдepінің, сіздepдің eншілepіңіз”, – дeп aтaп көpсeтті.
7 класта ашық сабақтың тақырыбы “Үй құстары.Құстардың шығу тегі және аса маңызды қолтұқымдары,оларды адамның пайдалануы” атты ашық сабақ өткіздім. Мақсаты :Үй құстары.Құстардың шығу тегі және аса маңызды қолтұқымдары,оларды адамның пайдалануы туралы білім қалыптастыру. Сабақ І. Ұйымдастыру бөлімінен басталып сынып түгенделді.ІІ.“Сәттілік” баспалдағы.“Ой ашар” Бейнекөрініс: «Жыртқыш құстар –Алматыда» көрсетілді.Үй тапсырмасы: Бунақденелілермен, жануартектес азықтармен қоректенетін құстардың және жыртқыш құстардың пайдасы.Кәсіптік құстар оларды тиімді пайдалану және қорғау берілген болатын.Бүркіт пен ақбас құмайдың суреттерін құрастырып сипаттама беріп,түс бойынша топқа бөлінді.Топпен бағалатып,дискриптор таратып сол бойынша пысықтап бағалайды.Екі топтың бағалау пікірін тыңдалды.-Бүркіт суретінің қиындылары оның ішінде бас пен мойын бөлігін орналастыра білді-Бүркіттің тұлғасын дұрыс орналастырды-Бүркітті ұқыпты жасады-Құрастырылған бүркіт туралы шығармашылық жұмыс орындады.1 топта кідіріс болып көмек берілді.3.“Сенім” баспалдағы. “Ой маржан” Үй тапсырмасын пысықтау. Өткен сабақты қайталау, жинақтау сұрақ –жауап әдісін пайдаландым.4.“Білім” баспалдағы.«Мағынаны таны» жаңа сабақ: “Үй құстары.Құстардың шығу тегі және аса маңызды қолтұқымдары,оларды адамның пайдалануы” слайдтан асыранды үй құстарын көрсете отырып қазіргі кезде ден қойылып отырған бөдене шаруашылығында бөдене жұмыртқасының пайдасы көрсетілді.Мәтінмен жұмыс.«Рөлдік оқыта үйрету» әдісіБаяндамашы: мәтін мазмұнын баяндайды.Дәнекерлеуші:өмірмен байланыстырады.Сұрақ қоюшы:қарсы топқа сұрақ қояды.Сілтеме табушы: сөздікпен жұмыс.Бейнелеуші:осы тақырыпты суреттейді.Шығармашылық жұмыс.(тауық пен құс ұясы және жұмыртқасын жасау)берілді.5.“Зейін” баспалдағы. «Ойлан, бірік, бөліс” 1-тапсырма:Құстар класы2-тапсырма:Құстардың белгілері3-тапсырма:Ширақ балапандылар.4-тапсырма:Қызылшаққа балапандылар жұптық тапсырмалар беріліп жауап берілді. 6.Бекітуде бейнекөріністер көрсетіліп,сұраққа жауап алынды.10. Үйге тапсырма беріліп ,бағаланды. Сабақ соңындағы кері байланысты «Тазалық» ойыны түрінде суреттер бар: чемодан , қоқыс жәшігі, еттартқыш керек болатын соңында уақыт болмай ,келесі сабақта өз ойларын пысықтап өттім.
Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп көруге мүмкіндік туғызу ,оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.Оқушының оқулықпен жұмыс жасау барысында:
– танымдық әрекеті артады;- ізденімпаздыққа үйренеді;- өзіне сенімі артып, тұлға ретінде дамиды;- оқулықты міндетті түрде оқиды, танып – білу мақсаты қойылады. Ары қарай кезеңде оқушылар жұппен немесе топпен жұмыс жасауларына болады. Оқушы ізденімпаздыққа үйренеді, танымдық қызметіндегі дербестікті дамытуға мүмкіндік алады. Бұл кезде мұғалімнің үй тапсырмасын тексеріп, жеке оқушылармен жұмыс істеуге мүмкіндігі болады. Келесі мұғалімнің басшылығымен әр түрлі әдіс-тәсілдердің көмегімен (кесте, жаттығу, суретті танып білу т.б.) талқылап, жаңа тақырыпты бекіту алгоритмі қалыптасады. әр түрлі әдістемелік, дидактикалық жұмыс түрлері келтіріледі. Мыс:Біліміңізді тексеріңіз! оқушыларда:- танымдық қызметі қалыптасады;- жартылай ізденіс әдісін меңгереді;- ойлау қабілеті артады;- зерттеу әдісін меңгереді; (зертханалық жұмыс)- оқулықтағы сурет, сызбаларды, кестелерді пайдалануды үйренеді;
– оқиғаны түсініп, айтып беруді үйренеді;- жаңа білім алады, алған білімнің тобықтай түйінін таба алады.Сонымен оқушылар бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып, материалдарды әр түрлі игере алуы саралау деңгейі көтеріледі .
Мемлекеттік стандартпен басталған 1-деңгейдегі тапсырмалар бірте-бірте күрделенеді. Деңгейлік тапсырмалар оқу материалының арнасын кең ашуға, оқушының ойлау қабілетін, эмпирикалық (үйренушілік) деңгейден, теориялық (шығармашылық) деңгейге дейін бағытталып құрылады.Сабақ барысында мақсатыма жеттім.Елімізде білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп ,алға қадам басып келеді.Біліктілік пен шеберлілікті ұштастырып,жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру міндетіміз болып табылады.