Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ

Абдреев Рүстем Қалыбекұлы

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген адамзаттың қас жауы» деген Әбу Насыр Әл Фараби қай уақытта болсын баланың тәрбиесі өте маңызды екенін айтқан.

Қоғам үшін ең басты нарсе – тәуелсіздік, ал адам үшін оның бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір сүруі. Оның кепілі – заң. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау –зорлық – зомбылыққа карсы күрес жүргізу.

Бала тәрбиесінде тәрбиелікке жетудің жолы – еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылдыққа, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын баланың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты болады.

Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға – тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде біздер мейірімі мол қайырымды қоғамды құрып қана қоймай, зорлық-зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік.

Қазіргі таңда алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Бұл қоғам, отбасы, жеке тұлға бәріне ортақ мәселе. Бұл мәселенің орын алуы әрине отбасынан басталады. Отбасындағы сауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады.

Бала – біздің болашағымыз. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастырып осы өмірде өз орнын таптыру әрбір ата-ананың басты міндеті. Бұл міндет – әрбір отбасында сақталып, өз орнымен жүруі заңдылық. Зорлық-зомбылықты бала өз отбасында көруі – әртүрлі қоғамның келеңсіздіктеріне әкеп соқтырады.

Қазіргі өмірдің қиын жағдайларына тап болған отбасындағы балалардың зардап шегуі көптеп белең алуда. Ата-ананың отбасындағы ажырасуы, жұмыссыздық, нашар әлеуметтік жағдай, ұрыс-жанжал ол баланың қатыгез

 

 

де, мейірімсіз болуына әкеп соқтырады. Ата-ана мен балаларға зорлық – зомбылық оның адам жаны мен тәніне әкелетін зардабы өте көп.

«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасында ата-ана тәрбиесінің әсері мол. Әрбір келеңсіздіктің, әрбір жоқшылықтың шығар жолы бар. Егер ата-ана отбасында уақытша келеңсіздікті сабырмен жеңе білсе, ақылмен шеше білсе, онда бала зорлық-зомбылықсыз, бақытты өмір сүреді.

Бақытты бала – бақытты отбасы – бақытты ел! Баланың барлығы бірдей, әрі тең. Өмірге бала әкелдіңіз бе? Балаңызды саналы, сапалы етіп өсіріңіз. Жақсы тәрбие беріңіз. Құрметті Ата –ана! Қатыгез бала – өз ұрпағыңыздың қас жауы! Ата-аналардың жүрегі мейірімге, сүйіспеншілікке толы болса – балалардың көңілі тоқ, көйлегі көк, әдепті, инабатты, еңбекқор болары әбден сөзсіз.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *