Маңғыстауды мекендейтін жәндіктер
Таджикулова Гулайым Нурдаулетовна
Мақсаты: Жәндіктер, оларға тән сипаттық үлгідегі, мінез-құлықтары, тіршілік ету ортасы туралы түсінігін кеңейту. Қоршаған ортаның сұлулығы мен жәндіктер әлеміне деген қамқорлық қарым-қатынасқа байланысты мейірімділік, құштарлық сезімдерін ояту.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгіме, түсіндіру, ойын, көрсету, жұмбақ.
Сөздік жұмыс: Илеу, омарта.
Көрнекі құралдар: Жәндіктер суреттері, араның үйі омарта, құмырсқа илеуі т.б
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық | Шаттық шеңбері:
Алақай-ау, алақай! Жарқыраған жаз келді, Өлкемізге нәр берді. Айналамыз жап-жасыл, Жазбен бірге ән келді.
|
Шаттық шеңберіне тұрады. |
Іздену – ұйымдастырушы
|
Жұмбақтар:
Гүлдерге қонады Шырынын сорады Түр – түсі сары – ала Бұл не?
Қылдай белі бүгілген Өзіненде жүгі үлкен. Ол не? Әңгіме: Балалар, біздің Маңғыстау өлкемізде көптеген жәндіктер тіршілік етеді. Оларға – құмырсқа, көбелек, ара, жатады. Олардың аяқтары, басы, мұртшалары, денесі және іші бар. Олардың аяқтарынның саны 2, 4, 6 болады. Олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Олардың үйі бар, олар қоректенеді, демалады, балалары бар, оларға қамқор болып, аялау керек. Жәндіктерден көп нәрсе үйренуге болады, олар бір-біріне көмектеседі, ұрыспайды – төбелеспейді, әрқайсысы өз міндетін атқарады және олар өте еңбекқор. Құмырсқа – өте еңбекқор жәндік, үйі илеу, топтасып өмір сүреді. Көбелек әдемі жәндік, біз оған сүйсіне қараймыз. Көбелек гүлдердің шырынымен қоректенеді. Ара – жәндік, оның үйін омарта дейміз. Аралар еңбекқор және пайдалы жәндік. Балалар өлкеміздің жәндіктерін қорғап, құрметпен қарауымыз керек. Сергіту сәті: Аралармыз ұшамыз, Гүлден балды жинаймыз. Қорбаңдаған аю келсе, Балымызды қорғаймыз. Өлеңдер жаттату. Көбелек Мен – көбелек, көбелек, Қанатым менің дөңгелек. Жайнап тұрған ауладағы, Гүлдерімді көре кет. Ара Мен – арамын, арамын, Гүлдерден балды жинаймын. Қорбаңдаған аюдан, Балымды қорғаймын. «Қиынды суреттер» ойыны Шарты: Араның, көбелектің, құмырсқаның суреттері 2, 3, 4 бөлікке қиылған. Балалар қиындылардан жәндіктердің суретін құрастырады.
|
(Ара)
(Құмырсқа)
Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.
Сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.
Қиындылардан жәндіктердің суретін құрастырады.
|
Рефлексті – коррекцялаушы | Ұйымдастырылған оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. Балаларды мадақтау. | Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Жұмбақты шеше білуі керек.
Болуы керек: Қиындылардан жәндіктерді құрастыруды игереді.
Қолынан келуі керек: Жәндіктер туралы білді.