“Ана тілім –асылым”

Тілден  артық қазына жоқ ,

Тілден артық қасиет жоқ .

 

Ана  тілі ! Қандай керемет сөз денеңші !  Осы сөзді  айтқанда  жан дүнием  езіліп ,бейне бір өзімді  жас  балаша  сезінемін . Өйткені, бұл тіл мен өмірге  келгелі  менімен жасасып келеді .Бала кезімде  балдай сорып ,ана сүтімен  бойыма  сіңген  қасиеттер  туған тілімнің арқасында  дарыды.

Ана  тілі …. Бұл туралы  қаншама айтылып келеді .Ана тілінің  құдыретін қанша айтсақта  тауса алмаспыз … Себебі , ана  тілі –біздің  асыл қазынамыз ! Бұл тілмен ата –бабамыз  сөйлеген .Бізге жеткен мұралардың  ең қымбаты –сөз !

Сөз –күн шалмас қараңғы  көңілді шалады ,күн жылытпас  суық көңілді  жылытады .  Асыл адам  да ,нәрседе тозады ,жоғалады .Асыл сөз мәңгі жасайды .

Күні бүгінге дейін бізге жетіп ,жастайымнан қиялымды қияға өрлеткен  ғажайып ертегілер ,сырлы аңыз –әңгімелер ,ерлікті дәріптеген  батырлар жыры ,шынайы махаббатты мұрат еткен әсем  де әсерлі ғашықтық ,лиро –эпостық  жырлар ,береке –бірлікті  мақсат еткен  өткір өміршең шешендік сөздер,халық даналығы –мақал –мәтелдер ана тілінде дүниеге келген асыл қазынамыз емеспе ?!

Асыл қазынамыз –ана тіліміздің өмір шеңдігін  қадірлеп – қастерлеуімізді аманат етіп тұрғандай .Сондықтан мен ана тілі –халықтың өткен ұрпағын ,қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал деп ойлаймын !

Ана тілінің күші мен құдыретін туған халқымыз  әуелден –ақ бағдарлап ,сөз өнерін бар өнердің  басы деп санады.

Ана тілімді  туған анамнан айырып қарағым келмейді . Себебі ,маған екеуі де тым жақын .Ананың   аялы  алақаны  қандай  жылы болса ,ана тілім де сондай жылы . Анамның  ақ сүтімен  берілген тілімнің өсуіне  рухани қазынамды  молайту арқылы  жалғастыра беремін .

Ана тілінің асыл қазына  екендігін ақындарымыз жырға қоспағаны кемде –кем шығар ?

 

Ана тілім –бәрін сөйлер шежірем ,

Тілсіз нені білдіре алам,не білем ?

Тілім барда ғана мына ғаламның ,

Кілтін  табар саналысы сезінем .

О,адамдар ,қадіріне жетіңдер ,

Ана тілің –анаң ,сыйлап өтіңдер !

 

 

 

Алматы  облысы Алматы қаласы Наурызбай ауданы

Мкр Қарағайлы Мақаш Татимов №74

№192  мектептің қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің   мұғалімі

Қасымова  Жанна Жаңабековна

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *