Жол белілерін білейік
Абдуллина Алия Бакитжановна
Мақсаты: Жолда жүру ережелері туралы мағлұматтар алу. Көше қиылысы, бағдаршам,жол белгілері туралы білімдерін бекіту, баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу.
Қажетті құрал жабдықтар: бағдаршам, жол белгілерінің макеттері
Әдіс тәсілдер: көрсету,түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын ұйымдастыру.
Қостілділік компонент:Бағдаршам – светафор.
Жол белгісі – дорожный знак
Құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің «Жол белгілерін білейік»атты жарысымызда «Болашақ» тобының балаларының арасынан құрылған «Бағдаршам» және «Жүргізуші» деген топтар қатысқалы отыр. Балаларымызға сәттілік тілеп, жарысымызды бастауға рұхсат етіңіздер.
Бүгінгі жарысымыз 5 турдан тұрады:
- Топты таныстыру,ұранымен таныстыру.
- Сұрақ жауап
- Бағдаршам ойыны
- Жұмбақтар шешу
- Қай топ жылдам ойыны
Бүгінгі жарысымызды бастамас бұрын әділқазы алқасын сайлап алайық
1.___________________________________________________
2.___________________________________________________
3.___________________________________________________
Шуақты өміріміз күндей күліп.
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт,
Арманға сапар тарту мүмкін емес.
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Жалғайтын достастырып бар елменен.
Жолдардан тұрады ғой әлем деген,
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Жарысымыз басталсын сәлемменен.
Жарысымыздың 1 – ші туры таныстыру.
- Бағдаршам
Топтың ұраны : Тоқта. Сақтан.Жол ашық.
Жүрме жолға таласып.
- Жүргізуші
Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік
Аман – есен жүрейік!
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым,
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы бәріміз сұрақтарға жауап берейік.
2 – тур. Сұрақтар.
- Бағдаршам дегеніміз не?
- Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба?
- Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрғанда кімдерге өтуге рұхсат етіледі?
- Жаяу жүргіншілер қандай жолмен жүру керек?
- Жүрісті реттеп тұратын адам кім?
- Жолдың қай жағымен жүру керек?
Әділқазылар әділ бағамызды берейік!
3 – тур.
Шуақты өміріміз күндей күліп.
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт,
Арманға сапар тарту мүмкін емес.
Жол жүру ережесін білмей тұрып. – «Бағдаршам» ойынын бастаймыз
Алдын ала дайындалған үш түсті көрсетіп, балалардың қаншалықты жинақы екендігін байқап көрелік.
Ойын шарты:
- Бағдаршамның жасыл көзін көсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.
- Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.
- Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.
Жарысымыздың келесі 4 – ші туры «Жұмбақтар» шешу.
Екі топқа да жол ережесіне қатысты жұмбақтар беріледі.
- Көзін ашып жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады. Бағдаршам.
- Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған,
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. Жол сақшасы
- Арқаным тым ұзын,
Ала – алмайсың біз үзім. Жол
- Сөйлегенді білмейді,
Бірақ «Тоқта, Жүр» дейді Бағдаршам
- Екі аяқты бір ізді,
Үстіне мені мінгізді.
Мінгізгенмен ол менің
Аяғымды жүргізді.
Велосипед
- Төрт аяғы дөңгелек
Адамсыз ол жүрмейді. Машина
Көрген дәу қырағы
Көшемізде тұрады.
Ол берген команда
Бағынамыз әрқашан деп «Қай топ жылдам» ойынын ойнайық.
Бұл ойынның шарты белгілердің ішінен аталған жол белгісін тауып көрсету.
Әділқазылар өз бағасын береді.
Қай көше қай қалаға барсаңыз да
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен кіші баршамызға
Жол жүрудің тәртібін,
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,сау саламат жүреміз.
Қатысқан балаларға жақсы баға беріп, мақтап мадақтау