Тіл аса қадірлі ұстайтын байлығымыз
Буйрабасова Нурджемал Кобеновна
Мақсаты: – Оқушылардың өз еліне мақтанышын, шығармашылық
қабілетін дамыту.
Міндеттері:- Оқушыларды елін сүюге, бағалауға тәрбиелеу.
Әдістері: Әңгімелесу, релаксация, пікірталас, интерактивтік,рефлексия.
Шаттық шеңбері:
– Сәлеметсіңдер ме оқушылар? Бүгін мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Бәріміз ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық.
Оқушылар «Өз елім» әнін үнтаспадан тыңдап қосылып айтады.
Дәйексөз:
«Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас».
Осы мақалды қалай түсінесіңдер?
Ой қозғау (сұрақ-жауап)
Мұғалім: – Балалар, біз қандай елде тұрамыз?
1-оқушы: Қазақстан Республикасы-демократиялық, зиялы және біртұтас мемлекет.
Мұғалім: Қазақстандағы мемлекеттік тіл қай тіл?
2-оқушы: Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім;
Туған тілім –анам тілі – өз тілім;
Туған тілім –данам тілі – өз тілім;
Туған тілім –адам тілі – өз тілім;
Мұғалім: Неге біздің мемлекетті «Тәуелсіз мемлекет» деп атаймыз?
3-оқушы: Тәуелсіздік деп соққан ел жүрегі
Көптен күткен қабыл боп ел тілегі
Отау тігіп оңаша ер қазағым
Көк байрағым тағы да желбіреді.
Мұғалім: Ата Заңымыз қашан қабылданды?
4-оқушы: 1993 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
Көк туым, көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен
Арманым Ата Заңым қабылданып.
Мұғалім: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық бағдарламасы туралы не білесіздер?
4-оқушы: Мен туған Республикамды Қазақстанды жанымдай жақсы көремін. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіреді және өзге дамушы елдер үшін үлгі болатынына сенемін деген сөзін оқығанда бойымды мақтаныш сезімі биледі.
(Президент, Ту, Елтаңба, Ән ұран. Слайд)
Шығармашылық тапсырма:
– Ендеше балалар, «Тіл аса қадірлі ұстайтын байлығымыз» тақырыбында эссе жазайық. (музыка қою)
Ойын: Топтар кезектесіп сыр сандықтан аяқталмаған мақалдар алады.
Мақалды жалғастыр:
Кісі елінде сұлтан болғанша,…
Туған жерге…
Туған жердей жер болмас,…
Отансыз адам – …
Отан оттан да ыстық,…
Ел ұлтсыз болмас,…
Өз елімнің басы болмасам да,…
Отан оттан…
Отан үшін …
Жақсы балалар
Жағдаятты талдау:
Рефлексия: – Бүгін сабақта не туралы әңгімелестік?
Жүректен жүрекке: Еліміздің іргесі тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгілік болу үшін жастар біздің бойымыздан қандай қасиеттер табылу керек? Қолдарыңдағы жүрекшелерге жазайық, Жүректен жүрекке тақтасына ілейік.
Кері қайту