Компьютердің пайдасы мен зияны

Мукушева Гулшат Бактыгалиевна

Сілтемелер: Күнтізбелік жоспар, оқулық, қосымша материалдар
Мақсаттары: Қазақ тіліндегі нақты хабарламалар арқылы оқушыларға компьютердің пайдасы мен зияны туралы түсінік беру.Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып,тілдесім әрекетіне жетелеу.

Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,  сөздік қорларын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

Тілдік қатынас барысында оқушыларға рухани-мәдени тәрбие беру.

күтілетін

нәтижелер:

Компьютердің пайдасы мен зияны  тақырыбы төңірегінде сөйлей білу.Тақырып бойынша сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемде қолдана білу. Бір-бірін оқу үрдісіне қатыстырып, табысты оқуға жетелеу.
Оқыту әдістері: Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ- жауап «жүректен жүрекке» тренингі, «INSERT» әдісі, постер қорғау, «бес жолды тұжырым» әдісі, «Еттартқыш, қоқыс, чемодан»
СТО стратегиялары Мұғалімнің іс -әрекеттері Оқушының іс-әрекеттері
 

«Жүректен жүрекке»

Оқушыларды сабаққа ынталандыру, жағымды психологиялық  ахуал тудыру мақсатында  «жүректен жүрекке» тренингін  өткізеді.

Оқушыларға компьютер суреті бар  пішіндер таратылады.

«Жүректен жүрекке» тренингі арқылы оқушылар бір-біріне тілек айтады. (Үздік оқушы бол! Ақылды бол! Дарынды бол!) оқушылар

Оқушылар пішіндерді құрастырып, пішіндердің  суреті бойынша екі топқа бөлінеді.

«Мағынаны тану» Топтарға тапсырма береді.

Екі топ(бірі компьютердің пайдалы жағы, екіншісі зияны жағына постер шығарыды)

   Постерлерін қорғау пікірсайыс элементтерін қолдану арқылы өтеді:қай топтың аргументтері көптеу болса, сол топ жеңіп шығады.
Сергіту сәті Оқушылар тақтаға қарап, жаттығулар жасайды, қайталатады.
  Жазылым

Дұрыс сауатты жазуға және мәтін мазмұнын бекіту мақсатында 9 тапсырманы орындатады.

Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің аудармасын дәптерлеріне жазады, кестені толтырады.

Өзара дәптер алмасып, бір –бірінің жұмысын бағалайды.Тексеруде қиындықтар туған жағдайда кілттері ұсынылады.

Ой толғау  «Бес жолды тұжырым» арқылы сабақтың тақырыбы бекітіледі. Әр топ өз бағытында(пайдасы мен зияны тұрғысынан)тұжырым жасайды. 1топ –пайдасы туралы қорытынды жасайды.

2топ-зияны  туралы қорытынды жасайды.

Кері байланыс «Еттартқыш, қоқыс, чемодан» тәсілі арқылы сабақтан туындаған сұрақтарын, алған жаңа ақпаратын және қажетсіз деген ойларын әр суреттің астына белгілейді. Тақтадағы суреттерге өз ойларын стикерлерге жазып жапсырады.
Бағалау Формативті бағалау, Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды. «Жеке әңгіме» техникасы арқылы бағаланады.

 

  Үйге тапсырма Мәтінді қайталап оқып, 6 тапсырманы орындау.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *