«Қотыр торғай» қазақ халық ертегісі

Данара Момынкулова

Мақсаты:

Б.М:   Ертегіні сахналату арқылы тіл байлықтарын  дамыту. Сөйлесу барысында сұрақ қойып, оған дұрыс жауап беруге, сөздерді орнымен қолдана білуге жаттықтыру

.Д.М: Ертегіні тыңдауға деген қызығушылықтарын ояту, қиялдарын дамыту, жұмбақ шешкізу арқылы ой-өрістерін кеңейту.

Т.М: Ақылды болуға, әр істі ойланып істеуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: ертегі суреттерінен слайд жасау, жұмбақ жасыруға, сахналауға арналған ертегі кейіпкерлерінің суреттері.
Сөздік жұмыс: шеңгел, тай , жүн иіру, құйын.
Қостілдік компонент: торғай -воробей, құйын- смерчь
Күтілетін нәтиже:

 Біледі: Сурет бойынша ертегінің мазмұнын әңгімелеуді.

 Игереді: ертегі кейіпкерлерін, сипаттауды сөздерді дұрыс қолданып, ойларын дәл жеткізеді.

Меңгередіі:. Ертегі кейіпкерлерін ажыратуды, сипаттауды, ертегіні рөлдерге бөлініп ойнауды, дауыстарын құбылта отырып ертегіні сахналауды.

Мотивациялық-қозғаушылық 
Шаттық шеңбері:
Достарды біз қолдаймыз

Қиын шақта қорғаймыз,

Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз!

Үнтаспадан «Ертегілер» әні ақырын шығып тұрады. Ноутбуктан таныс ертегі суреттерінен слайд көрсетуді бастайды, әр суреттің қай ертегіден екенін табуды ұсынады.
Бәрі бірге айтады.
Қызығушылық танытады.
Суреттерге қарап, ертегі кейіпкерлерін тауып айтады.
Ұйымдастыру– іздестіру

-Жарайсыңдар, қаншама көп ертегі білетіндеріңді көрсеттіңдер. Бүгін тағы бір ертегімен танысамыз.

Өлең жолын оқиды:
Қар жауса да тоңбайды,
Қолыма кеп қонбайды.
Кіп-кішкентай сүйкімді, 
Аялаңдар…. 

-Дұрыс таптыңдар, бүгінгі тыңдайтын ертегіміз торғай туралы.

Слайд  бойынша ертегі  мазмұны баяндалады.

-Ертегі не жайында?
-Ертегіде олардан басқа тағы қандай кейіпкерлер бар?
-Торғай шенгелге неге ренжіді?
-Ең бірінші кімге барды?
-Ең соңынан кімге барды?
Мұқият тыңдайды. Қызығушылық танытады. .

Қостілдік компонент: торғай -воробей, құйын- смерч

Сергіту сәті:
Видео бойынша.

Ертегіні сахналау . 
Балалардың диалогты сөйлеуін, рөлге еніп, мәнерлеп сөйлеуін қадағалайды.
Тыныс алу жаттығуы: «Мен құйынмын»
Мен құйынмын, құйынмын,
Шаң тозаңды үйірдім.
Ү-ү-ү-ү-ф
Кездескеннің барлығын
Ұшырамын деп шүйілдім.
Ү-ү-ү-ү-ф
Өлең жолын тәрбиеші айтады, әр екі жол сайын балалар тыныс алу жаттығуын жасайды.
Дидактикалық ойын: Жұмбағымды шеш.Кейіпкерлерді

сипаттауға үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің суретін теріс қаратып, үстел үстіне жайып қояды. Балаларға бір суретті алып оны сипаттау керектігін, басқа балалар оның қай кейіпкер екенін табу керектігін түсіндіреді.
Бір бала келіп үстел үстіне суретті алып, ертегі кейіпкерін суреттейді: Бұл-үй жануары. Сақалы бар, ылғи секеңдеп жүреді. .
Ойлануға жетелеу.
Қалай ойлайсыңдар, біреуінің жібі желге ұшып, біреулері қорқып, ертегі кейіпкерлері неге сонша әуреге түсті?
-Қара торғай ұқсап елдің мазасын алуға бола ма?
Балалардын жауаптарын тыңдайды, мақұлдайды, бағыт береледі. .
Рефлексивті–түзетушілік
-Бүгін біз не туралы әңгімелестік?
-Қандай ертегі айттық?
«Жүректен жүрекке» шеңбері
-Балалар! Өзіміздің шуақты «Жүректен – жүрекке» шеңберіне тұрайықшы. Бір-бірімізді құшақтап, достығымыз үшін, қуаныш сыйлағанымыз үшін,  бүгінгі күн үшін алғыс айтайық.
Кіп-кішкентай баламын
Жақсы адам боламын.
Достарға кең жүрегім:
«Мен сендерді сүйемін!».

Шеңберге тұрып, бәрі бірге айтады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *