Көктемгі табиғат

Тәрбиеші: Сырымбет Сымбат  Ілиясқызы

 

Білім беру саласы: «Әлеумет». «Таным». «Шығармашылық».

Бөлімі: «Қоршаған ортамен танысу»,

                «Сөйлеуді дамыту»,»Сурет салу».

Мақсаты: Қоршаған ортамен таныстырып,көктем мезгілінің ерекшелігін  ажырата білуге дағдыландыру.Жәндіктердің,құстардың, көктем мезгіліндегі тіршілігімен таныстыру. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, Дәстүрден тыс әдістерді пайдалана отырып су бояқпен жұмыс   істеуге қызығушылығын арттыру.

Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, түсіндіру, үйрету.

Көрнекіліктер:Көктемгі табиғат бұрышы, құстар, құмырсқа, кірпі.

Құрал-жабдықтар: Ақ қағаз, субояқ, қылқалам.

Сөздік жұмыс: Көктемгі табиғат, құмырсқа, құстар,кірпі.

Полингвалдық компонент: Құмырсқа-муравей-, құстар-птицы-,   табиғат-природа-.

Инклюзивтік әлеумет: Сөздерді дұрыс анық  айтуды үйрету

Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері

Армысың шапағатты күніміз!

Армысың мейірімді жеріміз!

Армысың табиғат анамыз!

Келді сізге өзіңіздің балаңыз!

Здраствуй небо голубое!

Здраствуй солнце золотое!

Здраствуй воздухи вода!

Здраствуй матушка земля!
– Балалар шеңбер бойына тұрып сәлемдесу рәсімін жасайды.


Негізгі бөлім:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем айларында неше ай бар?

-Көктем айларын атайықшы?

-Енді балалар біз көктемгі табиғатқа саяхатқа шығайық.

-Балалар мына бұрышқа көңіл бөліңдерші, қай жал мезгілі бейнеленген?

-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін атайықшы?

-Көктем мезгіліндегі құстарға көңіл бөлейікші.

Құстар: – Сәлеметсіңдерме балалар.
-Құстар, сендер  қайдан  ұшып  келдіңдер?

Құстар:-Біз көктем мезгілі келгендіктен өз мекенімізге келдік.
-Құмырсқалар  сендер  қайдан  шығып  жатырсыңдар?

Құмырсқалар: -Біз өзіміздің илеуімізден көктем келгенін біліп илеуімізді тазалап жазға дайындық жасап жатырмыз.
-Кірпі сен  қайда  барасың?

Кірпі:Көктем мезгіліне қуанып, саңырауқұлақ тергелі шықтым.
(Балалармен сөздік  жұмыс жүргізу.)
(Балалармен  жеке  жұмыс жүргізу.)

Сергіту сәті:

Алақай,алақай
Шаттанады,балақай.
Жаңбыр-жаңбыр себелесе,

Тырс-тырс етіп төбеме.

Найзағай, жарқылда,

Сырт-сырт етіп сыртылда.


Көктем мезгілінің суретінің жұмыс бағытымен таныстыру.
(Балалармен  шығармашылық жұмыс  жүргізу.)

-Енді балалар көктем мезгіліндегі жауынның суретін саламыз.
(Тазалық құралымен  жаңбыр  тамшыларын  бейнелеу.)

                            Жұмысты аяқтау.

Қимылды ойын «Ақ жауын»

-Күн шықты-Шаттанып  қуанады

-Жаңбыр жауды-Басын бұғады.

-Жердегі ақ жауын-Аяғын тарсылдатады.


Қорытынды бөлім:
-Балалар біз қай жыл мезгіліне тоқталдық?

-Қандай жәндіктер мен құстармен таныстық.

-Құстар мен жәндіктердің көктем мезгіліне деген көңіл күйлері қалай екен?

-Біз ненің суретін бейнеледік?

-Өте жақсы балалар.

 Оқу қызметіне белсенді қатысқан балаларға смайлик сыйлайды.

        

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *