Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз
Өміргекелдік. Білгенімізденбілмегенімізкөп. Ал, өмірдіңбізгебелгісізқырсырларынкөрсетіп,өзінің берген білімімен сусандырып,тек қана біліммен емес,сонымен қатар тәртібімен арман мен мақсатқа жеткізген,биік шындарды көрсетуге себеп болған –ұстаз деп білем.Ұстазға жіктелетін міндет өте ауыр, тек өз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұлттық қасиетіміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртіне нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Менің өмірлік ұстанымым –«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан ». Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақыл дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.«Мен бүгінгі таңда өз мамандығым бойынша 2 жыл еңбек етіп келемін.»Бұл аз ба,көп пе, бірақ мен үшін биік мақсаттарға жетудегі ізденістер мен ұмтылмас қызықты жандар.Ұстаз болу менің басты арманым болды.Алғаш рет мектепке келіп, ұстаз атанғанымда ұстаз болу оңай емес екендігін түсіндім.Ұстаз әрдайым даму,іздену,тырысу, жан-жақты шығармашыл болуы керек.
Сонымен қатар, XXI ғасыр-бұл ақпараттық қоғам дәуірі,технологиялық мәдениет дәуірі.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,кәсіптік,адамгершілік, рухани қалыптасуына әсерін тигізеді,әрі өзін-өзі дамытып,оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Қәзіргі заман мұғалімі жаңа технологияны меңгеріп,қолданыста кең пайдалана білуі керек.Жаңа ғасыр мұғалімі шәкірт алдында терең білімді,жан-жақты білікті тұлғасымен дараланып қәдірленуі тиіс.Менің өзіме қояр талабым,мақсатым жоғары.
Менің кәсіби бағытым.Халқымыздың рухани көсеміАхмет Байтұрсынов:«Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек.Оларды өзіне сүйеніш,қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»-дегендей оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыруда нәтижелі әдістерді көп пайдаланғаны дұрыс.Жоғарғы дәрежеде бітіріп келген мұғалімдердің сабақтарына жиі қатысып, жаңа әдіс- тәсілдерді үйренуге тырысамын.Оқушылардың да сабаққа қызығушылықтарын арттыру үшін сыни тұрғысынан ойлау әдісін қолданамын. Әр күн сабақтарымды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі ізденістемін.Бұл әдіс оқушылардың еркін,өзіндік, ойларын жеткізе білетін ынталы,сенімді,сыни пікір-көз қарастарын қалыптастырады.Ынтамақтаса жұмыс істей отырып,оқушылар бір нәтижеге жету үшін топпен жұмыс ережелерінсақтаудың маңыздылығын сезінеді.Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары ,дарындылары тайқындала басталады.Мен ағылшын тілінен орта және бастауыш сыныптарды сабақ беремін.Бастауыш сыныпта «Ойын әдісін»қолданамын.Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану оқушының тілді үйренуге деген ынтасын арттырады және жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді.Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын,сезбей, әсерлене,қызыға отырып, ағылшын тілін тез үйренеді.Алдағы уақыттағы жоспарым логикалық ойлау қабілеттері жақсы жамыған,шығармашылыққа биімдеу оқушыларымды ғылыми жобаларға дайындау.Білім беру жүйесінде жаңа инновоциялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қәбілетін м дамыту,саналы деңгейге көтеру-бүгінгі күнгі күрделі мәселе.Тек өз пәнім бойынша емес,сонымен қатар мектептік шығармашылық кештеріне қатысып, өзімді жан жақты тәрбиелеу үстіндемін.Шығармашылық кештің бірі «Жас мамандар» мектепшілік сайыста «3-орынға» ие болдым.Әр мұғалім үздіксіз ізденісте,тырысуда,дамуда болуы тиіс.Шығармашыл мұғалім-жаңа келген ақпаратты көргеннен, түсінгеннен бастап өз кәсібінде тиімді пайдалана отыруы керек және шығармашыл мұғалімнің ерекшелігі оның көрген нәрсесін жасауға тырысып, әрекет жасауы. Тырысып, өзіне не керек екенін білетін адам өз жолын міндетті түрде табады. Өз болашығының жарқын болуының тек өз қолында екенін, үздіксіз дамиды. Даму үстінде жүрген адам өмірдегі тек жақсы жақтарды көріп, жанындағы адамдардың тек жақсы қасиеттерін алуға тырысады. Себебі, алтын уақытының бағасын біле отырып, өзіне қажетсіз нәрселерге уақытын жұмсамайды. Әрқашанда өмірдегі бір оқиғадан, айналасындағы іс – әрекеттерден ешкім көре бермейтін қызықты дүниелерді тауып алады. Дамып отырған адам қашанда ағын сумен тең. Өйткені, бір орнында тұрған су айналасына қаншалықты жаман атмосфера туғызып, тек зиянды қалдықтармен есте қалса, ағын су өзінің тазалығымен, мөлдірлігімен, сыңғырлағын, ерекше дауысымен есте қалады. Тура сол секілді даму үстінде жүрген мұғалім өзінің даналығымен, ақылдылығымен, өз ортасындағы сенімділігімен есте қалады. Әрбір ізденіс, оны жасауға тырысу, үздіксіз даму сіздің басты қаруымыз болсын. Сонда өз арманың қасыңда екенін, оған апарар жолдың жеңіл, әр түрлі жолдары бар екенін көзіңіз жетеді. Тек талпынсаңыз болғаны.Еліміздің дамуы, өркендеуі біліммен теңестірілген және үшін атқарылып жатқан жұмыстар өте көп. Бірақ, оның жүзеге асып, өзімізге, елімізге пайдасын тигізу өзімізге байланысты. Өз, мамандығымда кездескен қиындақтарды өз еңбегіммен жеңе біліп, ізденіс пен тырысу арқылы дамып, көп биіктен көріңгім келеді. Қиындықтарға да қарсы тұра білсем, ең мықты жобалар да, атқарылған жұмыстардыңда сапасы артпақ. Ол үшін елбасымыз өз мақаласында айтқандай білімімізді арттырып, санамызды жетілдіруден талмай, кемшіліктерімізді жамап, бәсекелестікке тура қарап, өз жолымызды анықтап, өз бақытымыздан жаңылмасақ, әрдайым тырысып отырсақ, нағыз жеңімпаз боларымыз анық. Оқушыларыма осы аталған төрт қасиетті бойларына сіңіре отырып, еңбеке, білімге тәрбиелеу. Қорыта келе, әр бір оқушының, жүрегінен орын ала отырып, шығармашылыққа бейімдеп, асыл мұраттарға жетуді көздеймін.
Астана қаласы
№58 мектеп гимназиясының
Ағылшын тілі мұғалімі
Қуттыбай Гүлбану Пердебайқызы