Көктем келді
Рахманова Нафиса Сайдалиевна
Мақсаты: Ата – анамен балабақша арасындағы қарым – қатынасты нығайту, шығармашылық қиялын дамыта отырып, іскерлікке, шеберлікке баулу.
1 – жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі таңда балабақшамыздағы балаларымыздың ата – аналары арасында ұйымдастырылып отырған сайысына қош келдіңіздер! Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сайысымызға «Ақжелкен» және «Бәйтерек» тобының құрметті аналары, жүйріктері, білгірлері қатысуда. Сайысымызды өткізуден мақсатымыз: балабақша мен ата – аналар ортасында мықты нақты, мызғымас қарым – қатынас орнату. Аналарымыз өз өнерлерін бүгінгі сайыста ортаға салады. «Ақжелкен» тобының аналары «Қызғалдақ» тобы, «Бәйтерек» тобының аналары «Қарлығаш» тобы болып сіздерге тамаша, көтеріңкі көңіл – күй сыйлайды деген сенім білдіреміз. Аналарымыз өз топтары үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жеңіс үшін атсалысады. Аналарымыз өз балалары үшін барлық нәрсеге дайын тұрады. Балаларына деген махаббатын, мейірімін, сүйіспеншілігін осы сайыс арқылы көрсетеді. Ал, ардақты да аяулы аналар, сіздерге ақ ақ жол, сәттілік серіктеріңіз болсын!
2 – жүргізуші: «Ақжелкен» тобының қатысушы аналары таныс болыңыздар:
- Исмаилова Шохсанам.
- Мусаева Нилуфар.
- Исаева Мохичехра.
«Бәйтерек» тобының қатысушы аналары таныс болыңыздар:
- Халтаева Зиеда.
- Хамрақулова Севара.
- Султанова Дилдора.
1 – жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнер мен шеберліктің сайысында,
«Жеңіске жетер» дейміз нағыз мықты – деп сайысымыздың әділ бағаларын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
2 – жүргізуші:
- Балабақшамыздың меңгерушісі: Ю. Фахриддинова.
- Балабақшамыздың әдіскері: А. Бимурзаева.
- Хатшы: М. Ештаева.
1 – жүргізуші: 4 бөлімнен тұратын сайысымыздың барысымен таныс болыңыздар:
- «Сәлем сөздің – анасы» (топты таныстыру 3 – 5 мин.)
- «Ас – адамның арқауы» (аналар 1 салат жасап, қорғайды 8 мин.)
- «Қол өнері – ой өнері» (өздерінің қолдарымен жасаған бұйымдарды көрсету, қорғау 3 мин.)
- Еркін тақырып.
2 – жүргізуші: Алғашқы сайысымыз «Сәлем сөздің – анасы»
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнер, білім жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Топтарын таныстырып өтсе деймін.
«Қызғалдақ» және «Қарлығаш» топтары өздерінің топтарын таныстырады.
1 – жүргізуші: Ендігі кезек «Ас – адамның арқауы» сайысымызда аналар салат жасап, аттарын айтын, қорғайды.
Ал енді ортаға салат жасайтын екі топтың аналарын шақырсақ.
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханына елімнің,
Береке – ырыс сыйлашы.
Аналарымыз салаттарын дайындап болғанға дейін «Бұлбұл» тобы балаларының «Хоразм» биін тамашалайық.
Әділ қазы алқасының сайыскерлерге қойған бағаларын тыңдайық.
«Қызғалдақ» тобының алған бағалары.
«Қарлығаш» тобының алған бағалары.
2 – жүргізуші: Ендігі сайысымыз «Қол өнері – ой өнері». Бұл шартымызда аналарымыздың үйде жасап келген дайын қол өнері көрсетіледі және қол өнерлері түсіндіріліп қорғалады.
Әділ қазылар әділ бағасын берсеңіздер.
1 – жүргізуші: Сайысымыздың келесі шарты еркін тақырып. Ортаға «Қызғалдак» тобының қатысушысын шақырамыз. Исмаилова Ш. (мәнерлеп оқу)
Ал енді ортаға «Қарлығаш» тобының қатысушыларын шақырамыз. ( Би )
2 – жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қояды,
Уақыт біраз жерге таяп қалды.
Көріскенше, қош – сау болып тұрыңыздар,
Сайысымыз осымен аяқталды.
Марапаттау үшін сөз кезегін әділ қазыларға берсек.
Сайыс осымен өз мәресіне жетті, келіп қатысып тамашалағандарыңыз үшін рахмет.