1 цифры және санымен танысу
Матқазиева Жанат Коишибаевна
Мақсаты: а) Өзіне қатысты тұрғыда заттардың кеңістікті орналасуын анықтай білу дағдыларын бекіту (оң жақта, сол жақта, ортасында);
ә) Геометриялық фигуралардың орналасу ретін түсіндіру; 1 цифрын 1 санының таңбасы ретінде таныстыру; үлгіні пайдалана отырып, 1 санын жазып үйрету;
б) 1 цифрын өзге сандардың арасынан табу.
Билингвальді компонент:Шеңбер- круг
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс әрекеті | Балалардың іс әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Сәлемдесу
Шаттық шеңбер: Біздің топта ұл-қыздар, Тату-тәтті ойнайды, Әлемдегі бар адамға, Тек жақсылық ойлайды. Жаңылтпаш Үш кіші ішік піштім, Тосын сәт: «Хат» келді. Балалар бізге бүгін хат келіпті.Сол хаттың ішіндегі тапсырмаларды орындайық. |
Үш тілде сәлемдеседі..
Шаттық шеңберді тәрбиешімен бірге орындайды.
Жаңылтпашты қайталап шықты.
Хат ашылып оқылды.
|
Іздену ұйым-дастырушы | Есеп орталығы
Тапсырмалар: Оң жақтағы кірпінің үстіне 1алманың, сол жақтағы кірпінің үстіне 2алманың суретін сал.
Топтастыру 2.Жұмбақ жасыру: Допқа өзі ұқсайтын, Ерекше бір пішін бар Атын оның атаңдар? 1.Шеңбер неге ұқсайды? 2.Ал енді алдымыздағы пішіндердің ішінен шеңберді көрсетейікші. Дәптермен жұмыс Бір-бірден ғана салынған суреттерді боя. Д/О: «Кім жылдам» Өзін-өзі бағалау. Сергіту сәті. Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық, Көріскенше күн жақсы, Сау саламат болайық Сөздік жұмысы:шеңбер, шаршы сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Билингвальді компонент:Шеңбер- круг сөздерін қайталау.
|
Тапсырманы дұрыс орындап шықты.
Заттарды топтастырды.
Шеңбер Допқа ұқсайды
дәптермен жұмыс орындалды. Ойынды қызыға ойнайды.
Сергіту сәтін орындайды. |
Рефлексивті түзетушілік | Балалар, біз қай орталықта болдық? Мұнда не үйрендік
Сендерге бүгінгі оқу іс-әрекет ұнады ма? Неліктен? |
Балалардың жауабы тыңдалды. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:Сандарды дұрыс атай білу керек. Нені игереді: Оқу іс – әрекетке деген қызығушылықтары Нені біледі: Теледидарды құрауды үйрену керек.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718