Қысқы киімдер
Нишантаева Ирода Иристаевна
Мақсаты: Балаларға киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Шаттық шеңбері.
Қандай суық қыс деген
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең
Құлағыңды тістеген
Сәлеметсіңдерме балалар, көңіл – күйлерің жақсыма?! Олай болса, қане, бір – бірімізге жүректен шыққан жылы сөздерімізді айтайықшы.
– Аспанымыз ашық болсын!
– Деніміз сау болсын!
– Нанымыз көп болсын!
– Балабақшамызда балалар көп болсын!
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?
Қыс айлары қанша айдан тұрады?
Қане, оларды атайықшы.
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Қыс мезгілінде не жауады?
Қардың түсі қандай?
Балалар қыс мезгілі сендерге ұнайма?
Несімен ұнайды?
Қыста қандай ойындар ойнаймыз?
Балалар сендер қыс туралы тақпақтар білесіңдерме? Қане тыңдайықшы:
Элбек, Гузал, Шохижахон, Али, Назира, Элер.
Балаларға қыс туралы суреттер көрсетіледі. Қане балалар, орнымыздан тұрып, бір серігіп алайықшы.
Сергіту сәті.
Тоңса біздің қолымыз
Қолғап киіп аламыз,
Сарт – сарт – сарт
Шапалақты ұрамыз.
Тоңсаң біздің аяғымыз
Етік киіп аламыз,
Топ – топ – топ
Билеп – билеп аламыз.
Сол кезде есіктен қуыршақ Айжан қонаққа келеді.
Балалар қараңдаршы бізге қуыршақ Айжан қонаққа келіпті. Ол қай мезгілге сай киініпті? ( Қыс мезгіліне) Ол сендерге құр келген жоқ, ол өзімен бір топ қысқы киімдерді ала келіпті.
Айжан: Сәлеметсіңдерме балалар, мен сендерге « «Бүлдіршін» тобының балалары қысқы киімдердің атауын жақсы біледі» деген соң келдім. Мына менің қолымдағы қысқы киімдердің атауларын айтып беріңдерші. Балаалар киімдерге қарап, қай киім екенін айтып береді.
Айжан: Рахмет балалар, сендер қысқы киімдерді өте жақсы біледі екенсіңдер. Мен сендерден өте риза болдым, енді сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.
Д/ ойын: « Қырқылған бөлшекті суретті бірлестіріп, қысқы киімдің бейнесін шығару».
Балалар қуыршақпен ойынды қызыға ойнайды.
Балалар Айжанмен тағы бір ойын ойнаймыз ба? Бұл ойынымыз атауы « Ерекшелігін тап » Шарты: екі тақтада, біреуінде ұл бала суреті ілінген, біреуінде қыз бала суреті ілінген. Балалар араласқан киімдер ішінен қыз, ұл бала киімдерін ажыратып, керекті орынға орналастыру керек.
Ойынды ойнап болған соң Айжан балалармен қоштасады:
- Рахмет балалар, сендермен ойнаған ойындарым өте ұнады. Мен енді кететін уақытым болды. Сау болыңдар балалар!
- Балалар, бүгінгі оқу іс – әрекетімізде не туралы әңгімелестік?
- Қыста қалай киініп жүруіміз керек екен?
- Бізге қонаққа кім келді?
- Балалар, бүгінгі оқу іс – әрекетімізде барлығың өте жақсы қатыстыңдар, рахмет сендерге.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718