Бауырсақ ертегісiне саяхат
Тәрбиеші: Серікқызы Самал.
Білімділік міндеті: денсаулық деген не? Оны қалай сақтау керектігі жайлы білімдерін кеңейту.Денсаулықтарына қамқорлықпен қарауға, оған күтім жасау қажеттігін саналарына құю.
Дамытушылық міндеті: Сөздік қорларын молайту, дыбыстық, сөздік, тілдік ойын әрекеттері арқылы тілдерін дамыту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін, зейінін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: жануарларға деген қамқорлық , жанашырлық сезімдерін ояту. Ұжымда тату тәтті болуға, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу. Балаларға жағымды көңіл-күй сыйлау.
Керекті құралдар: интерактивті тақта, жемістердің суреттері, жапырақтар
Тілдің үштұғырлығы: денсаулық-здоровье -health , жаттығу – зарядка-charging , дәрумен – витамин –vitamins, жемістер- фрукты -fruits, көкеніс-овощ-vegetables, алма- яблоко – an apple , жүзім- виноград – grape.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Тәрбиешінің
іс-әрекеті |
Балалардың
іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Балалар топқа кіреді
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! -Балалар бізге бүгін электронды хат келіпті. Оның кімнен келгенін білейік. Балалар мынау не? -Бауырсақтан хабарлама келіпті. Ол аюдан адасып кетіпті, аюды іздеуге шығыпты. Апаны іздеп жүргенде алдынан морж ата шығыпты. Ол апасын табуға көмектесетінін айтыпты бірақ оның Бауырсаққа тапсырмасы бар екен. Бауырсақ тапсырманы орындауға қиналып тұр екен. Не істейміз? -жақсы балалар бауырсаққа тапсырмаларды орындауға көмектесейік. Балалар бұл жерде апта күндерінің тапсырмасы екен.
|
Балалар келген қонақтармен
Өлең жолдарын айтып 3 тілде сәлемдеседі Балалар шаттық шеңберге тұрып, бір- біріне жылу сыйлайды. Балалардың назары интерактивті тақтаға ауады.
-Бауырақ
Балалар Бауырсақтың хабарламасын тыңдайды
-оған көмектесейік |
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Балалар біз морж атаның тапсырмасын осы жерде отырып орындауымызға мүмкіндік бар, біз оны электронды түрде жіберіп отырамыз
-Ал енді тапсырмаларын көрейік . -бір аптада неше күн бар? -аптаның бірінші күні қалай аталады? Дүйсенбі күнінің тапсырмасын көрейік 1тапсырма Жуынып жатқан баланың суреті шығады. -таза жүру деген не? Ойын кім зейінді» тәрбиеші дене мүшелерін атайды. Балалар тез көрсетулері қажет.Тәрбиеші оларды шатастыруға тырысады. Ойын «тазалық заттарын тап» 2 тапсырма Спортпен шұғылданып жатқан бала суреті. Ойын «артығын ата»жазғы ,қысқы ойын түрлері араласып тұрады? Ойын «қай ойынға қажетті зат?» -спортпен шұғылдану деген не? Cаусақ жаттығуы «саусақ жаттығуы» 3тапсырма Сергіту сәті: «Тазалық біздің досымыз» Дидактикалық ойын « дұрыс-бұрыс» 4тапсырма Қысқы киімдер Дидактикалық ойын «мен білемін» -денсаулық мықты болу үшін не істеу керек? Санамақ «киімдер» 5 тапсырма Пайдалы тағамдардың суреттері шығады Тәрбиеші балаларды пайдалы тағамдарды алу үшін дүкенге аттануға шақырады. Қимылды ойын «ұшақ» 6 тапсырма Желілі-рөлді ойын «дүкен» Тәрбиеші балалардан тапсырманы орнында отырып орындауларын сұрайды Морж атаның тапсырмалары бітеді Бауырсақ балаларға рахмет айтады Ол қасқырдан өзінің себетін қайтарып алады.Бауырсақ апасы мен қауышады.
|
Балалар таңдана қарайды. Балалар келіседі.
-7 күн -дүйсенбі
-тісімізді жуу, жуынып жүру, киімді таза ұстау Балалар тазалық заттарын қарындашпен қоршайды.
Қысқы спорт түрлерін атайды.
Балалар спорттық ойындарды атайды.
Коньки, шаңғы, доп, шайба т.б. заттар суреті.
Қысқы киімдерді атайды
Балалар бой жазады -пайдалы тағамдар жеу керек -ет, балық, сүт тағамдары, жемістер, көкеністер Балалар 1,2,3-тен топтасып дүкенге ұшақпен барады
Балалар орындарында отырып, 2 түрлі себетке пайдалы, пайдасыз тағамдардың суреттерін себетке сызықтар арқылы қосады.
Балалар бауырсақтың апасымен тапқанына қуанады |
Рефлексивті – түзетуші | Бізге балалар кімнен хабарлама келді?
-оған не болыпты? -бізден қандай көмек сұрады? -сендер көмек көрсете алдыңдар ма? -қалай көмектестік? -оқу іс-әрекетінде кімге не ұнады? Тәрбиеші балаларды мадақтайды.
|
– Бауырсақтан
-ол апасынан адасыпты -тапсырмаларды орындауға -көмектесе алдық -тапсырмаларды орындадық Балалардың жауабы Мадақтауға ие болады. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: қыс мезгілі жайлы білімдерін бекіту,денсаулықтарын сақтай білу
Істей білуі керек: сұрақтарға дұрыс толық жауаптар беру