Эссе «Сәтбаев- біздің замандасымыз!»
Ақылбекова Динаш Парманкуловна
Біз Қаныш Имантайұлы Сәтбаевты неге мақтан етеміз?… Себебі Қаныштың артында қалған мол мұрасы көп.Қаныш ғалым, ғылымдардың докторы, профессор, академик.Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастырушысы ,тұңғыш президенті,,Қазақ КСР академиясының академигі ,Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш акдемик.Дәлел ретінде»Еңбек етпесең, жиған білімің кәдеге жарамай жатқан минерал секілді. Оның ішін аршып, асыл кенін жарқырату үшін еңбек керек ,қол мен ой қимылы қажет» деген өз сөзінде .
Мен Қаныш Имантайұлы Сәтбаев туралы не білемін ? Қазақ ғылымына өлшеусіз үлес қосқан Қаныш Сәтбаевтың қандай бала болғанын барлық қазаққа қызық шығар. Иә, Қаныш отбасының екіншісі болған.Сол үшін оның есімін үлкен ағасына ұқсас етіп, Ғабдула-Ғани деп атаған.Бұл есімннің мағынасы арабшадан алынғанда « шексіз байлық иесі , ешкімге мұқтажсыз Алланың құлы» деген мағынаны білдіреді екен.Себебі еркелетіп «Ғаныш», «Ғани» деп атаған, кейін ол »Қанышқа» айналыпты.Өйткені Қаныш бала кезінен алғыр ,икемді бала болыпты.Қатарының алды, айтылған сөзбен іс-әрекетіне тез түсініп,зерделей алатын.Оқуда да сыныптастарының алды болған.Қаныш өмірде өз орнын таба білген жан.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғылыми зерттеулері шын мәнінде орасан зор.Ол металлония, минералогия, геохимия, пайдалы қазбалар ,стратиграфиялар, тектоника, география, зкономика және басқа ғылымдар саласындағы 800 публикациялардан тұрады. Қаныш зерттеулерінің көпшілігі қазақ қоғамына пайдалы болуын көздеген. Мысалы, Мәскеудің тапсырмасы бойынша Қазқстанның жерасты байлығының картасын жасаған кезде Сәтбаев төрт-бес ірі кенішті картаға кіргізбейді.»Бұл қалай?» деген орыс ғалымдарына :»ондағы рудалар өте көп және олар тым тереңде ,оны алу үшін көптеген күш пен ақша керек» ,-деп жауап қайтарған.Алайда өзінің жақын дотарына:»Мен ол жерлерді әдейі картаға кіргізбедім ,өйткені ол жердегі байлық болашақ ұрпаққа пайдасын тигізеді» ,-деген екен. Сонымен қатар ғалым Ұлытау өңіріндегі басты тарихи ,мәдени , археологиялық ескерткіштерді зерттеген.Қазақ орта мектебі оқушыларына арнап «Алгебра» оқулығын дайындаған. А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны болып есептелетін 25 әнді өзі орындап , орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген.Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған.Қаныш осы еңбектері үшін көптеген сыйлықтар мен марапаттарға ие болған.Ол төрт рет Ленин орденімен ,екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапаталып,КСРО мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері атанған.
Міне,Қаныш біздің замандасымыз дей аламыз, өйткені артында қалған мол мұрасын оқып ,танып біліп отырмыз. Қаныш Сәтбаев өнердің сан-саласында озық болған жан.Себебі музыка тыңдағанды ұнататын, биді қадірлеген.Әлкей Марғұланның айтуынша Қаныш полька, мазурка ,вальс билерін билеуді ұнатушы еді. Әдетте ірі адамдар биге икемсіз болса да, Қаныш Сәтбаевтың биді жақсы көруі, бұны жоққа шығармағаны сияқты.Қаныш Сәтбаев домбыра мен гитарада тамаша ойнаған .Қазақ және украин әндерін орындауды ұнатқан,оның орындауындағы әндерді тұңғыш рет тыңдаған белгілі музыка танушы-фольклорист Александр Затаевич Қаныштың орындауындағы 25 қазақ әнін жазып алған.
Сөз соңында қорыта айтқанда кез-келген табыс астында үлкен еңбек, қажыр-қайрат, табандылық пен білім керек.»Еңбек-бәрін жеңбек» дегендей. Әрине еңбектенсең ғана мақсатыңа жетесің. Сол сияқты Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңбек дәрежелерімен мақтанамыз.»Ғылым майданның қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену , талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» демекші ірі қайраткер Қаныштың ұрпақтары көп болсын. Тарихта атыңды қалдырғың келсе, халқыңа пайдасы бар жұмыстар жасап, сол үшін аяанбай тер төгу қажет.Сәтбаев атамыз да,сол еңбегімен жұмысқа адамдығы арқылы әлі күнге дейін есімі өшпей тарих беттеріне қашалып жазылды.Қаныштың орны тарихта ешқашан өшпек емес!.