Шөл өсімдіктері мен жануарлары

Калдыгарина Жайнагул Ильясовна

Мақсаты: Шөл өсімдіктері мен жануарлары жайлы түсіндіру. Теориялық ойлауын, сөздік қорын, табиғат құбылыстарының ұқсас болатыны, ерекшелігі туралы ойын дамыту.
Табиғатқа жанашыр, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: суреттер, энциклопедия
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ – жауап, талдау, жинақтау
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Білімді тексеру кезеңі:
1. Сұрақтарға жауап алу.
– Шалғынды аймақ пен далалы жердің өсімдіктері мен жануарлары тіршілігіндегі ұқсастық пен айырмашылық туралы не айта аласыңдар?
– Бөдене тіршілігі мен суыр тіршілігі жайлы не білеміз?
Оларды қорғаудың қандай маңызы бар?
ІІІ: Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Кіріспе:

– Шөл дала дегенде көз алдарыңа қандай дала елестейді?

– Шөл даланың өсімдіктері, жануарлары туралы не білесіңдер? Осы сұрақтарға жауап алғаннан жаңа сабақты түсіндіру.
Шөл — суға тапшы аймақ. Оның ауасы, топырағы құрғақ, өсімдіктері селдір, сирек болып келеді. Шөл — құмды, сортаңды, сазды, тақыр, тастақты шөлдерге ажыратылады. Құмды шөлдер жазықты жерлердің борпылдақ тау жыныстарының үстінде қалыптасады.
Оқулықпен жұмыс.

1-топ: Құмды шөлдер бөлігін оқу.

2-топ: Тақыр шөлдер бөлігін оқу.

3-топ: Сортаң шөлді оқу

4-топ: Шөлді жерлердің жануарларын оқу.
ІV. Сергіту сәті.

Топтық жұмыс:
1 – топ: Шөл өсімдіктерін «Менің алғашқы энциклопедиядағы» мәліметтерінен топтастыру.
2 – топ: Шөл жануарларын «Оқушының алғашқы энциклопедиясындағы» мәліметтерінен топтастыру.
3 – топ: Шөл және дала жануарларын сәйкестендіру.
4 – топ: Шөлге 5 жолды өлең құрастыру.

  1. Не? Шөл
  2. Қандай? сортаң, құрғақ.
  3. Өнеді, тіршілік етеді, өседі
  4. Шөл – суға тапшы аймақ.
  5. Сортаң жер
  6. Бекіту кезеңі:
    Тест.

    1. Шөлді жерді мекендейтін жануар
    а) қасқыр
    в) арқар
    с) кесіртке
    2. Дала өсімдігін ата.
    а) селеу
    в) жусан
    с) қарағай
    3. Улы өсімдікті белгіле.
    а) боз
    в) бетеге
    с) сарғалдақ
    4. Қайсысы артық?
    а) шалғынды, орманды
    в) дала, шөл
    с) қала, ауыл
    5. Күріш қай облыста өсіріледі?
    а) Батыс Қазақстан облысы
    в) Қызылорда облысы
    с) Талдықорған облысы
    VI. Рефлексия

Екі жұлдыз, бір тілек.

VIІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 65 – 68 – беттерді оқу, мазмұны.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *