ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІ-БАЛАЛАР ТЕАТРЫНДА

Қуат Жанар Балғалиқызы

Мектепке дейінгі шақ балалардың сезімдік тәжірибиесінің орасан молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың балаға тән түрлерін игеру, қиялдың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамаларының қалыптасу кезеңі болып табылады.Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды. Оның көркемдік талғамын, еліктеу мен қиялын дамытады.Өзінің көрерменімен әр бір жүздесуінде сахналық өнер қайта жаңарғандай болады және ешнәрсесімен теңдесі жоқ бірге күйзелу сезімін сыйлайды. Балабақша тәрбиеленуішілерді  тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде  сахна (театр)  ерекше рөл атқарады.Сахналандырылған ойындар, ойын-қимылдары болып саналады.Өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие,сондықтан балалар белгілі бір кейіпкерлерді ойнайды. Театр ойындары  арқылы  көрсетілетін әр-түрлі  іс-әрекеттер, қимыл- қозғалыстар балалардың бойында достық, адалдық, батылдық, жанашырлық  қасиеттерін  тәрбиелеуге  жағдай жасайды және әлемді тек ақылмен  ғана емес, жүрекпен де тани білуге  үйретеді.Әр түрлі  ертегілер балалардың   қызығушылықтарын  арттырады  және   олардың  тілдеріндамытады.Мектепке   дейінгі жас балалардың  қабілеттілігін, бейімділігін  және сондай-ақ тілінің  дамуына  өте оңтайлы  кезең. Мектеп жасына  дейінгі  балалардың  театрландырылған  іс-әрекеттерін  ұйымдастыру  балалар  шығармашылығын  және  білім  алудың   жаңа  қабілеттері  мен дағдыларды  үйренуге  жағдай жасаумен  қатар, балаға  өмірде  өзінің  тиісті  орнын  табуға  көмектеседі.өзін – өзі  көрсете  білуге ықпал жасайды.Балаларға таныс әдеби шығармалар мен ертегілердің үзінділерін драмалауға қатыстыру.Қол мен саусақты жаттықтыруға арналған ойындар мен ойыншықтарды қатыстырып шағын оқиғалар құрастыру.Өздері білетін ертегілерді драмалауға дағдыларын дамыту.Сөйлеу барысында дауыс ырғағы мен қарқынын қадағалап, кейіпкерлердің бейнесін, мінез-құлқын дұрыс жеткізуге жаттықтыру. Шығармалардың мазмұнын балалардың жеке тәжірибелерімен, олардың күнделікті өмірі мен қоршаған ортасымен сәйкестендіру дағдылырын дамыту.Халық ауыз әдебиеті шығармалары мен балалар әдебиетіне қызығушылығын арттыру.Сөздің дыбысталу жағын жүйелі түрде дамыту.Сөздің мәнін түсіну үшін балаларды өзара ертегі әңгіме

 

желісіндегі сөйлеу интонациясын үлкендердің көмегімен айтуға үйрету.
Білім мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандарының алдында жан – жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді, білікті, саналы болуында ойынның алатын орны ерекше.Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар: олар үшін ойын – оқу, олар үшін ойын – еңбек, олар үшін ойын – тәрбиенің маңызды түрі. Ойын – баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын – баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойынның түрлері көп, қазақ тілін үйретуде театрландырылған ойындардың маңызы зор. Театрлық іс – әрекетте ертегілерді пайдалана отырып баланың ой – өрісін дамыту, сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз. Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын оятамыз. Көріністерді өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілігін арттырамыз. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда  баланың жан – жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан – жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады.Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады.. Ал, театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды. Театрландырылған ойындар рөлдік ойындардың тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған
.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *