Хабарлы сөйлем
Ибраева Куралай Серикжановна
Қазақ тілі
Сыныбы: 2 «Ә»
Сабақтың тақырыбы:Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға хабарлы сөйлем туралы түсінік беріп, хабарлы
сөйлем жайындағы білімдерін, байқағыштық қабілеттерін каллиграфиясын жетілдіру, сөздік қорларын, сөйлеу тілдерін дамыту, сонымен қатар ұқыпты болуға,әдемі, таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сабақтың тақырыбына байланысты суреттер, кестелер,интербелсенді тақта.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап әдісі, топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Сабаққа қажетті құралдарын әзірлеу
а)Психологиялық дайындық.
Мұғалім: Екі көз не үшін керек? Оқушылар: Бар жақсылықты көру үшін Мұғалім: Екі құлақ не үшін керек? Оқушы: Ақылкеңесті тыңдау үшін Мұғалім: Екі қол не үшін керек? Оқушы: Елге көмек беру үшін Мұғалім: Екі аяқ не үшін керек? Оқушы: Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін ә) Оқушыларды топқа бөлу,топ жетекшілерін сайлау.
– «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған өмірдің кез – келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байрағы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілімнен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен»?- деп Президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қазақ үшін қымбат қазақ тілі сабағы басталды.
* Бәсең дауыспен сөйлеу.
* Кезек сақтау .
* Дау – дамайға айналдырмау
* Тақырып төңірегінен ауытқымау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Менің балаларым сабаққа әзір ме екен?
2. Мен мұғалімнің көңілінен шыға аламын ба?
3. Сабақ басталды.
4. Мұғалімдер сабаққа қатысты.
5. Алақай, мен «5» алдым?
6. Менің балаларым неткен ақылды!
ІІІ. Жаңа сабақ
– Балалар, бүгінгі сабағымызды қандай тақырыппен танысатынымызды білу үшін сөзжұмбақты шешеміз.
1. Х – дан егер бастасаң, сәлемін досқа жолдаған.
2. Қолы жоқ, сурет салады. Тісі жоқ тістеп алады.
3. Сырттай ұқсас малтаға, қаламның бұл ғажабы жылтыр қара тақтаға. Аппақ сүтпен жазады.
4. Күнде оған қараймын. Қара шашты тараймын.
5. Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші, әр үйде бар, тапқышым, кәне, тапшы!
6. Ешкінің төлін қалай атайды?
7. Күнделікті тамақ дайындауға қолданатын нәрсені ата.
1. хат
2. аяз
3. бор
4. айна
5. радио
6. лақ
7. ыдыс
– Ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыз «Хабарлы сөйлем» деп аталады.
– Мен қазір сендерге өз сыныбым туралы мынадай сөйлемдер айта аламын.
Менің сыныбымда 23 оқушы бар. Оның 7- і ұл, 16 – ы қыз. Балалардың бәрі ақылды. Сабақтан қалмайды. Мұғалімді сыйлайды. Сабақта тыныш отырады…
– Мен қандай тыныс белгісімен аяқталатын сөйлемдер айттым? (нүкте)
– Мен бұл сөйлемдерде не туралы айттым? (сынып)
– Ендеше осы сөйлемдерді хабарлы сөйлем дейміз. Сонда хабарлы сөйлем дегенді қалай түсіндіруге болады? (ережені қорытып шығару)
Топтарға тапсырма беру.
ІV. Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс.
-
Сабақты бекіту
– Сөйлем дегеніміз не?
– Хабарлы сөйлем дегеніміз не екен?
– Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
– Хабарлы сөйлемге мысал келтіру.
– Сөйлемнің түрлерін ата?VІ. Үйге тапсырма (Күнделікке жазу)
5 – жаттығу Ережені жаттау
VІІ. Сабақты қорытындылау. Бағалау.