Жеңіл ақыл-ой кемістігі және мектептегі диагностикалық жұмыстар
Баубекова Гульнур Жумабековна
Мақсаты: Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балалармен диагностикалық жұмыстар жүргізе отырып ,есте сақтауын,ойлау қабілетін ,зейіндерін арттыру мақсатында жұмыстану.
Түрі: Мұғалімдерге кеңес
Жеңіл ақыл –ой кемістігі бар балаларды үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топ- кішімектеп жасындағы балалар жатады, оларға ең алдымен өз –өзіне қызмет көрсету мен мектептегі бейімделу, өзіне бағытталған тілді түсінуге, қарапайым нұсқауларды түсінуге, мінез-құлық ережесін сақтауға үйретуге бағытталған түзету –дамыту жұмыстары жүргізіледі.
Екінші топ- орта мектеп жасындағы балалар , оларға ең алдымен топта дербесттікке бейімделуге, ауызша сөйлеу тілін ,таным әреккеттерін, қарым қатынас ерекшеліктерін дамытуға, қорқыныштарды жеңе білуге үйретуге бағытталған түзету-дамыту жүргізіледі.
Үшінші топ- жоғары мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру, эмоционалдық –еріктік саласын қалыптастыру, әлеумметтік ортадағы мінез –құлқын реттеуге арналған мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізіледі.
- Бірінші топқа жататын 7-10 жасқа дейінгі кіші мектеп жасындағы балаға арналған диагностика:
Түсті қабылдауды зерттеу.
Мақсаты: негізгі түстер туралы білімін анықтау.
Көрнекілігі: түрлі –түсті гүлдер мен көбелектер суреті
Нұсқаулық: көбелектерді сәйкес түсті гүлдердің үстіне қой.
Нәтижелерді өңдеу және талдау:
- Орташа деңгейі 4-5 ұпай барлық түсті атай алды және сәйкес түсті тапты, қызығушылықпен жұмыс істеді;
- Ортадан төмен деңгей -3-2 ұпай, жай жұмыстанады, сәйкес түсті табады,барлық түсті атай алмады;
- Төмен деңгей- 1-0 ұпай, қызығушылық танытпайды, сәйкес түсті табады, барлық түсті атай алмайды.
- Екінші топ 11-14 жас аралығындағы орта мектеп жасындағы балаларға арналған диагностика:
Зейін
«Айырмашылықты тап» әдістемесі.
Мақсаты: зейін тұрақтылығы мен шоғырлануын және бақылағыштықты анықтау
Құрал-жабдықтар: суреттер
Нұсқау: Оқушыларға 10 айырмашылығы бар суреттер беріледі, бала табуы тиіс.
Нәтижелерді өңдеу және талдау:
- Орташа деңгейі -6-7 айрмашылығын таба алады -5 ұпай
- Төмен орта- 5-4 айырмашылығын таба алды- 4 ұпай.
- Төмен деңгейі-1-2 айырмашылылық -2 ұпай
- Үшінші топ 15-тен 17 жасқа дейінгі жоғары мектеп жасындағы балаларға арналған диагностика:
Ойлау
«Логикалық ойлауды дамыту» әдістемесі.
Мақсаты: Логикалық ойлау жылдамдығын анықтау
Құрал –жабдықтар: карточкалар, сандар.
Нұсқау: Мұғалім тапсырманы оқиды және оны орындауын сұрайды.
Мысал тапсырма: 3,5,8,17 сандарының алдында тұрған сандарды ата.
2 және 4,5 және 7 сандарының арасында тұрған сандарды ата.
5-тен 9,10 және 3-ке дейін, 17-ден 20 дейінгі сандарды ата.
5(12,16) сандарынан 1 еуі аз санды ата.
18 саны 14 санынан қаншалықты көп? 16 саны 19 санынан қаншалықты аз? 13 санынан 5еуі көп қандай сан? 8 ден 5 еуі қандай сан?